Шетелдік туристерді салықтан босататын пилот жобасы 2024 жылға дейін ұзарды

«Такс фри» пилоттық жобасы 2024 жылдың соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды мемкірістер комитеті.

Мемлекеттік кірістер комитеті туризмді дамыту мақсатында тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде туристерге (шетел азаматтарына) ҚҚС сомасын өтеуді көздейтін «такс фри» пилот жобасын іске асырып жатыр.

Бұл ретте шетелдіктің алып бара жатқан тауарының сатып алу құны 20 айлық есептік көрсеткіштен асуы керек.

Қаржы министрінің 27 маусымдағы № 710 бұйрығымен пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылғы 30 маусымнан 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Енді пилоттық жоба Шымкент қаласында да жүзеге асады.

Өзгерістер енгізілгенге дейін пилоттық жобаны іске асыру мерзімі ағымдағы жылдың 30 маусымында шектелген және Астана, Алматы және Түркістан қалаларында орналасқан сауда субъектілеріне қолданылды.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32935 болып тіркелді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1837 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3782
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2438
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3191
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Бейбит Алибеков: как совмещать luxury-жизнь и активную гражданскую позицию?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить