Астана қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен Елорданың 25 жылдығына орай қалалық «Толағай» алыптар сайысы ашық турнирі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Ұлы Даланың батырларын насихаттау, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өтетін турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай 18 жастан асқан кез келген қала тұрғыны мен қонағы қатыса алады», - делінген мәліметте.
Турнирдің өтетін уақыты мен орны: 6 шілде, сағат 16:00-де, Орталық саябақтың автотұрағында (Тұран даңғылы бойында)
Қосымша ақпарат бойынша: +7707 977 99 70; +7 701 255 19 65 нөмірлеріне хабарласуға болады.
Вам может быть интересно: «10 тысяч пачек нелегальных сигарет на 7 млн тенге изъяли в области Жетысу»
