Нұр-Сұлтанда кезекте тұрғандарға және жұмыс істейтін жастарға пәтер кілті табысталды

Нұр-Сұлтанда Астана күні қарсаңында кезекте тұрған 300-ден астам адам мен жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттері табысталды. Кезекте тұрғандардың арасында жетім балалар, толық емес отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер бар. Пәтерлердің бір бөлігі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама бойынша берілді. Пәтер кілтін тапсыру рәсіміне елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды. Мысалы 2018 жылы – 1100 пәтер, 2019 жылы – 2900 пәтер, 2020 жылы – 7000 пәтер, 2021 жылы – шамамен 10 000 пәтер салынды. Құрылыс көлемін сақтау керек. Ол үшін құрылыс индустриясының бәрі жұмылдырылған: жергілікті зауыттар да, үй құрылысы комбинаттары да», - деді әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Тұрғын үй кешені Ұлы Дала даңғылында, Нұра-Есіл арнасының қасында орналасқан және Jetisu бигвилліне кіреді. Мұнда тұрғын үйлерден бөлек мектеп, дамыту орталығы, сауда үйі және т.б. құрылысы жоспарланған.

BI Group компаниясы Aqsu кварталдарын ModeX инновациялық модульдік технологиясы бойынша салады, осының нәтижесінде тиісті жұмыстардың 80%-ы зауыттық жағдайда орындалады. Бұл технологияның арқасында құрылыс алаңында тұрғын үй блоктарын орнату және оларды инженерлік желілерге қосу ғана қалады. Бұл әдіс сапаны сақтай отырып, нысандарды сату уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған желілер, өндірістік бақылау және сертификаттау процесінде адами фактор барынша азаяды.

«Жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдерді қабылдау басталғанын білген соң, бағымды сынап көргім келді. Себебі мен 29 жасқа енді толатын едім, бағдарламаға қатысатын соңғы мүмкіндігім болатын. Жаңа жыл қарсаңында, яғни 31 желтоқсан күні кешке тұрғын үй қорының сертификаты мен құттықтау хаты келгенде сенер-сенбесімді білмей абдырап қалыппын. Міне аз ғана уақыттан кейін пәтер кілті табысталып отыр. Жұмыс істейтін жастарға осындай мүмкіндік беріп отырғаны үшін мемлекетке ризамын», - деп бөлісті екі бөлмелі пәтер алған Бағдат қуанышымен бөлісті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2458 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Топ-5 вопросов по всеобщему декларированию 2024 года
Председатели дачных кооперативов входят в список декларантов
3 мин. 115
У города Конаев новый аким
Его назначил аким Алматинской области 19 апреля
2 мин. 2167
Эскалация напряжённости на Ближнем Востоке толкает нефть вверх, а рынок акций – вниз
Увеличение спроса также наблюдается на традиционные «активы-убежища» – доллар и золото
3 мин. 4433
В «Атамекене» оценили ущерб МСБ от паводков
Пока в Нацпалате насчитали около 500 пострадавших объектов бизнеса
2 мин. 3677
20 апреля родились
Каныш Избастин
бывший первый заместитель председателя правления НУХ «Байтерек»
Жомарт Сулейменов
продюсер, основатель и гендиректор National Development Group
Али Бектаев
председатель партии «Ауыл»
Forbes Video

Еркин Татишев : «Около 30% бизнеса в Казахстане не переживет коронакризис»

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить