ҰҚК өкілдері халықаралық есірткі арнасының жолын кесіп, 30 кг-нан астам апиын тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасына қатысы бар халықаралық есірткі синдикатының әрекетін бейтараптандырды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағына теңіз жолымен опиаттар мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізудің тұрақты арнасын ұйымдастыруға қатысы бары анықталды.

ҰҚК қызметкерлері Каспий су айлағы арқылы есірткіні тасымалдау бағдарлары мен тәсілдерін тексерді.

Комитет өкілдері есірткі тасымалдаушыларды ұстау барысында қазіргі заманғы спутниктік навигация құралдары мен GPS-пен жабдықталған шағын, жылдам жүретін кемелерді пайдаланды.

2023 жылғы 26 наурызда Маңғыстау облысында операцияның аяқталу кезеңінде ҰҚК мен «А» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері есірткі арнасын ұйымдастырушыны және оның үш көмекшісін ұстады.

Оларды ұстау ҰҚК Шекара қызметінің катерлерімен жағалау аймағын бөгеу арқылы жүргізілді.

Бақылау ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану жолымен жүзеге асырылды.

Контрабандашылардың су көлігін тексеру кезінде 30 кг-дан астам апиын және 10 қаптама «метадон» психотроптық заты табылды.

«Осы іс бойынша материал сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу іс-шаралары прокуратура органдарымен өзара әрекеттесе жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2630 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Смертность от инсульта снижает казахстанский стартап

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить