Ұлттық нейрохирургия орталығында омыртқаларды моделденген имплантатқа ауыстыру бойынша ғылыми жоба іске асырылды

Ұлттық нейрохирургия орталығы әлемдік клиникалар деңгейінде диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу үшін жетекші ғылыми-зерттеу алаңына айналды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

ҰНО-да жүзеге асырылған бірегей жобалардың бірі – омыртқа денесін 3D басып шығару технологиясы бойынша жеке моделденген имплантатқа ауыстыру болып табылады. Нейрохирургиялық практикада алғаш рет «Ghalam» ЖШС ғарыштық ұшу аппараттарын өндірушілерімен бірлесіп пациентке жеке 3D басып шығару арқылы имплантат жасалды. Германияның Ульм қаласындағы Травматология және биомеханика институтында имплантаттарға биомеханикалық тестілеу жүргізілді.

Қазақстандық нейрохирургия орталығында 4 пациентке дербес 3D имплантатты қолдана отырып, омыртқа денелерін ауыстыру операциясы сәтті жүргізілді.

ҰНО дәрігерлері манипуляция жүргізу кезінде компремациялық әсерсіз жұлынның анатомиялық және функционалдық маңызды құрылымдарын сақтауға мүмкіндік беретін омыртқаны ауыстырудың арнайы құрылғысы мен әдісін әзірледі.

Пациенттерді бір жыл бойы бақылау имплантатпен байланысты асқынуларды анықтаған жоқ, өмір сапасының көрсеткіштері ауру басталғанға дейінгі көрсеткіштерге қайта оралды.

Осы ғылыми жобаның қорытындылары 2-ден жоғары импакт-факторы бар беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланды, сондай-ақ монография жарияланды.

Ұлттық нейрохирургия орталығының қызметі барысында барлығы 7 ғылыми жоба, іске асыру сатысында тағы 3 жоба орындалды. Орталық қызметкерлері өнертабысқа 10 патент иегері атанды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2732 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Почему Байтасов хочет стать акимом Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить