Күніне бір миллиардер

8212

Биыл Forbes жаңа миллиардерлердің рекордтық санын – 493, немесе шамамен әр 17 сағат сайын миллиардтаған дәулеттің бір жаңа иесін тіркеп отырды. Олардың 40%-дан астамы Қытайда, 205-і – АҚШ-та пайда болды. Бұл – байлыққа жету жолында тиімділігін дәлелдеген ІPO, SPAC-компаниялар, криптовалюталар мен COVID-19 вирусына қарсы күреске қатысы бар медициналық қызметтер.

IPO

Өткен жылғы наурыздың ортасынан бастап IPO (SPAC-компанияларды қоса алғанда) барысында бүкіл әлемде шамамен $314 млрд тартылды. Биржаға шығудың жартысынан көбі АҚШ-та болды, онда $277 млрд жиналды. Біз төменде қысқаша баяндайтын ондаған миллиардер ең дәулеттілер тізіміне дәл осы IPO-ның арқасында кірді.

ФОТО: © Jamel Toppin for Forbes

Уитни Вульф Херд
$1,3 млрд • Танысуға арналған қосымша • АҚШ

31 жасар Вульф Херд ақпанда, танысу барысында әйелдерге жетекші рөлді берген танысуға арналған Bumble қосымшасының IPO-сын өткізді. Нәтижесінде ол капиталын өзі тапқан әлемдегі ең жас миллиардер болды. Компанияның көрсеткіштері таңғаларлық: $582 млн мөлшеріндегі табыс, 150 елдегі 42 млн қолданушы.
Херд танысуға арналған өте танымал Tinder қосымшасының негізін қалаушылардың бірі болған. Ол оқиғаның соңы сәтті аяқталмады: ақырында ол Tinder-ге сексуалды құқық бұзушылық туралы талап арыз берді. 2014 жылы іс бейбіт келісіммен реттелді.
Badoo танысу сайтының орыс негізін қалаушы Андрей Андреев, Хердке $10 млн мөлшеріндегі инвестиция мен Badoo инфрақұрылымын қоса ұсынады, соның арқасында 2014 жылы Bumble іске қосылды. Forbes-тың тексерісі Badoo-дың Лондондағы офистеріндегі төзуге болмайтын жұмыс жағдайын ашқан соң төрт айдан кейін, Андреев Blackstone инвестициялық фирмасындағы үлесін 2019 жылдың соңында сатып жіберді. Badoo барлық кінәні жоққа шығарды.

Пань Дун
$8,3 млрд • Тұтыну тауарлары • Канада

Биыл рейтингімізді толықтырған әйелдердің аса дәулеттісі, кір жуатын құралдарды өндіретін Blue Moon Group Holdings-тің директорлар кеңесін басқарады. Холдинг акциялары желтоқсанда Гонконг қор биржасының бағалы қағаздары тізіміне енгізілді. Оның жұбайы Ло Цюпин, компанияның бас директоры.

Вячеслав Ким
$3,3 млрд • Финтех • Қазақстан

Михаил Ломтадзе
$3,2 млрд • Финтех • Қазақстан/Грузия

Басқарма төрағасы Ломтадзе мен директорлар кеңесінің төрағасы Ким Kaspi-ді – электронды сауда алаңын, түрлі қызметтерге төлемдерді және мобильді банкингті біріктірген қосымшаға – шағын дара банктен Лондон биржасында листингіленетін компанияға айналдырды. Елдегі 18 миллион халықтың жартысы осы қосымшаны пайдаланады.

Пабло Легоррета
$2,9 млрд • Инвестициялар • АҚШ

Бұрынғы инвестициялық банкир, фармацевтикалық өнеркәсіптің болашақ табысына үміт артып, 1996 жылы Royalty Pharma жеке инвестициялық компаниясының негізін қалады. Маусымда компания NASDAQ-қа шықты.

Мэтт Молдинг
$2,9 млрд • Электронды коммерция • Ұлыбритания

Молдингке тиесілі The Hut Group сауда онлайн-империясы қыркүйекте Лондонда ашық саудаға шықты. Екі айдан кейін ол $1 млрд сомасындағы компанияның акциялары түріндегі директорлар кеңесі мақұлдаған бонусты алды.

Тони Сюй
$2,8 млрд • Тағам жеткізу • АҚШ

Сюй тағам жеткізу бойынша DoorDash компаниясының негізін қалаушылардың бірі және бас директоры. Компания акциялары желтоқсанда NYSE бағалы қағаздарының ресми тізіміне енді. АҚШ, Канада мен Австралияда жұмыс істейтін компания 390 000 мейрамханадан тағам жеткізу қызметін ұсынады.

Джаред Айзекман
$2,3 млрд • Төлем жүйелері • АҚШ

38 жасар Айзекман, ата-анасының үйіндегі жертөледе 19 жасында Shift4 Payments процессинг компаниясының негізін қалады, ал өткен жылы маусымда туындысын NYSE-ге шығарды. Айзекман хобби ретінде әскери жойғыш ұшақтарды, соның ішінде кеңестік МиГ-29-ды басқарады.

Пан Си-Хек
$2,3 млрд • Ойын-сауық • Оңтүстік Корея

Кең танымал K-pop бойзбенді BTS-ті ұсынатын Оңтүстік Кореялық музыкалық лейбл мен таланттармен жұмыс агенттігі Big Hit Entertainment-тің негізін қалаушы, қазанда компаниясын Корея қор биржасына шығарды.

Гун Инин
$2,1 млрд • Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар • Қытай

Гун Инин, денсаулық сақтау саласындағы сараптамалық қызметтерді ұсынатын Yidu Tech компания-
сының бас директоры, директорлар кеңесінің төрағасы және негізін қалаушы. Компанияның IPO-сы қаңтарда Гонконгта өтті.

Дэвид Хельгасон
$1 млрд • Бағдарламалық қамтамасыз ету • Исландия

2004 жылы Данияда Хельгасон бірнеше досымен бірге, видео-ойындарға арналған БҚ әзірлеуші – Unity Software компаниясының негізін қалады. Өзі 2014 жылға дейін компанияның бас директоры қыз-метін атқарды. Компания қыркүйекте акцияларын NYSE-да орналастырып, жария болды.

SPAC-компаниялар

Бүгінде мақсатты қосылу және қосу бойынша маманданған компаниялар, немесе SPAC-компаниялар – соңғы сән үлгісі. Соңғы жылда АҚШ-та 500-ден астам осындай «бос» компания жария болды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 7 еседей көп. Дегенмен,
арасындағы кейбірі ғана иелеріне миллиардтық дәулет әкеле алды.

ФОТО: © Jamel Toppin for Forbes

Остин Расселл
$2,4 млрд • Сенсорлар • АҚШ

26 жасар Расселл жас кезінде Ирвиндегі Калифорния университетінің жанындағы Лазер институтында ғылыми зерттеулермен айналысқан. 2012 жылы болашақ атақты миллиардер (айтпақшы, оның бойы 195 см-ге жуық) Стэнфордты тастап, лазер лидарларын (light detection and ranging сөздерінің акронимі, яғни «жарықтың көмегімен қашықтықты табу және анықтау») әзірлеумен айналысқан Luminar Technologies стартабының негізін қалайды. Бұған миллиардер және технологиялық компанияларға инвестор Питер Тильден алған $100 000 көлеміндегі стипендия айтарлықтай жағдай жасаған. Ол әзірлеген сенсорлар Volvo, Toyota және Mobileye (Intel) сияқты авто-өндірушілердің жүргізушісіз автокөліктеріне, айналадағы заттарға шағылысатын лазер сәулелерінің көмегімен 3D-форматта «көруге» мүмкіндік береді. Компанияның акциялары, 2020 жылы желтоқсанда Gores Metropoulos SPAC-компаниясына қосылу арқылы, NASDAQ-тың бағалы қағаздар тізіміне енді. Компанияның шамамен үштен біріне ие Расселл, бір түннің ішінде әлемдегі ең жас селфмейд-миллиардер болып шыға келді.

Мэт Исиба
$9,7 млрд • Ипотекалық кредит беру • АҚШ

Джастин Исиба
$3 млрд • Ипотекалық кредит беру • АҚШ

Ағайынды Исибалардың әкесі 1986 жылы ипотекалық компания ашқан. Мэт 2003 жылы отбасылық бизнеспен айналысуды бастайды. Жеке инвестициялармен айналысатын ағасы Джастинмен бірге, соңында United Wholesale Mortgage-тегі әкесінің үлесінің басым бөлігін сатып алады. Қаңтарда елдегі көлемі бойынша екінші ипотекалық кредит беру компаниясы UWM, Gores Holdings IV SPAC-компаниясымен бірікті. Мэт бас директордың лауазымын иеленді, Джастин директорлар кеңесінің құрамына кірді.

Эндрю Парадайз
$2,3 млрд • Мобильді құрылғыларға арналған ойындар • АҚШ

Парадайз 2012 жылы киберспортпен айналысатын Skillz компаниясының негізін қалаған. Компания әзірлеушілерге пасьянстар мен бинго сияқты ойындар бойынша күнделікті турнирлер өткізуге мобильді платформа ұсынады. Компанияның табысы ($230 млн) қолданушылардың кіру жарнасындағы үлес есебінен қалыптасады.

Уильям Фоули
$1,9 млрд • Қаржы қызметтері • АҚШ

Сақтандыру әлемінің бұрынғы шонжары SPAC-компаниялар серпілісінен қалай табыс табуға болатынын тез түсінді және қазіргі уақытта осындай алты компанияның демеушісі болды. Олардың екеуі жақында Alight Solutions бағдарламалық қамтамасыз ету жеткізушісімен және Paysafe электронды төлемдерді өңдеу платформасымен қосылу туралы жариялады. Мәмілелер, сәйкесінше 7 млрд және 9 млрд долларға бағаланып отыр.

Шалом Мекензи
$1,7 млрд • Спорт оқиғаларына бәс тігу • Израиль

Мекензиге тиесілі құмар ойындарына арналған технологиялар провайдері SBTech, DraftKings спорт іс-шараларына бәс тігу платформасымен қосылып, 2020 жылы сәуірде SPAC-компания арқылы биржаға шықты. Мекензи компанияның директорлар кеңесінің құрамына кіреді және 6%-дық үлесімен ірі акционерлерінің бірі болып қалып отыр.

Гита Гупта-Фискер
$1,6 млрд • Электромобильдер • Ұлыбритания

Хенрик Фискер
$1,6 млрд • Электромобильдер • АҚШ

Автомобильдердің атақты дизайнері Хенрик Фискер мен биотехнологиялар саласындағы доктор дәрежесінің иегері, жұбайы Гита, қазанда, электромобильдерді шығаратын, өздерінің аттас компаниясын биржаға шығарды. Бірінші үлгіні, орта көлемді, жол талғамайтын көлікті шығаруды іске қосу – 2022 жылдың соңына жоспарланған. .

Тревор Милтон
$1,4 млрд • Электромобильдер• АҚШ

Милтонның стартабы – сутекті отын элементтерімен жүретін жүк көліктерін өндіруші Nicola – 2020 жылы маусымда SPAC-компанияның көмегімен жария компания болды. Бағаны түсіруге ойнаған инвесторлардың бірі Милтонға Nicola пайдаланатын технологияларға қатысты алдады деген кінә таққан соң, қыркүйекте Милтон директорлар кеңесінің төрағасы лауазымынан кетті. Бұл АҚШ бағалы қағаздар комиссиясының тарапынан тексерістерге әкелді.

Чамат Палихапития
$1,2 млрд • Facebook, венчурлық инвестициялар • АҚШ

Венчурлық капиталист Палихапития, 2019 жылы ғарышқа туристік ұшулармен айналысатын Ричард Брэнсонның компаниясы Virgin Galactic-ті биржаға шығарғанда, SPAC-компаниялардың қарқынды толқынына жол ашты. Өткен жылы ол SPAC-компаниялардың көмегімен тағы екі фирманы: жылжымайтын мүлік саудалайтын Opendoor платформасы мен сақтандыру компаниясы Clover Health-ты сатып алды.

Қытай

Әлемдегі халық ең тығыз орналасқан ел миллиардтық капиталға ие адамдардың рекордтық санын мақтан тұта алады – 626 адам (бұл Гонконг пен Макаоны қоспағанда). Қытайдың қайнап жатқан қор нарығы 205 жаңа миллиардердің пайда болуына көмектесті, сонымен қатар олардың жартысы экономиканың технологиялық немесе өндіріс секторына жатады. Екеуінен басқасының бәрі дәулетін өздері тапқан. 11 миллиардермен танысайық.

ФОТО: © Jamel Toppin for Forbes

Кейт Ван
$5 млрд • Электронды сигареттер

Әлемдегі ең жас селфмейд-миллиардерлердің бірі 39 жасар Ван, қытайлық вейп өндіруші RLX Technology-ді басқарады. Колумбия университетінің бизнес-мектебін бітірген Ван, әкесін шылым шегуді қоюға үгіттеп жүргенде 2017 жылы компанияны құру идеясына қызығады. Ол Forbes-қа былай деген еді: «Сол кездегі вейптердің барлық түрін көрдім. Көпшілігі ештеңеге жарамайтын». RLX есептеріне сәйкес, 2020 жылдың алғашқы тоғыз айында сатылым көлемі 324 млн долларды құраған.
Қаңтарда, Ванның өзіне 20% тиесілі компания Нью-Йорк қор биржасына шықты. Наурыздың соңында, Қытай билігі электронды сигареттерге де кәдімгі темекі өнімдеріне қойылатын талаптар қолданылатыны туралы айтылған ережелердің жобасын жариялағанының аясында, небәрі үш күннің ішінде RLX акцияларының құны 54%-ға күрт түсті (бұл Forbes миллиардерлер тізімін жасау үшін есептерді аяқтаған соң болды).

Чэнь Чжипин
$15,9 млрд • Электронды сигареттер

Өткен жылғы шілдеде, вейпингке арналған құрылғылардың ірі өндірушісі Smoore International-дың негізін қалаушы Чэнь, компа-
ниясын Гонконг қор биржасына шығарды.

Ли Хуа
$7,1 млрд • Қаржы қызметтері

Tencent-тің алғашқы қызметкерлерінің бірі Ли, 2007 жылы интернетте берік орналасқан және бүгінде NASDAQ-та листингіленетін, Futu Holdings брокерлік фирмасының негізін қалады. Финтех саласындағы Робин Гуд, 12 млн адамға жуық клиенттерінің санын лайықты мақтан тұта алады.

Ван Цзюньлинь
$6,3 млрд • Алкогольді сусындар

Компанияларды қаржылық сауықтыру шебері, 2001 жылы өміршеңдік үшін күресіп жүрген, алкоголі күшті сусындарды өндіруші Sichuan Langjiu компаниясына қосылғанға дейін, мемлекетке тиесілі екі компанияны өмірге қайта әкелді. Бүгінде оның бизнесі жылына 40 000 тоннадан астам алкоголь өндіреді.

Ван Нин
$6,3 млрд • Ойыншықтар

Желтоқсанда Ван, барлық фигураларды, ішінде нақты не барын көруге мүмкіндік бермейтін қалың қораптарға орналастыратынымен танымал, өзіне тиесілі ойыншықтар өндірушісі Pop Mart-ты биржаға шығарды.

Цзянь Цзюнь
$5,6 млрд • Биомедициналық препараттар

Акциялары Шэньчжэнь қор биржасында саудаланатын Imeik Technology Development, филлерлер мен бетке арналған жіптер сияқты медициналық сипаттағы косметология тауарларын, сондай-ақ бет және мойын терісіне арналған маскалар шығарады.

Цао Жэньсянь
$5,3 млрд • Күн энергетикасы

Профессор Цао, Sungrow Power Supply компаниясын 1997 жылы ашқан. Компания өндіретін өнімді, күн панельдерінен алатын тұрақты токты электр желілеріне арналған ауыспалы токқа айналдыру үшін 150 ел пайдаланады.

Стивен Мэн Ян
$4,2 млрд • Электроника

Google-дың бұрынғы инженері, телефондарға арналған аккумуляторларымен, зарядтау құрылғыларымен және басқа ұқсас аксессуарларымен кеңінен танымал Amazon-дағы сатушы – Anker Innovations Technology-дің негізін қалаушы болды.

Лю Фан-И
$4,2 млрд • Медициналық жабдық

Бетперде мен қолғаптар сияқты медициналық шығыс материалдарын өндіретін Intco Medical Technology компаниясы акцияларының құны, пандемияның арқасында өткен жылы 650%-ға шарықтап кеткен.

Ли Сян
$4 млрд • Электромобильдер

39 жасар бизнесмен, өткен жылы шілдеде NASDAQ-қа алғаш шыққан Li Auto стартабын іске қосып, экологиялық таза көлік құралдарын шығарумен айналысуды ұйғарғанға дейін, қазір NYSE-да листингіленетін, электромобильдерді сату жөніндегі Autohome дилерлік компаниясын ашқан.

Цзинь Баофан
$3,9 млрд • Күн панельдері

Цзинь – 135 ел мен өңірдегі 33 000 клиентке қызмет көрсететін, пекиндік JA Solar күн панельдерін өндірушінің негізін қалаушы және директорлар кеңесінің басшысы.

Криптовалюталар

Криптовалюталардың кезекті өсуі (2020 наурыздан биткоин 800%, ал Ripple-дің XRP – 200% жинады) келесі тоғыз жаңа миллиардерді біздің тізімге алып келді.

ФОТО: © Jamel Toppin for Forbes

Сэм Бэнкман-Фрид
$8,7 млрд • АҚШ

MIT түлегі және Уолл-стриттің бұрынғы трейдері, 29 жасар Бэнкман-Фрид, $32 млрд сомасындағы биткоидар мен басқа негізгі криптовалюталар және олардың туынды құралдарын басқаратын Alameda сандық криптотрейдинг компаниясының негізін қалаушы және бас директоры. Басқа да еңбегіне тоқталсақ, Гонконгте орналасқан, қаңтарда «сыңармүйіз» мәртебесін (2019 жылғы наурызда іске қосылғаннан кейін бір жылға жетпей) алған FTX криптобиржасын ашты. Биржа көп кешікпей, American Airlines-ты ауыстырып, спорт ғимаратына атау беру құқығымен Miami Heat баскетбол командасының өз алаңындағы стадионының демеушісі болады. Бэнкман-Фрид капиталының басым бөлігі FTX акциялары мен FTT токендеріне (FTX криптовалютасы) орналастырылған. Ол 2020 жылы 5 млн долларды президенттікке үміткер Джо Байденді қолдауға берді, соның арқасында қазіргі президенттің ең жомарт жақтастарының қатарына кірді.

Кэмерон Уинклвосс
$3 млрд • АҚШ

Тайлер Уинклвосс
$3 млрд • АҚШ

Бағалау бойынша, егіздерге 70 000 жуық биткоин, сондай-ақ күнделікті сауда көлемі шамамен $200 млн болатын Gemini криптобиржасы тиесілі.

Майкл Сэйлор
$2,3 млрд • АҚШ

Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші MicroStrategy-дің бас директоры доткомдардың алғашқы жасанды өрлеуі кезінде мол байлық жиды және одан айрылып қалды. Бүгінде ол, компаниясының акциялары құнының өсуімен қатар, жеке дәулетінің де ұлғаюын қамтамасыз еткен, биткоиндарға уақтылы инвестициялауының арқасында бірінші рет миллиардерлер қатарына кірді.

Джед Маккалеб
$2 млрд • АҚШ

2012 жылы Ripple-дың негізін қалаушылардың бірі болғанға дейін Маккалеб, биткоин саудалайтын алғашқы ірі биржа Mt. Gox-ты құрды. Алайда, ол көп кешікпей компаниядан кетіп қалды. Қауесет бойынша, Ripple-дың басқа құрылтайшыларымен келіспеген себепті кеткен. Дегенмен, ол әлі де шамамен Ripple 3,4 млн токені – XRP-ге ие.

Фред Эрсам
$1,9 млрд • АҚШ

Бұрынғы Goldman Sachs трейдері, 2012 жылы негізін қалаушыларының бірі болған және NASDAQ-қа шығуы мүмкін Coinbase криптобиржасының 6%-на ие. Сондай-ақ, Эрсам директорлар кеңесіне кіреді.

Барри Зильберт
$1,6 млрд • АҚШ

Бес блокчейн-компаниядан тұратын, Зильбертке тиесілі Digital Currency Group конгломератының құрамына, криптоактивтерді басқару жөніндегі Grayscale компаниясы кіреді. Оның қолында $44 млрд сомасындағы биткоиндар, эфирлер және басқа осындай активтер бар.

Тим Драпер
$1,5 млрд • АҚШ

Кремний алқабынан шыққан венчурлық капиталист 2014 жылы, АҚШ федералдық маршалдар қызметі Silk Road қара нарығынан тәркілеген биткоиндарды $18,7 млн сомасына сатып алды. Бүгінде олардың құны 1,5 млрд долларды құрайды.

Мэттью Росзак
$1,5 млрд • АҚШ

Росзак ұзақ уақыттан бері криптовалюталардың тұрақты жақтаушысы болып келеді. 2012 жылы биткоиндар, эфирлер мен басқа да криптовалюталар портфелін құруға кіріскенге дейін, ол венчурлық капиталдармен жұмыс істеп, бизнеспен айналысқан.

COVID-19

Коронавирус инфекциясының (дұрысын айтсақ, соған қарсы күрестің) арқасында әлемде жаңа 40 миллиардер пайда болды. Олардың кейбірі жаңа вакциналар мен болашағы бар саналатын антиденелермен емдеу әдістемелерін әзірлеп байыды, басқалары COVID-19-ды анықтауға аса қажет тесттерді және жеке қорғаныс құралдарын сатты.

ФОТО: © Jamel Toppin for Forbes

Серджио Стеванато
$1,9 млрд • Медициналық препараттарға арналған қаптамалар • Италия

COVID-19-ға қарсы вакциналар кішкентай шыны құтыларда сақталады. Олардың көбін Stevanato Group өндірген. Бұл аттас отбасының бизнесі, онда 78 жастағы Серджио директорлар кеңесінің құрметті төрағасы. Статистикасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізетін, коронавирусқа қарсы вакциналарға арналған құтыларды барлық жеткізудің шамамен 15% Stevanato Group-тың үлесіне келеді. Осы санға, арасында Moderna мен AstraZeneca әзірлеген вакциналар да бар, 10 түрлі вакцинаны өндіру көлемін ұлғайтуға көмектесіп жүрген Билл және Мелинда Гейтстер қоры қолдайтын ұйымдарға жөнелтілген 100 млн құты да кіреді.

Серджионың әкесі Джованни 1949 жылы Венецияның шетінде компанияның негізін қалаған. Stevanato Group жолын шарапқа арналған шыны шөлмектерді өндіруден бастаған, алайда 1960 жылдары фармацевтикалық өнеркәсіпке қарай бағытын өзгертеді. Серджио бас директордың орнынан 2010 жылы кетті, бірақ қазіргі күнге дейін компанияның 68%-на ие. Ұлы Франко – директорлар кеңесінің қазіргі төрағасы.

Стефан Бансель
$4,3 млрд • Биотехнологиялар • Франция

Бансель 2011 жылдан басқаратын және вакцинасын желтоқсанда АҚШ билігі мақұлдаған Moderna компаниясының акциялары өткен жыл ішінде 319%-ға өсті.

Угур Шахин
$4 млрд • Биотехнологиялар • Германия

Дәрігер, Түркияның тумасы, Pfizer-мен бірге COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеген BioNTech биотехнологиялық компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Әйелі Озлем Тюречи – компанияның медициналық мәселелер жөніндегі басқарушысы. Өткен жылғы наурыздың ортасынан бастап BioNTech акцияларының құны екі есеге өсті.

Юань Липин
$3,6 млрд • Фармацевтика • Канада

Юань, өткен жылы компанияның директорлар кеңесінің төрағасы (және миллиардерлер тізімі бойынша әріптесі) Ду Вэйминмен ажырасқаннан кейін, қытайлық вакцина өндіруші Shenzhen Kangtai Biological Products-тегі 24% мөлшеріндегі үлестің иесі болды.

Ху Кунь
$2,5 млрд • Медициналық жабдық • Қытай

Кунь, пульсокисметрлер мен өкпенің жай-күйін айқындайтын аспаптар шығаратын, жақында жария болған Contec Medical Systems компаниясының директорлар кеңесін басқарады.

Нубар Афеян
$1,9 млрд • Биотехнологиялар • АҚШ

Биотехнологиялық ғылымдарға бағдарланған Flagship Pioneering венчурлық капитал фирмасының негізін қалаушы, осы фирма арқылы ондаған биотехнологиялық жария компаниялардың акцияларына ие Афеян, сондай-ақ Moderna директорлар кеңесінің төрағасы.

Карл Хансен
$1,8 млрд • Биотехнологиялар • Канада

Бұрынғы университет профессоры – антиденелермен емдеу мүмкіндіктерін зерттеуші AbCellera Biologics компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Eli Lilly-мен әріптестіктің нәтижесі – АҚШ санитариялық қадағалау басқармасы бекіткен COVID-19-ды емдеу әдістемесі болды.

Роберт Лангер
$1,6 млрд • Биотехнологиялар • АҚШ

Moderna-ға қатысы бар төрт жаңа миллиардердің бірі, MIT-ден шыққан профессор, медицинадағы Эдисон атанған Лангер, 2010 жылы негізін қалауға көмектескен компанияның 3%-на ие.

Арвинд Лал
$1,5 млрд • Диагностика • Үндістан

Лалға тиесілі Dr. Lal PathLabs зертханалар желісінің акциялары, пандемия мен COVID-19 диагностикалауға артқан сұраныстың аясында 57%-ға өсті.

Пратап Редди
$1,5 млрд • Медициналық мекемелер • Үндістан

Мамандығы бойынша дәрігер Редди, акциялары биржада жария айналымдағы Apollo Hospitals Enterprise аурухана мекемелерін басқарады. Коронавирус инфекциясын емдеу және диагностикалауға екпін қойғанның арқасында өткен жылда акциялар құны 2 есе өсті.

Джек Шулер
$1,1 млрд • Диагностика • АҚШ

Abbott Labs-тың бұрынғы президенті, қазіргі биотехнологиялар инвесторы Шулер, COVID-19-ды анықтауға тесттер шығаратын Quidel Corp компаниясының 7%-на ие.

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Pana: осознанное онлайн-бронирование »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Газиз Абишев: бунт Пригожина, будущее России и Казахстана

Смотреть на Youtube

Маргулан Сейсембаев про собственный бизнес, стратегию инвестирования и институте репутации

Смотреть на Youtube

Ляззат Ибрагимова: о росте цен на жилье и пенсионных накоплениях казахстанцев

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить