E-gov порталында декларацияны тапсырудың жаңа сервисі іске қосылды

Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру үшін жаңа функционал іске қосылды. Бұл туралы  Мемлекттік кірістер комитеті хабарлайды.

«Электрондық үкімет» порталында (Е-gov.kz) «Кеден және салықтар», «Салық салу» бөлімінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) электронды түрде ұсыну бойынша функционал іске қосылды.

Салық кодексінің 633-бабына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады.

Ағымдағы жылы аталған декларацияны 2021 жылы, яғни бірінші кезеңде, декларациялау жүйесіне кірген тұлғалар тапсырады.

Еске сала кетейік, декларацияны тапсыру мерзімі:

15 шілдеге дейін – қағаз түрінде

15 қыркүйекке дейін – электронды түрде

Декларацияны электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) және «e-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасы арқылы да тапсыруға болады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) да Е-gov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Оны ағымдағы жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлері мен олардың жұбайлары ұсынуы қажет.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2435 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Андрей Мовчан: мигранты, курс рубля, инфляция

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить