Аспанның шегі жоқ

5945

Өткен жылы Джефф Безос пен Илон Масктың дәулеті шарықтап кетті, олар ғаламдағы ең бай адам атану үшін күресіп жүргенде, әрқайсысы 150 млрд доллардан астам жинақтап алды

ФОТО: © Wesley Bedrosian for Forbes

Былтырғы жылға ұқсас уақыт бұрын-соңды болған емес, бұл жерде пандемияны айтып отырған жоқпыз. IPO өте көп болды, криптовалюталар мен акциялар құны жылдам өсіп жатты. Миллиардерлер саны күткеннен әлдеқайда асып кетті. Forbes есебіне сәйкес, қазір әлемде байлығы миллиардтармен есептелетін 2775 адам өмір сүреді. Бұл былтырғыдан 660 адамға артық. Олардың 86%-ы бір жыл бұрынғыдан баи түсті, қайран қаларлық жағдай. Forbes тізіміне қатысушылардың жиынтық капиталы 8 трлн доллардан 13,1 трлн долларға дейін ұлғайды, бұл ретте орта есеппен дәулет 900 млн долларға өсіп, $4,7 млрд көрсеткішіне жетті. Ең бай адамдардың көбі бұрынғыдай АҚШ-та тұрады – 724 адам, екінші орында Қытай – 698 адам. Есептеу үшін 2021 жылғы 5 наурыздағы акциялар құны мен айырбас бағамы қолданылды. Миллиардерлердің толық тізімін және әдістемені forbes.com/billionaires адресі бойынша табуға болады.

1. Джефф Безос
$177 млрд • Қаржы көзі: Amazon
Жасы: 57 • Азаматтығы: АҚШ

2021 жылы бас директор қызметінен кететін ниеті бар екенін жариялаған Amazon-ның негізін қалаушыға қосымша $64 млрд әлемдегі төртінші жыл қатарынан ең бай адам болып қалуға мүмкіндік берді.

2. Илон Маск
$151 млрд • TESLA, SPACEX
Жасы: 49 • АҚШ

2020 жылдың наурызынан Масктың қаржылық жағдайы, Tesla акцияларының құны жоғарылағанының арқасында 126 млрд долларға өсті. Ол қаңтарда Безостың Жер шарындағы ең бай адам атағын аз уақытқа алып қойды.

3. Бернар Арно отбасымен
$150 млрд • LVMH
Жасы: 72 • Франция

Еуропаның ең дәулетті тұрғыны соңғы уақытта бірнеше ірі мәміле жасады. Ұзақ уақыт кейінге шегеріліп келіп, ақыры Tiffany зергерлік үйін 16 млрд долларға сатып алу бойынша қаңтарда жасалған мәмілені арасындағы ең елеулісі санауға болады.

4. Билл Гейтс
$124 млрд • MICROSOFT
Жасы: 65 • АҚШ

Өткен жылы компанияның директорлар кеңесінен шыққан Microsoft-тың негізін қалаушы, ішінара өзі құрған компанияның акциялары қымбаттағанының арқасында, қазір бұрынғыдан да бай.

5. Марк Цукерберг
$97 млрд • FACEBOOK
Жасы: 36 • АҚШ

Конгрестің Facebook-ке қатысты үздіксіз тексерісі Цукербергтің жеке әл-ауқатына зиян келтіріп үлгерген жоқ. Facebook акцияларының құны тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жақын.

6. Уоррен Баффет
$96 млрд • BERKSHIRE HATHAWAY
Жасы: 90 • АҚШ

Шілдеде Dominion Energy компаниясының газ бизнесін Berkshire Hathaway 8 млрд долларға сатып алды, алайда пандемия уақытында Омаха Сәуегейінен бұдан басқа әлдебір маңызды жаңалық келмеді.

7. Ларри Эллисон
$93 млрд • Бағдарламалық қамтамасыз ету
Жасы: 76 • АҚШ

Қауесет бойынша, Кремний алқабының алыбы пандемия кезінде Гавайи аралына көшіп кетіпті. Сол уақытта 1977 жылы негізін қалаған Oracle компаниясы бас офисін Сан-Францискодан Техасқа ауыстырды.

8. Ларри Пейдж
$91,5 млрд • GOOGLE
Жасы: 48 • АҚШ

9. Сергей Брин
$89 млрд • GOOGLE
Жасы: 47 • АҚШ

Google-дың негізін қалаушылар Alphabet директорлар кеңесінде әлі күнге жұмыс істеп жүр, бірақ басқасына қатысты шет қалуға тырысады. Жақында Google-ды Австралияда қатты сынға алды. Сыншылардың мәлімдеуінше, бұл оның жергілікті БАҚ позициясын әлсірететін дескен рөліне қатысты болған.

10. Мукеш Амбани
$84,5 млрд • Әр тарапты бизнес
Жасы: 63 • Үндістан

Амбани өткен жылы өзіне тиесілі Reliance Industries конгломератының акциялары айтарлықтай өскенінің арқасында дәулетіне
48 млрд доллардай қосып, Азиядағы ең бай адам мәртебесін қайтарып алды.

11. Амансио Ортега
$77 млрд • ZARA
Жасы: 85 • Испания

Zara брендімен танымал, әлемдегі аса ірі киім өндірушілердің бірі Inditex-тің негізін қалаушы дауылға төтеп берді – 2020 жылы сатылым 30%-ға түсіп кетті, алайда бір жылда компания акцияларының құны 34%-ға өсті.

12. Франсуаза Беттанкур-Майерс отбасымен
$73,6 млрд • L’ORÉAL
Жасы: 67 • Франция

L’Oréal’s косметикалық алыбының негізін қалаушының немересі, 2020 жылы кіріс алты пайызға төмендегеніне қарамастан, компания акцияларының құны күрт өзгергеннен 38%-ға белгілі бір пайда көрді.

13. Чжун Шаньшань
$68,9 млрд • Сусындар
Жасы: 66 • Қытай

Шөлмектегі су өндіруші Nongfu Spring-тің қыркүйектегі IPO-сы бизнесменнің дәулетін 3 есеге ұлғайтты, сөйтіп оны ғаламшардағы капиталдың пайыздық мәндегі ең үлкен өсімінің иесі және Қытайдың жаңа аса бай тұрғыны қылды.

14. Стив Балмер
$68,9 млрд • MICROSOFT
Жасы: 65 • АҚШ

Корпорация акцияларының күрт өсуінің аясында, өткен жылмен салыстырғанда қаржылық жағдайы 16 млрд долларға артқан Microsoft-тың бұрынғы бас директоры коронавирус инфекциясымен күресуге, соның ішінде вакциналарды сынауға және экономиканың өмірлік маңызы бар салалары жұмыскерлерінің балаларын қарауды ұйымдастыру үшін қайырымдылыққа $54 млн берді.

15. Ма Хуатэн
$65,8 млрд • Онлайн-медиа
Жасы: 49 • Қытай

Ма Хуатэнге тиесілі Tencent медиа алыбы, басқасымен қатар Tesla мен Snap үлестеріне ие. Компания Kuaishou видео алмасуға арналған мобильдік қосымшаның бағалы қағаздарын ақпанда жария орналастырғаннан кейін, кезекті биікті бағындырды. Осы қосымша акцияларының 18%-ы Tencent-ке тиесілі.

16. Карлос Слим Элу отбасымен
$62,8 млрд • Телекоммуникациялар
Жасы: 81 • Мексика

Қаңтарда әлемдік телеком-индустриядағы ең маңызды ойыншылардың бірі коронавирус инфекциясымен ауруханаға түсті. Оған тиесілі, бүкіл Латын Америкада жұмыс істейтін América Móvil компаниясы, 2020 жылды пайдаланушылар санының үш пайыздық өсімімен аяқтап, 287 млн адам көрсеткішіне жетті.

17. Элис Уолтон
$61,8 млрд • WALMART
Жасы: 71 • АҚШ

18. Джим Уолтон
$60,2 млрд • WALMART
Жасы: 72 • АҚШ

19. Роберт Уолтон
$59,5 млрд • WALMART
Жасы: 76 • АҚШ

Walmart-тың негізін қалаушы Сэм Уолтонның балалары, отбасының басқа мүшелерімен бірге әлемдегі аса ірі ретейлердің шамамен жартысына ие. Walmart мүше болу шартымен Amazon Prime шеңберінде тегін жеткізуді енгізді, осылайша 2020 жылғы қаңтардан бері өткен бір жылдың ішінде онлайн-сатудың 69%-ға артуына ықпал етті.

20. Майкл Блумберг
$59 млрд • BLOOMBERG LP
Жасы: 79 • АҚШ

Өткен жылы Блумберг саяси мақсаттағы шығындар көлемі бойынша рекорд орнатып, өзінің президенттік кампаниясына 1 млрд доллардан астам және Демократиялық партияның басқа кандидаттарын қолдауға $150 млн жұмсады.

21. Колин Чжэн Хуан
$55,3 млрд • Электронды коммерция
Жасы: 41 • Қытай

Pinduoduo онлайн-дискаунтердің негізін қалаушы, азық-түлік және өмір туралы ғылымдар саласында зерттеулермен айналысу үшін наурызда компанияның директорлар кеңесінен кетті; ол бас директор лауазымынан шілдеде бас тартты.

22. Маккензи Скотт
$53 млрд • AMAZON
Жасы: 50 • АҚШ

Джефф Безостың (жоғарыда оң жақта) бұрынғы әйелі қайырымдылық әлеміне 2020 жылы келіп, Пуэрто-Риконы қоса алғанда, бүкіл ел бойынша түрлі коммерциялық емес ұйымдарға гранттар түрінде 6 млрд долларға жуық қаражат бөлді. Жақында ол қайтадан тұрмысқа шықты.

23. Дэниел Гилберт
$51,9 млрд • Кредиттеу
Жасы: 59 • АҚШ

Оған тиесілі ипотекалық несиелерді беру бойынша Америкадағы аса ірі Rocket Companies компаниясы тамызда жария биржа саудасына шығып, бір күнде Гилберттің капиталын 38 млрд долларға ұлғайтты.

24. Гаутам Адани отбасымен
$50,5 млрд • Инфрақұрылым нысандары, шикізат тауарлары
Жасы: 58 • Үндістан

Бизнесменге тиесілі Adani Group конгломератына кіретін бес компания акцияларының рекордтық жоғары бағасы аясында, ол бір жыл бұрынғыдан 42 млрд долларға байыды.

25. Фил Найт отбасымен
$49,9 млрд • NIKE
Жасы: 83 • АҚШ

Істен алшақтаған Nike-тың негізін қалаушының соңғы қайырымдылық жобаларының бірі – өзі білім алған Орегон университетіндегі жеңіл атлетика стадионына күрделі жөндеу болды.

26. Джек Ма
$48,4 млрд • Электронды коммерция
Жасы: 56 • Қытай

Alibaba негізін қалаушылардың бірі, өзіне тиесілі алып финтех-компаниясының қосарлы листингін қытайлық қадағалау органдары қарашада уақытша тоқтатқан сәттен бастап көрінбей кетті.

27. Чарльз Кох
$46,4 млрд • KOCH INDUSTRIES
Жасы: 85 • АҚШ

27. Джулия Кох отбасымен
$46,4 млрд • KOCH INDUSTRIES
Жасы: 58 • АҚШ

Чарльз директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Koch Industries, Америкадағы жеке компаниялар кірісі тұрғысынан ең ірі компания атағына жарыста Cargill-ден озып кетті. 2019 жылы конгломераттың сатылымдары 115 млрд долларды құрады. Чарльз бен інісі Дэвидтің (2019 жылы қайтыс болды) жесірі Джулияның отбасы компанияның 42%-на ие.

29. Масаеси Сон
$45,4 млрд • Интернет, телекоммуникациялар
Жасы: 63 • Жапония

SoftBank Vision Fund, WeWork-қа аса шығынды инвестициялармен байланысты қиын уақыттан өткен соң, азық-түлік жеткізу бойынша DoorDash қосымшасының және корейлік Coupang онлайн-ретейлерінің сәтті IPO-сы арқасында, Сон салтанатты түрде ойынға қайтып келді.

30. Майкл Делл
$45,1 млрд • КомпьютерЛЕР
Жасы: 56 • АҚШ

Dell Technologies акцияларының құны, ішінара рекордтық сатылым көлемінің арқасында ($94,2 млрд), тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткенде, Деллдің қаржылық жағдайы екі есеге жуық ұлғайды.

31. Тадаси Янаи отбасымен
$44,1 млрд • Бөлшек киім саудасы
Жасы: 72 • Жапония

Дәулетін киім бұйымдарын сатудан тапқан жапондық миллиардердің капиталы, өзіне тиесілі Uniqlo брендінің күнделікті киімдер жиынтығына және олар шығаратын үш қабатты бетпердеге пандемия уақытында сұраныс артқанының арқасында, 2 есеге жуық ұлғайды.

32. Франсуа Пино отбасымен
$42,3 млрд • Сән-салтанат бұйымдары
Жасы: 84 • Франция

Сән-салтанат бұйымдары нарығындағы үздіктердің бірі Kering конгломератының негізін қалаушы, Париждегі XIX ғасырдағы Bourse de Commerce («Тауар биржасы») ғимаратында көптен күткен өнер музейін биыл ақыры ашатын болды.

33. Дэвид Томпсон отбасымен
$41,8 млрд • Медиа
Жасы: 63 • Канада

Аса бай канадалық, акциялары биржада жария саудаланатын және соңғы жылда 16%-ға ұлғайған медиа алып Thomson Reuters-тің директорлар кеңесін басқарады.

34. Беате Хайстер мен кіші Карл Альбрехт
$39,2 млрд • Супермаркеттер
Германия

Ағасы мен қарындасы немістік Aldi Sued дискаунтерлер желісін мұраға алған. Пандемия уақытында келушілер санын есептеу және дүкендерге қолжетімділікті реттеу үшін 3D-сенсорлар қолданыла бастаған.

35. Ван Вэй
$39 млрд • Тасымалдар
Жасы: 50 • Қытай

Оған тиесілі «қытайлық FedEx», S.F. Express компаниясының кірістері, 2020 жылы локдаун уақытында онлайн-сатылымдар күрт өскенінің арқасында, 37%-ға ұлғайды.

36. Мириам Адельсон
$38,2 млрд • Казино
Жасы: 75 • АҚШ

2021 жылы қаңтарда қайтыс болған Шелдон Адельсонның жесірі, біртіндеп Азия нарығына назарын аударып келе жатқан Las Vegas Sands казино операторының 56%-ын бақылайды.

37. Хэ Сянцзянь
$37,7 млрд • Тұрмыстық техника
Жасы: 78 • Қытай

Электр құралдарын өндіруші Midea Group негізін қалаушылардың бірін, қауесет бойынша, өткен жылы мау-
сымда ұрлап кетпек болған екен. Бірнеше адам жарылғыш заттарды қолданып, үйіне кірмекші болыпты.

38. Дитер Шварц
$36,9 млрд • Бөлшек сауда
Жасы: 81 • Германия

2021 жылы ақпанда аяқталған, Kaufland және Lidl супермаркеттер-дискаунтерлердің иесі Schwarz Group сатылымы, күткендей-ақ,
12 айдың ішінде 23%-ға өсіп, $170 млрд көрсеткішіне жетті.

39. Чжан Имин
$35,6 млрд • TIKTOK
Жасы: 37 • Қытай

Чжан 2012 жылы төрт бөлмелі пәтерде, қысқа видео жариялауға және қарауға болатын танымал TikTok қосымшасын жасаған ByteDance компаниясының негізін қалады. 2020 жылы желтоқсанда өткен қаржыландыру раундының шеңберінде «сыңармүйіз»-компания 180 млрд долларға бағаланды.

40. Джованни Ферреро
$35,1 млрд • NUTELLA, шоколадтан жасалған өнімдер
Жасы: 56 • Италия

Бүкіл әлемге Nutella, Tic Tac және Kinder тәттілерімен кең танылған Ferrero Group директорлар кеңе-сінің төрағасы, империясын британиялық печенье шығарушы Fox’s Biscuits компаниясындағы үлесімен ұлғайтты.

41. Алан Вертхаймер
$34,5 млрд • CHANEL
Жасы: 72 • Франция

41. Жерар Вертхаймер
$34,5 млрд • CHANEL
Жасы: 70 • Франция

Chanel сән брендінің негізін қалаушылардың бірі Пьер Вертхаймердің немерелері, ағайындылар, люкс санатындағы тауарлар сег-ментінің қалпына келуі аясында, әрқайсысы 17 млрд долларға баи түсті.

43. Ли Ка-Шин
$33,7 млрд • Әр тарапты бизнес
Жасы: 92 • Гонконг

Гонконгтің ең бай адамы дәулетін шетелдік активтерінің, оның ішінде Zoom мен Celsius энергетикалық сусындар өндірушідегі үлестерінің арқасында 12 млрд долларға ұлғайтты.

44. Цинь Инлинь отбасымен
$33,5 млрд • Шошқа шаруашылығы
Жасы: 55 • Қытай

1992 жылы Цинь әйелі Цянь Инмен бірге шошқа асырай бастайды, алғашқыда 22 бас болған. Бүгінде ол – Қытайдағы ең ірі шошқа етін өндіруші. Цинь де, жұбайы да әлі күнге компанияның директорлар кеңесінің құрамына кіреді.

45. Уильям Лэй Дин
$33 млрд • Онлайн-ойындар
Жасы: 49 • Қытай

Оған тиесілі, Nasdaq-та листингіленетін, видео-ойын әзірлеуші NetEase кірісі 2020 жылы 24%-ға ұлғайды, себебі пандемия мен барлық жердегі локдаундар онлайн-ойындар мен қашықтан оқыту құралдарына сұранысты күрт өсірді.

46. Лен Блаватник
$32 млрд • Музыка, химикаттар
Жасы: 63 • АҚШ

Блаватникке тиесілі Warner Music дыбыс жазу компаниясы 2020 жылы маусымда биржаға шыққан соң, шамамен 18 млрд долларға бағаланды, бұл бизнесмен оны 2011 жылы сатып алған сомадан 5 есе көп.

47. Ли Шауки
$31,7 млрд • Жылжымайтын мүлік
Жасы: 93 • Гонконг

Компаниясы Henderson Land акцияларының құны пандемия кезінде бірде жоғарылап, бірде төмен түсіп, құбылып тұрды, алайда олар тарихи рекордынан біраз кем болса да, жылды өсіммен аяқтай алды.

48. Жаклин Марс
$31,3 млрд • Тәттілер, жануарлар азығы
Жасы: 81 • АҚШ

48. Джон Марс
$31,3 млрд • Тәттілер, жануарлар азығы
Жасы: 85 • АҚШ

Ағайынды-қарындасты Марс-тарға тәттілер, азық-түлік пен үй жануарларына арналған азықтар шығаратын $40 миллиардтық (сатылым көлемі бойынша) компанияның шамамен үштен бір-бір үлесі тиесілі. M&M’s және брендтерімен неғұрлым танымал Mars Inc. 2020 қарашада энергетикалық шағын батондар өндіретін Kind-ті сатып алды. Үш жыл бұрын сонда миноритарлық үлесі болатын.

50. Ян Хуэйянь отбасымен
$29,6 млрд • Жылжымайтын мүлік
Жасы: 39 • Қытай

Country Garden Holdings девелопер компаниясының аса ірі акционерінің мұрагері, сонымен қатар акциялары АҚШ-та саудаланатын Bright Scholar Education Holdings білім беру фирмасының директорлар кеңесінің төрайымы. 

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Pana: осознанное онлайн-бронирование »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Куанышбек Есекеев: 5G, интернет в сёлах и киберспорт

Смотреть на Youtube

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Смотреть на Youtube

Что будет с экономикой Казахстана в 2021 году? Мнение экспертов

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить