Әлихан Смайылов ABG компаниясының басшысымен Қазақстанда ірі автожол жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Al Badie Group for Trading and Investment (ABG) компаниясының бас директоры Халед Мохамед Аль Бадимен кездесу өткізді, онда автомобиль жолдарын салу саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ABG компаниясы еліміздегі ірі автожол жобаларын, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жаңғыртуды қаржыландырып, оларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Премьер-Министр бүгінде араб инвесторларының Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, бұған таяуда Мемлекет басшысының БАӘ-ге сапары ықпал етті.

«Біз шетелдік серіктестердің әрбір ұсынысын жоғары бағалаймыз, сондай-ақ инвестицияларды қорғау және қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелерімізді орындаймыз», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Халед Мохаммед Аль Абади ABG компаниясының әлемнің көптеген елдерінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруда тәжірибесі бар екенін айтты.

«Екі ел басшыларының белсенді өзара іс-қимылы, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуы біздің Қазақстанға келуімізге себеп болды. Біз автожол жобаларын іске асыруды инвестициялауға мүдделіміз, сондықтан Қазақстан Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істегіміз келеді», — деді Халед Мохамед Аль Бади.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр компанияның ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдардың мұқият зерделеп, пысықтайтынын айтты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1858 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Biden's Trade War Against Himself
The contradiction between US President Joe Biden’s major domestic and foreign-policy objectives and his administration’s trade policies has grown increasingly sharp
5 мин. 1510
Мысли о выходе и альтернативе
Известные люди говорят просто о сложном
49 сек. 2682
Отдельные полосы для проезда казахстанцев выделены на границе с Россией
В субботу, 1 октября, премьер-министр Казахстана Алихан Смаилов провел совещание по актуальным вопросам миграции
3 мин. 1678
Казахстанский завод по производству газобетона открыт в Узбекистане
Производственная площадка «Ecoton Sharq» введена в эксплуатацию в городе Ангрен Ташкентской области, в 80 км от столицы Узбекистана
2 мин. 3438
Отдельные полосы для проезда казахстанцев выделены на границе с Россией
В субботу, 1 октября, премьер-министр Казахстана Алихан Смаилов провел совещание по актуальным вопросам миграции
3 мин. 1678
02 октября родились
Именинников сегодня нет
30 моложе 30

Заработать миллиарды в ауле

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить