Айдие Айдарбеков: Голливудта жинаған тәжірибемді Қазақстанда қолданғым келеді

25828

Қарапайым ауыл баласы қалайша New York Film Academy түлегі атанды

Бұл жайынде жас режиссер әрі сценарийші Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып береді.

Айдие,  сен Нью-Йорк кино өнері академиясында оқыдың.  Сені неге үйретті, оқу орнының ерекшелігі неде? 

- Бұған дейін кино саласында ресми білімім болған жоқ. Білімімді негізінен ғаламтор арқылы жетілдірдім, мақалалар, арнайы әдебиеттерді оқыдым, көптеген фильмдер мен сериалдарды қарадым.  Содан кейін контент түсіре бастадым, тәжірибе жинақтадым. Бірақ, шынымды айтсам, ешқашан Лос Анджелестегі әлемдік киноиндустрияның орталығы, Голливудқа барамын деп ойлаған жоқпын. Әйглі New York Film Academy-да  екі жыл оқу, жұмыс істеу және киноиндустрия шеберлерімен танысу – мен үшін үлкен тәжірибе болды.  Себебі, NYFA  өте танымал оқу орны, онда әлемнен келген студенттер өте көп, олардың ішінде жетістіктерге жеткен жерлестерімізде бар.

Қандай мамандықты меңгердің

- Бастапқыда сценарист болғым келді, өйткені бұл бағытта тәжірибем де,  қызығушылығым да болды. Бірақ мен өзімнің ағылшын тіліндегі сөйлеу деңгейіме күмәным болды. Себебі, онда ең алдымен ағылшын тілін жетік білу қажет. Ал жоғарғы оқу орнын таңдауда Әсел Зои көмектесті, ол Қазақстандағы «New York Film Academy»-дің ресми өкілі. Нәтижесінде мен сценарийлік шеберлік пәндерінен басқа, операторлық өнер мен режиссурадан тұратын ауқымды бағдарламаларды қамтитын «Filmmaking» факультетіне түстім. Қазір осы таңдауым үшін мүлдем өкінбеймін, тіпті режиссер болу маған көбірек ұнады.

Оқу орнында оқып жүргенде, мен тарихи оқиғаға қатыстым  - «Шабыт» Қазақ Ұлттық Өнер университетінің делегациясының атынан ректоры Айман Мұсаходжаева мен «Театр, Кино және Телевидение» факультетінің деканы Талғат Тайшанов американдық ЖОО-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, мен де қолымнан келген көмегімді көрсеткенмін.Университетті бітіргеннен кейін, Нью-Йорк Киноөнер академиясының магистры болдым.  Оның екі жылы маған өте қатты әсер етті. Қазір сапалы контент жасағым келеді.

Ал Америкаға  қалай бардың?  Өз қаражатыңмен ба, әлде қандай да бір бағдарлама бойынша ма?

- Мен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты болдым және оны  мақтан етемін. Оқуды аяқтағаннан кейін мен «Болашақ» түлектері қауымдастығына ендім және «English For Jastar» жобасы туралы деректі фильммен жұмыс істедім, жуырда осы фильмнің көрсетілімі болады.  Осы жобаның арқасында ауыл мектептерінің балалары ағылшын тілін тікелей шет елден келген ерікті оқытушылардан үйрене алады.

Қайда жерде дүниеге келдің, қайда туып өстің?

 - Мен Ақмола облысының Жақсы ауылынан әрі шықпаған қарапайым ауыл жігітімін. Менің қарапайым ата-анам бар. Әкем- Ұланбек, анам -Гүлнар. Шет елге алғаш магистратураның бірінші мамандығы бойынша Малайзияға жібергенде ғана шыққанмын. Ол кезде мен 20 жастан асқан жігітпін.  Ал енді Америкада  алған білімімді өз елімде қолданып, оларды еліміздің игілігіне жұмсағым келеді.

Сен бұған дейін IT және шет елдік бірқатар үлкен компанияларда, ұлттық компанияда істеген екенсің.  Ал бұл салаларда қандай қызметтер атқардың,  неліктен кеттің?

- Иә, мен бірінші білімімді Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім факультетінде алдым, техника және технология магистрі деген дипломым бар. Яғни, бір-біріне қарама-қайшы екі жоғары білімім бар, бірі - гуманитарлық - режиссура, екіншісі, техникалық - бағдарламалау. Менің ойымша, бұл мамандықтар тек 5 жылдан кейін ғана емес, 50 жылдан кейін де сұранысқа ие болады. Бұл мамандықтар бірнеше маңызды дағдыларға үйретеді - режиссурада мысалы, «storytelling» - хиқаяны айту, ал бағдарламалауда – «алгоритмдеу» - міндеттерді шешу үшін қадамдар тізбегі сияқты ұғым бар. Ал жалпы Street Workout Қазақстан федерациясы президентінің кеңесшісі, Әлем Чемпионатының ұйымдастырушысы болдым. Медиа саласына  бет бұрып - журналист, блогер, SMM-тұтынушы, PR-тұтынушы болып істедім. Ұлттық компанияның баспасөз хатшысы, айтпақшы, бұл кездері  жоғары білімім аяқталмаған болатын. Осының бәріне қалай үлгергеніме таңғаламын. Маған көптеген салалар қызықты болды, бірақ киноның орны бөлек. Дегенмен, кейін аталған мамандықтарға қайта оралуға болады.

IT саласынан алыстаған жоқсын ба?

- Қазір мені әлі де ІТ қызықтырады, ағаларым мен әпкелерім Азиза Айдарбекова, Арман Елеш, Алишер Жаңабай және Аружан Елешпен бірге «ANGIME» стартапы бойынша жұмыс істеудеміз, «Astana Hub»-тың бір бөлігі болғымыз келеді. Ал жақында «BrainPatch.AI» жобасы Еуропалық Одақтан 500 мың еуро көлеміндегі грантты жеңіп алды, менің осы жобаға қосқан үлесім - мен түсірген промо-ролик. Осы компанияның негізін қалаушылар - Дәурен Төлеуханов пен Николай Высоков - осы стартапқа көп үлес қосып келеді, олардың үлгісі мені шабыттандырады, Кім біледі, мүмкін келесі жарты миллионды мен бастаған стартап алады.

- Ал  киноиндустрияның астанасында немен айналыстың?

-Голливудта оқумен бірге білімімді тәжірибе алмасу арқылы толықтыруға тырыстым. Мен көптеген түсірірілімдерге, түрлі позицияларға, фильмдердің тұсаукесерлеріне, көрсетілімдерге қатыстым. Голливудта әрбір екінші адам - сценарист, әрбір үшінші адам - актер, әрбір төртінші адам – режиссер. Кино халықтың үлкен тобына жұмыс береді. Голливуд және Силикон алқабы орналасқан Калифорнияның тек бір штаты ғана бірнеше елдің табысын әкеледі.

Командаң немесе серіктестерің бар ма? Қазір қандай жобадасың?

- Мен АҚШ-та да, Қазақстанда да көптеген пікірлестер тапқаныма өте қуаныштымын. Мысалы, мен оқуға барарда, әуежайда өзімнің отандасым, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Бақыт Қадермен таныстым, кейіннен Лос Анджелесте екі жылды екеуміз бірге өткіздік.  Бақыт екеуміз бірнеше жобаларды түсірдік. Астанада мен достарым Әли Ғалым және Шыңғыс Дербіспен бірге "Тайны города Z" (енді, бәлкім, "Тайны города N") атты веб-сериалдың түсірілімін іске қосамыз. Бұл жоспарды  өз қаражатымыз бен күшіміз арқылы жүзеге асырамыз.  Екінші жағынан – біз мұны өзіміз үшін жасағандықтан, біз 100% - ға берілудеміз, сондықтан жоба жақсы болатындығына күмәніміз жоқ. Лос Анджелесте тұратын Модияр Абдукадыров, Дайана Ибраева, Шолпан Мурабулдаева деген әріптестерім бар, олармен бірге біздің бірнеше халықаралық жобамыз бар.

Елге келгенде толықметражды фильмдерге кіріскен екенсін. Қандай туындыларға сценарий жаздың?

- Иә, Қазақстанға келгенде үш фильмнің сценарийін жаздым.

Біріншісі – Батыс Қазақстан облысы мұнайшыларының өмірі туралы көркем драма. Идея авторы, жобаның жетекшісі,мұнайшылар отбасында өскен   Ақтоты Төлегенова.

Екіншісі - біздің чемпион Илья Ильин туралы байопик, көркем фильм. Жобаның шарты атауы – «Жеңіс бағасы». Продюсері және бастамашысы Дәурен Төлеуханов. Онда негізінен спорт емес, отбасылық құндылықтар (Ильяның Милана есімді қызы бар) басым болады. Үлкен спорттың қиындықтары мен спортшының жеке эмоциялары және ойлары туралы  болады.

Үшінші жобаны әзірге құпия ұстаймын, өйткені оған жұмыс әлі жүргізіліп жатыр, бірақ бұл Голливуд жұлдыздарының қатысуымен болатын Халықаралық жоба – қазір американдық продюссерлік орталықтардың бірімен түсірілімдерді іске қосу туралы келіссөздер жүргізудемін. Ал жалпы  алғашқы сценарийім - бұл қазіргі заманға сай, супер батырлық тақырыбына бейімделген  біздің «Ер-Төстік» ертегісі. Жобаны көптеген отандық продюсерлер мен режиссерлерге ұсындым, бірақ онда арнайы эффектілер мен компьютерлік графика көп болуына байланысты ол қымбат болды және көптеген режиссерлар одан бас тартты. Ал қазір бақытымызға орай, бұл жобаның басына режиссер ретінде өзім тұра аламын. Әрине, қаражат табу керек, бірақ жоба табысты болады деп сенемін.

Кітап жазады екенсін. Қандай туындыларың бар?

- «Спуститься с Небес» атты алғашқы кітабымды сценарийге, содан кейін фильмге бейімдегім келеді. Бір қызығы, қазіргі уақытта менің бұл кітабым «Google Books» нұсқасы бойынша «Топ-10» кітап тобына кіреді және бүкіл әлемдік 30 мыңнан астам жүктеу саны бар, және таңқаларлығы, кітап бір жыл бойы өз рейтінгін сақтап келеді. Сондықтан мен өзімді топ жазушы деп атай аламын. Өкінішке орай қазақстандық оқырмандар бұл кітап туралы көп білмейді, ал оқу бойынша Ресей, Украина және Белорусия оқырмандары көш бастап тұр. Жақында мен өзімнің екінші кітабымды, «Мое Море Твое Небо» өлеңдер жинағын шығардым – бұл кітап та бірнеше айда 5-ке дейінгі 4,9- өте жоғары рейтингімен «Топ-30» кітаптар тобына енді.

Әйгілі деген қандай киногерлермен жұмыс істедің. Қазақстанда және шет елде?

- Мен Америкадағы көптеген кәсіпқойлармен жұмыс істедім және осындай тәжірибе жинақтағаныма қуаныштымын.  Ауқымды жобалар мен атақты атаулардан - мен «Disaster Artist», «Citiy of Lies», «Searching for Neverland» фильмдерінің түсіру алаңдарында болып, Джонни Депп, Джеймс Франко, Форрест Уитакер, Сет Роген, Брайан Крэнстон сияқты актерлерді көрдім. Оскар алған және Оскарға номинацияланған режиссерлер Барри Дженкинс, Дайан Хьюстон, Брайан Фогельден бірнеше кеңестер алдым. Танымал «Тренер», «Духless» және «Ледокол» фильмдерін түсірген ресейлік операторы Федор Лясстың көмекшісі де болдым.Лос Анджелестегі менің қысқа метражды фильмерімнің біріне Санжар Мади мен «Тоқал» фильмінің авторы ГауҺар Нұртас және «The World' s Best» жобасындағы Димаш Құдайбергеннің менторы түсті, ал Ислам Бадургов, Артур Төлеповпен және UFC кәсіби жауынгері Артем Лобовпен бірге миллиондаған қаралымдарды жинаған көптеген пранктер мен блогтар түсірдік.

Комикс, анимациямен айналысады екенсің. Қандай жобаларды қолға алдың. Қаржы көзі қайдан?  

- Негізінен жобалардың көпшілігі өз қаражатымыздан іске асырылуда. Мадибек Мусабеков пен Бекзат Мырзахметов негізін қалаған «Tengri Comics» баспасында біз қазір АҚШ-та онлайн сатылатын комикстерге арналған «Comixology» платформасында  «Ермек Батыр» жобасын сәтті жүзеге асырдық. Платформа Amazon медиа алыбына тиесілі - бір уақытта біз олардың продюсерлерімен анимациялық сериал түрінде комикстың іске асырылуын талқыладық, қазір жоба қаралуда. Анимация үлкен ақша шығындарын талап ететін күрделі процесс екенін түсіну керек - біз сапалы өнім жасағымыз келеді, ал бұл өте үлкен және жауапты жұмыс. «Kickstarter» краудфандинг платформасында «Ермек батырдың» баспа нұсқасы ағылшын тіліне аудармасымен 15,000$ астам сомаға тапсырыс алды. Қазір біз «Алтын Адам» және «Томирис» жаңа комикстерін жасаудамыз. Өкінішке орай, Қазақстанда біздің жобаларымыз шетелдегідей  қызығушылық тудырмайды, тіпті StarGate және Castlevania сияқты танымал франшизаларды жасаушылар да біздің жұмысымызды жоғары бағалайды. Уақыт өте келе бізді Қазақстан да лайықты бағалайды деп ойлаймын.

Қазақстандағы киноның дамуын қалай бағалар едің. Бізге әлемдік деңгейге шығуға мүмкіндік бар ма?

Мен Қазақстанға келгенде, көптеген адамдар менімен жұмыс істеуге қызығушылық танытып, жұмысқа орналасу, қаржыландыру, жобаларға бюджет бөлу туралы ұсыныстар жасағанына өте қуаныштымын. Продюсерлермен, инвесторлармен көптеген кездесулер өткізілді, қазір бизнесмендер өнердің бір саласы - киноға  үлес қосқылары келетіндігі қуантады. Үлкен қызығушылық бар, ал бұл -  киноиндустрия дамып келеді дегенді білдіреді.

Бізде Голливудтан асып кетпесек те, Голливудпен тең дәрежеде болудың барлық мүмкіндігі бар. Біз Дәурен Төлеухановпен бірге бірнеше халықаралық жобалар дайындап жатырмыз - ол біздің ұлттық батыр Рахымжан Қошқарбаев туралы баяндайтын «Флаги над Берлином» қазақстандық-британдық фильмі және Лас Вегаста, Лондонда және біздің елордамыз Нұр-Сұлтанда түсірілінетін «Бокс күні» фильмі.

Менің жоспарымда «Нетфликс» және «Амазон» сияқты шетелдік стримингтік платформаларында Қазақстанда түсірілген сериалдар мен фильмдерді іске қосу ойым да бар. Бұл - менің мақсатым.

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Pana: осознанное онлайн-бронирование »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Рамиль Мухоряпов: как пережить отмену

Смотреть на Youtube

Досым Сатпаев: продукты системы Назарбаева

Смотреть на Youtube

Как в Темиртау пустили Миттала, а не Абилова

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить