2023 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 08:55-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Жамбыл ауданының Қайназар ауылында Астана көшесіндегі жеке тұрғын үйде 50 ш.м. алаңда шатырдың, төбенің және үйдің қабырғасы жартылай құлап, жанусыз газ-ауа қоспасының тұтануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді.
Алдын ала ақпарат бойынша газдың ағуы төтенше жағдайға себеп болған.
Оқиға салдарынан 1964 және 1961 жылы туылған екі ер адам орташа ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жұмыс істеді.
Алматы облысының ТЖД тұрғындардан газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:
- газдың ағып кетуін анықтау үшін ашық отты қолдануға жол берілмейді
- газ жабдығына уақтылы тексеру жүргізу қажет
- газдың ағып кетуінің алғашқы белгілерінде осы жұмыстарды жүргізуге рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдарда ғана жөндеу жүргізуге болады.
Вам может быть интересно: «Международный суд ООН начинает рассматривать иск к РФ о геноциде»
