Жайлы мектептерге арналған жиһаздың 95%-ы отандық өнім өндірушілерден сатып алынбақ

16397

Forbes.kz сайтында жария етілген «Кәсіпкерлер жаңа мектептерді отандық жиһазбен жабдықтауды ұсынады» атты мақалаға орай «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының операторы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өз пікірін болдірді

ФОТО: Depositphotos/Syda_Productions

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан әлеуетті жеткізушілерге өте жоғары талаптар қойылатыны туралы бірнеше рет мәлім етілді, өйткені ұлттық жобада құрылыс сапасына, ашық таңдау мен қоғамдық бақылауға баса мән берілген. Сәйкесінше, тендерге қатысты барлық шарттар осы қағидаттар негізінде әзірленді. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында аталған жобаға тек ірі құрылыс және жобалау ұйымдары ғана қатыса алады, ал нарықтағы шағын компаниялар үшін бұл шарттар орындауға оңай емес дегендей материалдар жария етілді. Алайда, SK Construction мұндай мәлімдеулермен келіспейді.

Конкурсқа қатысу шарттары барлық ойыншылар үшін бірдей. Жеңіске жету үшін әлеуетті жеткізуші мектептің жалпы сомасының 50%-ын банктік кепілдік ретінде ұсынуы керек. Мысалға, нысанның құны 9 млрд теңге болса, мердігердің банк шотында 4,5 млрд теңге бос ақшасы болуы болуы керек, - дейді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.

Мәулен Айманбетов
Мәулен Айманбетов

 Осылайша, тапсырыс беруші жоспардағы мектеп белгіленген уақытта салынып, барлық талаптарға сай болады деген кепілдік алады. Басқаша айтқанда, бұл қосымша қауіпсіздік кепілі деуге болады. Мұндай шешім өткен жылдардың тәжірибесі негізінде қабылданды. Кезінде құрылыс нысандары бойынша жарияланған тендерлерді нормаға сай келмейтін жалған компаниялар ұтып алып, құрылыс материалдарын «үнемдеп», ақыр соңында түпкілікті тұтынушы – қазақстандықтардың орынды наразылығын тудырған жағдайлар баршамызға белгілі.

Айта кетейік, аталған жобаны жүзеге асыруға 2,6 трлн теңге бөлінген, яғни 401 жайлы мектеп үшін.

-Олар өз атына сай болуы керек. Мектептер толыққанды етіп тапсырылуы тиіс, яғни құрылыс та, жабдықтау да тендерді ұтып алған жеткізуші тарапынан жасалып, орындалады. Мысалға, жиһаз, сантехника, интерактивті жабдықты жеткізу және т.б. үшін бөлек лоттар болмайды. Осылайша, сатып алуға қатысушылар консорциумдарға бірігеді. Ашықтық, айқындық мәселесіне келетін болсақ, сатып алулар түгелдей онлайн платформада жүзеге асырылады, - деп қосады Мәулен Айманбетов. – Байқау комиссияларының құрамына SK Construction өкілдері ғана емес, сонымен қатар Кәсіпкерлер палатасының, әкімдіктердің, «Самұрық-Қазына» қорының қоғамдық кеңестері мен Білім министрлігінің тәуелсіз сарапшылары кірді. Ал мониторинг бойынша ақпараттық платформа оларға нақты уақыт режимінде құрылыстың барлық кезеңдерін ашық бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстандық қамту туралы

Айтқандай, кейбір сарапшылардың бұл жобаға отандық тауар өндірушілердің қатысуына мүмкіндік берілмей жатыр дегендей уәжі шындыққа жанаспайды. Жобаның тұжырымдамасы бойынша жергілікті қамту үлесі 70–80%-ды құрайтынын компания бұған дейін бірнеше рет мәлім еткен болатын.

-Жоспар бойынша, жайлы мектептерде қолданылатын жиһаздың 95%-ы, құрал-жабдық пен мүкәммалдың 60%-ы, құрылыс материалдарының 65%-ы отандық өндірушілерден сатып алынады. Сондай-ақ, жаңа мектептерді технологиялық жарақтандыру құнының 70%-ын отандық өндіріске бағыттау жоспарланып отыр. Жоба операторы болып табылатын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқармасының төрағасы ретінде мен: ұлттық жоба аясында қандай да бір шетелдік жеткізушілерді лоббилеу мүмкін емес деп сеніммен айта аламын, - дейді Мәулен Айманбетов. – Жоба бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, сондықтан да компания жергілікті қамтуға ерекше мән береді. Тек қазақстандық өнім болмаған жағдайда ғана шетелдік өнім сатып алуға көңіл бөлінеді.

Бұл арада көптеген мәселе отандық компаниялардың өздеріне және олардың қалауына тікелей байланысты. Бұған дейін «Қазақстанның жиһаз өндірушілері гильдиясынан» Игорь Проценко жаңа мектептерге жеткізілуі тиіс жиһаздың көлемі еліміздегі барлық жиһаз өндірушілердің бір жылдағы өндірістік қуатынан үш есе көп екенін айтқан болатын. Сондықтан да жаңа жиһаз жасауға қазірден бастап кірісу керек. 401 жаңа мектептің жиһазға деген қажеттілігі 1,5 млн бірлікті құрайды. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бұл қажеттілікті толығымен қазақстандық кәсіпорындардың жабуына бірінші кезекте мүдделі.

Компания қазақстандық жиһаз өндірушілердің мүмкіндіктерін зерттей келе, отандық кәсіпорындар корпустық жиһаз бен кеңсе жиһазына деген қажеттілікті толықтай қамтамасыз ете алады деген сенімде. Оқушыларға арналған жиһаз бен жұмсақ жиһазға келетін болсақ, бұл арада отандық өнім өндірушілер жабдықтау талаптарын сақтауы тиіс.

-Бізде оқу орындарын жасақтауға қатысты нақты талаптар бар. Олар BINOM және «НЗМ» сынды заманауи мектептердің стандарттары бойынша әзірленген. Егер оттандық өнім өндірушілер өз өндірістерін белгіленген талаптарға сай ретке келтіретін болса, онда олар жоғарыда айтылған қажеттіліктерді жаба алады деп сеніммен айтуға болады, -деп қосады Мәулен Айманбетов.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшысының айтуынша, жалпы құрылыс аясында алғанда, жобалау бойынша техникалық тапсырма шетелдік материалдарға тіреліп тұрған жоқ.

-Мысалға, бүгінде бизнес қауымдастық арасында қызу талқыланып жатқан талшықты цемент панельдері өз елімізде де шығарылады. Қазақстанда мұндай кәсіпорындар бар. Біз он жылдан астам табысты жұмыс істеп келе жатқан компанияларды бұған дейін де мысал еттік. Олар жайлы мектептердің құрылысында пайдалануға болатын сапалы да сенімді қаптама панельдер шығарады, - дейді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқармасының төрағасы.

Айтпақшы, мектептердің қасбетіне қатысты мәселеде талшықты цемент панельдерін таңдау кездейсоқтық емес. Бұл материал арзандау болғанымен, сапа жағынан қымбат материалдардан кем емес. Мысал келтіре кетсек: 2000 оқушыға арналған бір жайлы мектептің орташа ауданы 11 000  шаршы метрден сәл асады. Травертиннің бағасы бір шаршы метрі үшін 40 000 теңге немесе бүкіл нысан бойынша 445 млн теңге. Граниттің шаршы метрі 37 000 теңге тұрады, яғни 2 мың оқушыға арналған мектепті осы материалмен қаптау бюджетке 411 млн теңгеге түседі. Талшықты цемент панеліне келетін болсақ, оның құны 1 м² үшін 23 мың теңгеден сәл төмен. Сәйкесінше, бір мектептің қасбетін орнатуға 252 млн теңге жұмсалады.  

-Оның сыртында, бұл материал ғимараттарды пайдалану барысындағы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, яғни ол біздің балаларымыз оқитын мектептердің құрылысында, жобалау процесінде өте маңызды рөл атқарады деген сөз, - деп түйіндейді өз пікірін Мәулен Айманбетов.

Әрине, дәл қазір көптеген мәселелер әлі де талқыланып жатыр. «Samruk-Kazyna Construction»  АҚ барлық ұсыныстарды тыңдап, сарапқа салуға әзір. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру – елімізде мектеп салу бойынша жаңа стандарттарды белгілеп отыр. SK Construction қазақстандық компаниялардың осы жаңа стандарттарға сай болуына мүдделі.

«Samruk-Kazyna Construction»

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Как сеть клиник «Diaverum Казахстан» за восемь лет выросла в шесть раз »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Как заработать на козах

Смотреть на Youtube

Галим Хусаинов: санкции, Kaspi, исход российских банков, прощение кредитов

Смотреть на Youtube

Диагноз казахстанской экономике

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить