Әлихан Смайылов Парсы шығанағы елдерінің іскер топтарын Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанға ресми сапармен келген Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Найеф Фалах Мубарак Әл-Хаджрафпен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық салалардағы, энергетика және агроөнеркәсіптік сектордағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстан Ұйым елдерімен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

«Бізде сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті зор. Қазақстан барлық инвесторлар үшін қолайлы іскерлік ахуалды одан әрі қамтамасыз етуге дайын. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Кеңес елдерінің іскер топтарын бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамын», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы Қазақстан Парсы шығанағы елдеріне жоғары сапалы ұн, майлы дақылдар және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын жеткізуді ұлғайтуға, сондай-ақ транзит саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту есебінен нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Бұл ретте Әлихан Смайылов мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамыту үшін ұшу географиясын кеңейту мәселесін пысықтау, оның ішінде Қазақстаннан Оман мен Бахрейнге тікелей рейстер ашу қажет екенін айтты.

Өз кезегінде Найеф Фалах Мубарак Әл-Хаджраф ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Сауд Арабиясына жасаған сапары араб елдерімен қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.

«Парсы шығанағы елдерінің Қазақстанға инвестиция салу бойынша үлкен жоспарлары бар. Ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын айқындау үшін бірлескен бизнес-форумдар ұйымдастыру қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, біз энергетика, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы серіктестікті дамытуға мүдделіміз», — деді Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2749 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
В двигатель самолёта Air Astana попала птица
Эксплуатация борта приостановлена
36 сек. 294
Миллион чашек кофе на 200 заправках: Qazaq Oil отчитался за второй год ребрендинга
Во сколько обходится компании модернизация АЗС и чем Qazaq Oil привлекает клиентов
5 мин. 376
Отандық банк нарығы кезекті stress testing қарсаңында
Шілдеде өткен үкімет отырысының бірінде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қаржы саясатын сынға алғаны есімізде
5 мин. 363
Тургумбаев больше не советник Токаеву
Об этом было сообщено в среду, 17 августа
17 сек. 4483
Бизнес ФРГ: значение России падает, роль Казахстана и Азербайджана растёт
Что пишут о Казахстане: обзор зарубежной прессы (17 августа)
2 мин. 2194
«Дочка» «Самрук-Казыны» и Турция создали совместное предприятие по поиску меди и золота
В случае успешного проведения геологоразведочных работ СП займется добычей и производством металлов
2 мин. 2705
18 августа родились
Бакытжан Жумагулов
депутат сената парламента, экс-министр образования РК
30 моложе 30

Naimi.kz: Казахстанцы не хотят работать

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить