Қала күнін қалай пайдалы өткізуге болады: демалыс күндері алматылықтар үшін спорттық іс-шаралар

2023 жылғы 16-17 қыркүйекте Алматының түрлі мекенжайларында спорттық-бұқаралық іс-шаралар: «Almaty Urban Fest 2023», ұлттық спорт түрлерінің фестивалі, бәйге мен веложарыс өтеді.

«Almaty Urban Fest 2023» қалалық және экстремалды спорт түрлерінің фестивалі екі күн бойы 2 алаңда өтеді. Бірінші күн іріктеу, жексенбіде үлкен финал және жеңімпаздарды марапаттау. Халық Арена аумағында воркаут, чирлидинг, көше биі, армреслинг, роуп-джамп, гір көтеру және стритболдан жарыстар өтсе, скейтбординг, роликтер, скутерлер мен BMX трюктері бойынша жарыстар орталық мәдениет саябағында өтеді. Шараға кәсіпқой спортшылар және әуесқойлар қатыса алады. Жеңімпаздар медальдар, дипломдар, бағалы сыйлықтар мен сертификаттармен марапатталады. Спорттың 11 түрі бойынша жалпы ақшалай жүлде қоры 6 120 000 теңге. Фестиваль аясында кәсіби диджейдің, рэп-баттлдың, сондай-ақ фестивальдің хедлайнері Нұрболат Қанайдың концерттік бағдарламасы қарастырылған.

Спортшыларға тіркелу http://almatyurbanfest2023.tilda.ws./

Ресми ашылуы 17 қыркүйек сағат 9:15-те.

Байланыс үшін: Ермекбай Ерсай, ұйымдастырушы +7 707 488 8306

16 және 17 қыркүйекте қалалық Арбатта армрестлинг, тоғызқұмалақ, бұқа тарту, асық ату және салмақ көтеру сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша бұқаралық жарыстар өтеді. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Басталуы 16 қыркүйек 9: 00

Байланыс үшін: Азамат Иманқұлов, ұйымдастырушы +7 747 857 3473

16 қыркүйекте Алматы ипподромында бәйге бойынша іріктеу турнирі өтеді. Алматылық шабандоздар құнан, Топ - бәйге және Аламан бәйгеде жалпы жүлде қоры 20 900 000 теңге үшін жарысады. Бұл турнир 7 қазанға жоспарланған финалға іріктеу кезеңі. Іс-шара қонақтарын Асылбек Ергепов пен Ерболат Құдайбергеннің орындауындағы түрлі концерттік-ойын-сауық бағдарламасы, фуд-аймақ, сондай-ақ бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны күтеді.

Басталуы 16 қыркүйек 12: 00

Байланыс үшін: Хасанова Кристина, «Бәйге федерациясы» РҚБ + 7 777 597 11 99

17 қыркүйек күні таңертең жалпы қалалық веложарыс өтеді, оған қала мен республиканың атақты велошабандоздары мен спортшылары қатысады. Сондай-ақ, аталған іс-шараға Алматы қаласының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады. Веложарыс «Нұрлы тау» көпфункционалды орталығынан басталады, содан кейін қатысушылар әл-Фараби даңғылының бойымен жүріп, «Тұңғыш Президент саябағында» мәреге жетеді.

Сөре: Нұрлы - Тау көпфункционалды орталығы, сағат 7: 30

Мәресі Тұңғыш Президент паркінде, сағат 08:20

Байланыс үшін: Азамат Иманқұлов, ұйымдастырушы +7 747 857 3473

Тұңғыш Президент саябағында 17 қыркүйекте жыл сайынғы "Алма fest" мерекелік іс-шарасы жалғасады, оның аясында алма жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және көптеген іс-шаралар: зумба, йога және скандинавиялық серуендеу бойынша жаттығулардың ашылуы жоспарланған.

17 қыркүйек, сағат 10:00-ден басталады

Байланыс үшін: Азамат Иманқұлов, ұйымдастырушы +7 747 857 3473

Жалпы ақпарат үшін байланыс: Арайлым Әшімова, спорт басқармасының баспасөз хатшысы +77474323588

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5028 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
24 мая родились
Наталья Годунова
председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета
Куаныш Бектемиров
председатель правления АО «Энергоинформ»
Forbes Video

Куралай Нуркадилова: письмо Токаева, политические амбиции

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить