Қазақстан АЭС салады, мердігер мен технологияны таңдау қажет – Назарбаев

Sputnik - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елде атом электр станциясы салынатынын айтты.

"Қазақстан атом электр станциясын салатын болады. Ол үшін мердігер мен технологияны таңдау қажет. Қазір Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея мен америкалық компания құрылыс жүргізуге ниет білдіріп отыр. Оны қай жерде салуға болатынын қарастырып жатырмыз", - деді Назарбаев Оливер Стоунның "Qazaq: history of the golden man" деректі фильміне берген сұхбатында.

Назарбаев атом электр станциясы Қазақстанға энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін қажет екенін атап өтті.

"Қазіргі күні бізде электр энергиясында тапшылық жоқ. Керісінше артық. Мұнай, газ бен көмір өндіретін елміз. Алайда атом электр станциясының құрылысы 7-8 жыл жүргізілетіндіктен, ол кезге дейін тапшылық туындауы мүмкін", - деді ол.

Ол сонымен қатар АЭС құрылысын Ресей жүргізгісі келетінін және Қазақстанның басқа елмен келісім жасап жатпағанын жиі сұрайтынын атап өтті.

"Бұл жөнінде арнайы комиссия бар. Сол комиссия станцияны қай жерде және қашан салынатынын шешеді. Қазір бұл нөмір бірінші мәселе емес. Дегенмен біз АЭС салатын боламыз", - деді ол.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та елде АЭС салу қажеттілігі туралы бірнеше рет айтқан болатын.

"Өз басым бұл мәселені нақты қарастыратын кез келді деп санаймын. Өйткені Қазақстанға атом стансасы қажет", - деді Тоқаев Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумында.

Президент өз жолдауында Қазақстанда атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерттеуді тапсырғанын еске салды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1325 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Миллиард тенге от RG Gold направлен пострадавшим от паводков в Акмолинскую область
Средства потратят на восстановление инфраструктуры и финансовую поддержку семей
2 мин. 130
Слабое звено: когда улучшится качество казахстанского образования?
Отечественная сфера образования пытается догнать мировые тренды
8 мин. 736
В Великобритании заявили, что не заставляют Казахстан выбирать себе торговых партнёров
Что пишут о Казахстане: обзор зарубежной прессы (24 апреля)
3 мин. 809
Данные о неожиданном сокращении запасов нефти в США подбодрили Brent
При этом прогнозировался рост запасов
3 мин. 3438
Казахстанский стартап EasyTap вышел на рынок Узбекистана
Он уже подключил к сервису первых партнёров
51 сек. 4781
Әнші Сон Вон Саб Қазақстан нарығын неліктен таңдады?
Қазақ әндерінің кавер нұсқасын орындап, ғаламтор желісі арқылы көпшіліктің көңілін жаулаған музыкант Қазақстан шоу-бизнесін қалай бағалайды, кімдермен жұмыс істегісі келеді?
5 мин. 4417
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить