Шығыс Қазақстанда Риддер ЖЭО-ны күрделі жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Ермек Көшербаевпен бірге Өскемен және Риддер ЖЭО-ларында болып, жаңа жылыту маусымына дайындық барысымен танысты. Өңірдегі жылу нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталып, ЖЭО іске қосу-баптау кезеңіне дайындық үстінде.

Қазір Риддер ЖЭО-ны күрделі жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Стансаны жөндеуге Үкімет резервінен 7,3 млрд теңге бөлінді. Биыл моноқаланың жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізуге 1,1 млрд теңге бағытталды. Сондай-ақ өндіріске тартылған инфрақұрылымды жөндеуге жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасарына Риддер ЖЭО-да іске қосу-реттеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. № 1, 2, 3 қазандық агрегаттарын жөндеу аяқталуға жақын, экрандардың беттері жиналып, орнатылды, бір күн бұрын қазандықтар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін сумен толтырылды.

Сонымен қатар делегация жұмыс сапары барысында Өскемен ЖЭО-ға да барып қайтты. Мұнда жөндеу жұмыстары алдыңғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталған еді. Биыл осы мақсатқа жұмсалған қаржы 8,6 млрд теңгеден асады, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 1 млрд теңгеге жуық қаржы түсті.

Бүгінгі таңда стансаның дайындығы 80%-дан асады, 5 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегат жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарының бағдарламасы қазан айына дейін аяқталады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4600 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
24 мая родились
Наталья Годунова
председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета
Куаныш Бектемиров
председатель правления АО «Энергоинформ»
Forbes Video

Как построить бизнес в Казахстане без агашек

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить