Әскери институтта жаңа жатақхана ашылды

Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының курсанттары үшін заманауи талаптарға сай жаңа жатақхана ашылды.

Жатақхананың ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов қатысты.

«Биыл Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына 200-ден астам курсант түссе, оның 18-і - қыздар. Оқу орнына алғаш рет қабылданған курсант қыздар еліміз үшін маңызды салаға үлес қосуға дайын екендерін көрсетуде. Авиация саласына мамандар даярлауда Ақтөбедегі институт маңызды орынға ие. Мұнда облыс, республиканың түкпір-түкпірінен ғана емес, шет елдерден де келіп оқуға түседі. Демек, оқу орнын бәсекеге қабілетті деп айтуға толықтай негіз бар», - деді Асхат Шахаров.

Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов та оқу орнының маңыздылығы туралы тілге тиек етіп, жаңа жатақхананың ашылуы әскери бөлімдерде әскери ведомство іске асыратын үлгілік жоба екенін алға тартты.

Күрделі жөндеуден өткен 280 орындық жатақханада болашақ офицерлердің демалуы, бос уақытын тиімді өткізуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Жатын бөлме, ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесі, психологиялық, рота командирлері мен олардың орынбасарлары, взвод сержанттарының командирлеріне арналған кабинеттер, қаруды сақтау және тазалауға арналған бөлмелер бар. Ғимараттың бірінші қабатында науқастарды емдейтін орындар қарастырылған, сондай-ақ әскери қызметшілердің дәрігерлік комиссиядан өтетін бөлмелері орналасқан.

Жатақханада әуе және инженерлік батальондардың курсанттары, сондай-ақ әскери медицина мамандығы бойынша оқуға алғаш қабылданған курсант қыздар тұрады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік-тұрмыстық, тұрғын үй және қызметтік жағдайларын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4291 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
24 мая родились
Наталья Годунова
председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета
Куаныш Бектемиров
председатель правления АО «Энергоинформ»
Forbes Video

Юрий Негодюк - о кофе, налогах и тромбоне

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить