Қазақстанда мұнай-газ саласындағы инвесторлар үшін модельдік келісімшарт әзірленеді

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесу өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тараптар компанияның Қазақстандағы қызметі, ішкі нарыққа тауарлық және сұйытылған мұнай газын жеткізу, сондай-ақ Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысы «Шеврон» компаниясы Қазақстанның алғашқы стратегиялық серіктестерінің бірі екенін, елімізде көптеген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысқанын атап өтті.

«Қазіргі таңдағы әлемдегі ахуал бізден энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талап етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» ұлттық компаниясына тауарлық газдың қосымша көлемін сату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл біздің ресурстық базамызға үлкен әсер етеді», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар премьер-министр Теңіз кен орнындағы сағалық қысымды кеңейту және басқару жобаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті

Үкімет басшысы Қазақстанның ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударатынын айтты. Осыған байланысты ТШО ресурстарынан ішкі нарыққа қосымша газ бөлу мәселесі пысықталып жатыр.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясының $248 млн-ға Тікелей инвестициялар қорын құру бойынша жүргізген жұмысын атап өтті. Қор жұмысы аясында отандық инвестициялық жобалар іске асырылмақ.

Өз кезегінде Майкл Уирт «Шеврон» компаниясының бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастыруға дайындығын растады.

«Қазақстанның энергетикалық секторда даму әлеуеті зор. Оны іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға және экономика үшін қосымша мүмкіндіктер ашуға көмектеседі. Біздің жобалар бойынша үлкен жұмыс атқарылды, алайда болашақта әлі де көп жұмыс жүргізу керек», — деді Майкл Уирт.

Сондай-ақ премьер-министр мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру аясында инвесторлар үшін қазыналық және реттеуші преференциялар пакетін қамтитын жақсартылған модельдік келісімшарт әзірленетінін хабарлады. Ол жаңа теңіз жобаларына, құрлықтағы күрделі жобаларға және газ жобаларына қолданылады.

«Біз бірлесе үлкен жол жүріп өттік. Қазақстан Үкіметінің бірлескен жоспарларды іске асыруда сындарлы диалогқа әрдайым ашық екендігіне сендіргім келеді», — деді Әлихан Смайылов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2013 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
В АО «Самрук-Энерго» назначен председатель правления
Об этом компания сообщила в четверг, 6 октября
2 мин. 46
Токаев сделал ряд перестановок в МИДе
Решения приняты в четверг, 6 октября
5 мин. 1107
Трудоустройство через детектор лжи и другие секреты «Самрука»
Как уследить за несколькими сотнями тысяч сотрудников
5 мин. 802
Казахстан с каждым днём всё больше отдаляется от России
Что пишут о Казахстане: обзор зарубежной прессы (5 октября)
2 мин. 8604
В Текели запустили завод по производству железа прямого восстановления
Новое предприятие не имеет аналогов в Казахстане, а на мировом уровне подобных производств насчитывается около трех десятков
2 мин. 6291
Принято единогласно: партия Amanat выдвинула Токаева в президенты
Съезд политической партии прошел в Астане
2 мин. 983
06 октября родились
Марат Орманов
председатель совета директоров АО «КазТрансОйл»
30 моложе 30

Заработать миллиарды в ауле

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить