2022 жылы отандық жеңіл өнеркәсіп 6,9%-ға өсті

2022 жылдың қаңтар-қараша аралығында өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2021 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 101,4%-ға жетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

Бұл өсім өңдеу (4,2%), металлургия (3,9%), машина жасау (8,9%) жеңіл өнеркәсіп (6,9%), сондай-ақ түсті металл кендерін өндіру саласындағы (5,9%) өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен байқалып отыр. Сонымен бірге, тау-кен өнеркәсібіндегі көрсеткіш 0,9%-ға төмендеген.

Былтыр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өнеркәсіптегі цифрлы технологияларды енгізуге байланысты ынталандырудың тың тетіктерін қосты. Бұл өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізуі тиіс.

Өнеркәсіпке мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларына сәйкес шығындарды өтеу Индустрия 4.0 технологияларын енгізуге және автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеуге немесе қолданысқа енгізуге (оның ішінде, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға) беріледі. Қазір 6 өнеркәсіптік кәсіпорын IT шешімдерге жұмсалған шығындардың орнын толтыра алды.

Сонымен қатар, министрлік сатып алынатын жабдық құнының 50% (750 млн теңгеден аспайтын) мөлшеріне дейін технологиялық жабдықты жаңғыртуға арналған өнеркәсіптік грантты ұсыну арқылы өндіріс орындарын қолдауды жалғастырып келеді. 2023 жылы республикалық бюджеттен аталған грантты ұсынуға 1,6 млрд теңге қарастырылған.

Бұған қоса, ведомство өнеркәсіпті қолдаудың қосымша шаралары ретінде 2023 жылда бірқатар іс-шараны жоспарлап отыр. Оның ішінде, Astana Mining&Metallurgy-2023 (Халықаралық тау-кен металлургия конгресі) форумы мен шетелдік делегаттардың қатысуымен Қазақстан машина жасаушыларының XI форумын өткізу жоспары бар.

Astana Mining&Metallurgy – тау-кен индустриясындағы ауқымды іс-шаралардың бірі саналады. Оның диалог алаңында B2B және G2B форматында жер қойнауын игерумен айналысатын ірі компаниялар мен Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының өкілдері кездесіп, салалық көрме, нетворкинг және «Алтын Гефест» салалық байқауы өткізіледі. Жыл сайын ұйымдастырылатын конгрес салааралық инвестициялық байланысты кеңейтуге, жаңа келісімшарттар жасауға және заманауи сын-қатерлерге бірлескен шешімдерді әзірлеуге әсерін тигізіп келеді.

Ал, Қазақстан машина жасаушылар форумының маңыздылығы сол, мұнда автокөлік өндірісінен бөлек, еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясы қалыптастырылып, салалық кәсіпорындарды арзан бағадағы шикізатпен қамтамасыз етудің және жергілікті қамтуды дамытудың жаңа тетіктері қарастырылады.

Сонымен қатар, биыл қазақстандық кәсіпорындардың ел аумағы мен Ресейде және Өзбекстанда өткізілетін «ИННОПРОМ» көрмесі аясындағы түрлі ауқымды іс-шараларға қатысуы жоспарланған.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1357 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Ректоры крупнейших частных вузов Казахстана о проблемах образования

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить