1 шілдеден бастап Мемлекеттік кірістер комитеті танымал маркетплейстерде сауда жасайтын жеке кәсіпкерлерге арналған пилоттық жобаны бастады.
Пилоттық жобаға электронды сауда алаңдарында сауда жасайтын және оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер ерікті түрде қатыса алады.
Пилоттық жобаға қатысудың артықшылықтары:
- кірісті есепке алуға және салықтық есепті толтыруға уақытты үнемдеу;
- салықтық тексерулердің азаюы;
- ай сайынғы төлем кезінде жеке кәсіпкер үшін біркелкі жүктеме;
- қызмет көрсететін банктің қосымшасындағы төлем
Жеке кәсіпкер пилоттық жобаға қатысу үшін өздері жұмыс істейтін маркетплейсте өтініш беру керек.
Мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобасы туралы ақпаратты 1414/3 нөмірі арқылы ала аласыз.
Вам может быть интересно: «Президент Франции проведет экстренное совещание»
