Бүгін Алматы мен Ақтқбеде жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«2023 жылғы 9 қаңтарда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы және Ақтөбе қалаларында күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Вам может быть интересно: «Криштиану Роналду жаңа командасындағы алғашқы ойынын 5 қаңтарда өткізуі мүмкін»
