ТМРК тарифтік реттеу үдерісін цифрландырды

Бүгінгі күні «Монополист» базасының жаңартылған нұсқасы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

Бұған дейін «Монополист» базасы арқылы табиғи монополиялар субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарықтардың өтінімдері мен есептері оларға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, pdf форматында сканерленген құжат түрінде жіберілген болатын. Енді монополист субъектілердің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың деректері жүйеде цифрландырылған түрде болады.

Шын мәнінде, бұл инновациялар аналитика мен деректерді болжауға үлкен мүмкіндік береді.

Тариф белгілеудің барлық үдерісі тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды бекітуге өтінімдерді жіберу, жария тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруды жариялау, тарифті бекітуден және оны түзетуден бастап, тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды орындау жөніндегі есептілікке дейін автоматтандырылды, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

Сондай-ақ, «Монополист» базасының жаңа нұсқасы мемлекеттік дерекқорлармен және электрондық сатып алу алаңдарымен интеграциялау арқылы деректердің дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді. Интеграциялар арқылы растайтын құжаттардың көлемін оңтайландыру және қысқарту қамтамасыз етілді.

Әрбір азаматтың коммуналдық қызметтердің тұтынушысы ретінде бұрынғыдай монополист субъектінің кез келген тарифтік өтінімімен немесе инвестициялық бағдарламасымен танысуға мүмкіндігі бар.

Бұл ретте, пікір қалдыру және жария тыңдау жөніндегі шешімнің хаттамасымен танысу және нәтижесінде мүдделі өтінім бойынша уәкілетті орган қандай тарифті бекіткенін қарау мүмкіндігі бар.

Тұтынушылар оны қызықтыратын қызмет бойынша мәлімделген, бекітілген және нақты тарифті көре алады.

Осылайша, ТМРК табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарықтардың мәліметтерін біріктіретін, уәкілетті орган тарапынан бақылау қызметінің ашықтығын күшейтетін, оның ішінде «Тарифті инвестицияларға айырбастау» тарифтік саясаты шеңберінде инвестициялық қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық кеңістік құрды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2015 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
24 мая родились
Наталья Годунова
председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета
Куаныш Бектемиров
председатель правления АО «Энергоинформ»
Forbes Video

Берик Каниев: Мы не можем всю жизнь быть сырьевой страной

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить