. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – Дариға Назарбаева мәжілістің бүгінгі отырысына да қатысқан жоқ. Sputnik Қазақстан тілшісі парламенттің төменгі палатасына хабарласып, депутаттың кезекті отырысқа не себепті келмегенін білді.
"Ол да басқа әріптестері сияқты денсаулығына байланысты демалыс алып, бүгінгі отырысқа қатысқан жоқ", - деді баспасөз қызметінің мамандары.
Айта кетері, Дариға Назарбаева биыл 5 қаңтарда болған мәжілістің отырысына да келмеді. Күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрді таныстырып, өзінің кезекті үндеуін жолдаған. Депутат Назарбаева осы отырысқа да қатысқан жоқ.
Вам может быть интересно: «В Омане археологи нашли «нарды», в которые играли четыре тысячи лет назад»
