Қазақстанда 16 мыңнан астам сертификатсыз пиротехника тәркіленді

Қазақстанда 16 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехника тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында республикада «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның мақсаты – жаңа жылдық мереке қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау.

Осы күндері полицейлер мен ТЖД қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалардың айналымына және оның қауіпсіздік ережелерін сақтауына қадағалау жұмыстарын жүргізді. Мәселен, пиротехникалық бұйымдарды сату ережелерін бұзғаны үшін 842 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ӘҚБтК-нің 196-бабы (Заңсыз сауда) бойынша – 829, ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша (Бөлінбеген орындарда қолдану) – 11, ӘҚБтК-нің 483-бабы бойынша (Сақтау және тасымалдау тәртібін бұзу) 2 адам бар.

Сонымен қатар жаңа жыл қарсаңында отшашуды қолдану кезінде күйік шалудың 15 фактісі тіркелді, оның ішінде зардап шеккен 6 кәмелетке толмаған бала бар. Мысалы, елордада 1 қаңтарда түнде үйдің ауласында ер адам екі кәмелетке толмаған баласымен бірге отшашуды қолданған кезде ерні мен қолына термиялық күйік алған.

Тағы бір оқиға Астанада Нәжімеденов көшесінде болды. Пиротехниканы дұрыс қолданбау салдарынан балкон өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Пәтер иесі полицияға жүгінбеді. ЖПІШ өткізу кезеңінде барлығы 16 400 бірлік сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2864 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Зачем нужны микрофинансовые организации и что стоит знать перед получением займов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить