Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынды

Экс-мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты пара беруге итермеу күдігіне ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті.

Жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған Мәдениет және спорт экс-министрі А. Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді. Cондай-ақ аталғандардың мүдделерін қорғауды жүзеге асырған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды. А. Мұхамедиұлының қылмыстық жазасын жеңілдету және қамаудан босату желеуімен қорғалушының жұбайынан сот органдарының лауазымды адамдарына беру үшін пара ретінде 460 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат алған. Тергеу амалдары барысында 255 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражат анықталып, тәркіленді. Қалған соманы ол өз қалауы бойынша жұмсағаны анықталды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Мәлім етілгендей, А.Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынса, әйелі пара беруде күдікті ретінде танылып отыр.

Экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталуы бойынша күдікті болып танылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселені шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелеуге алып келетін алаяқтықтың жалғасып жатқан жағдайларына баса назар аударады. Осындай жағдайларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуды немесе осындай фактілер туралы 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарлауды сұраймыз, - делінген агенттік дерегінде.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1773 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3781
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2436
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3189
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Израильский архитектор Роман Шнайдерман стал казахстанским фермером

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить