Елорда әкімдігі қаламгерлерді марапаттады

Астанада қаламгерлерге қала басшысының сыйақысы табысталды, деп хабарлайды  елорда әкімдігі сайты.

Қаламгерлер аллеясында елорда әкімдігі мен «Қазақстан Жазушылар одағы» қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының қолдауымен «Астана – шабыт арқауы» атты мәдени іс-шара өтті.

Оның барысында Төлен Әбдік, Қойшығара Салғараұлы, Ғарифолла Есім, Әлібек Асқар, Серік Тұрғынбекұлы, Алдан Смайыл, Алтыншаш Жағанова, Шәрбану Бейсенова, Тұрсын Жұртбай және тағы басқа қаламгерлерге елорда әкімінің сыйақысы табысталды.

Елордада руханияттың қазынасы қаламгерлердің аға буыны қалыптасқан. Бүгінде Астанада Қазақстан Жазушылар одағының 160-тан астам мүшесі тұрады. Осыдан екі жыл бұрын елордалық жас ақын-жазушылардың 30-дан астам кітабы жарыққа шыққан болатын. Ол дәстүр әлі де жалғасын таба береді. Күні кеше араға 11 жыл салып ақын-жазушылардың мүшайрасы өтті. Осындай дәстүрлі іс-шараларда қаламгерлер тек елорданың ғана емес, еліміздің руханиятына, мәдениетіне өз үлесін қосып келе жатыр. Бүгін өздеріңізге ризашылығымызды, сый-құрметімізді көрсетейік деп отырмыз. Елорда күні құтты болсын!
– деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Сондай-ақ іс-шарада ақындар мен жазушылар қолтаңба сессиясын, кітаптар тұсаукесерін өткізді.

Биыл – байрақ көтерген Астанамыздың 25 жылдығы. Ерке Есілдің жағасында елорда көркейіп, қанат жайып, жалпы қазақтың қуанышына айналды. Ақын-жазушылар мемлекетіміздің маңызды дүниелерінде бей-жай қарап қалмайды. Қаламгерлер билік пен халық арасында алтын көпір дәнекері болып жүр. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен бүгін-ертең ақын-жазушыларды мереке қарсаңында құрметтеп, қадірлеу мақсатында 80 қаламгерге сыйақы табысталады
photo

, – деді ақын, «Қазақстан Жазушылар одағы» қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы.

Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ «Астана – бейбітшілік және жасампаздық мекені» атты кітап көрмесін ұсынды.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1742 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3781
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2436
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3189
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: о росте цен на жилье и пенсионных накоплениях казахстанцев

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить