«Әлі ешбір үкіметтің алдында болып көрмеген»: жаңа премьер-министр әріптестеріне не айтты

Жаңадан тағайындалған премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің жаңа құрамының алғашқы отырысын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүкіл еліміздің басына ауыртпалық түсіп тұрған қазіргідей күрделі кезеңде біз мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз керек. Біз, үкіметтің жаңа құрамы халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономиканың өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, лаңкестер, бұзақы мен тонаушылар келтірген орасан зор шығындарды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыс істеуіміз қажет", - деді Смайылов үкіметтің жаңа құрамының бірінші отырысында.

"Бұл осындай аса ауыр жағдайда әлі ешқандай үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі де ауқымды міндет. Халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтіп отыр", - деді премьер-министр.

Еске салсақ, 11 қаңтарда президенттің жарлығымен Әлихан Смайылов үкіметтің жаңа басшысы болып тағайындалды. Сондай-ақ үкіметтің жаңа құрамы бекітілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1438 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Бейбит Алибеков: как совмещать luxury-жизнь и активную гражданскую позицию?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить