Бүлдіргі келе жатыр

5810

Биылғы қаңтар қасіретті болса да, қыс қатты болмады. Бірақ көктем де ерте шықты десек те, сол «жылы» қыстың қаңтардан қасаттанып қалған қайғысы жібитін түрі жоқ. Қақ маңдайынан оқ тиіп қырылған қазақтың суықсұлық сұлбасы – көкей көзінен, арсылдаған автоматтың арыл-дарылы – керең болғыр құлақтан әлі күнге кетпейді.

Қазақстан тарихында мәңгілік қалатын сол қаңтардың қасіретті сабағы түрткі болды ма екен, келіп жеткен көктеммен бірге құрылудың қамын күйттеген жаңа саяси партиялар да қаулай бастады. Назарбаевтан кейін сіресіп қалған саяси мұра өзгермейтініне, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ақордалық билігі ол мұраның мұртын бұза алмайтынына көзі жеткен қоғам өз бетімен қарбаласқа кірісті. Бұрыннан қамданып жүрген жанболаттық Демпартия мен күшенісі күшті «Байтақ болашақ», соңынан елді ертпек «Ел тірегінің» қатарына «Намыс» пен «Ынтымақ» қосылды.

Қоғамның санасын парламенттік сайлау мерзімінен бұрын өтеді деген елес кезіп кетті. Бәлкім, солай да болатын шығар. Қаңтардың қайғы- қасіретін жылы бүркеп қалдыру мүмкін емес. Қотарылған қоғамды тыншытудың басты амалы – парламенттік сайлау. Тоқаевтың аузынан шыққан «Жаңа Қазақстан» іс жүзіне асырылмаса, тағы бір Қаңтар тууы әбден мүмкін. Сондықтан еңіреген елмен бірге назарбаевтық нойыс режимді өзгертуге бел буып, партия құрмақ азаматтардың бастамасы құптауға тұрарлық.

Бірақ бұл жерде биліктің басын бүгін болмаса, ертең әбден қатырар бір қитұрқы қылаң береді. Партия құрмаққа қам жасап жүрген бұрынғы- лар – қоғамға етене таныс. Олар назарбаевтар нығыздап қалыптастырған, тоқаевтар танбаған бұралқы заңның аясынан шықпаған, радикалдық қадамға бармай, әзірге саяси әдеп сақтаған салқынқанды өзгеріс жолын таңдаған тәртіптің адамдары. Олар парламенттің партасында отырып-ақ қоғамның қотырын жазамыз деген адами нысаптағы ниетті қалайды. Қаңтардың қайталануына тіптен де мүдделі емес.

Ал елде қалған жалғыз ғана легитимді президенттік билікті тартып алу үшін тағы бір қаңтарды қолдан жасауға бейім нойыстар нақұрыс партия құруға кіріскенін тоқаевтар біле ме екен? Осындай озбырлар қазірдің өзінде ел ішінде аты мен заты бар азаматтарға «құда түсіп», ашқұрсақ қоғамда қайыршының кебін киген өкілдерді өзіне тартып жатқанын сезер ме екен?

Кім білсін, мүмкін сезетін шығар: ол озбырлар – халықтың қазынасын аяусыз талан-таражға салып, ұрлықтың ұсқынымен «тапқанын» шеттегі шотқа тыққан «кекшілдер». Олар – өздерінің арам пиғылын қоғамға таңу үшін, түпкі ниеті кек қайтарудың құнкер партиясын құрудың қамын күйттегендер.

Жанболаттар парламентке елді өзгертеміз деп барар болса, Эмираттан екіленіп келетін эмиссарлар тасада тұрған қожайынын қайтадан билікке әкелейін деп келеді. Оларға «Жаңа Қазақстан» қажет емес.
Оларға – бұрынғы билігін қайтарып алу, қазақты қанап тапқан байлығын сақтап қалу әлдеқайда қымбат.

Сонда мынау қарама-қайшылық- қа қараңыз: олар Тоқаев пен оның билігін жер-жебіріне жетіп сынайтын болады. Бұрынғы оппозицияның риторикасы айдалада қалады. Төсектен өсекке дейінгі компраматты көлдей төгеді. Себебі олар халықтың жақтауы мен сайлаудағы дауысын жинау үшін доллары мен долбарын аямайды. Өйткені олар үшін таразыға тартылған өл-тіріл мүдделі мәселе бар – билікке қайтып келу!

Дәл осындай жағдайда бұрынғы оппозицияға не істемек керек? Эмираттықтарға еріп, Тоқаевты тоңқалаң асырудың арам айласына қосыла ма, жоқ әлде әлі де өле қоймаған үмітпен тоқаевтық «Жаңа Қазақстан» жағына шыға ма? «Бұрынғылар» үшін екі таңдаудың қайсысы қолайлы?

Айтпақшы, сайлау кампаниясы кезінде үшінші жол болмайды. Сыртында «сақалдылар» тұрған партияның риторикасын жақтайтын болса, Қазақстанды қайтадан баяғы былығына батырудың қамын қылады; ал назарбаевтық мұраға мұрындық болған Тоқаевтың «ит терісін басына кептеудің» керін қылмаса, электораттан айырылады. Міне, «бұрынғы оппозициядан» бұрын, Ақорданың басын қатыруы тиіс болашақ қитұрқының қисыны мен парадокстың пайымы осы.

Ойланатын жәйт! Қасым- Жомарт мырза мен Қасекеңнің қасындағылар қатты ойлануы тиіс жағдай. Бүгінгілермен бірге бола ма, жоқ әлде «реванштың» ретімен билікті тартып алмақ эмираттық бүлдіргімен бірігіп кете?

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Pana: осознанное онлайн-бронирование »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Бексултан Казыбек: Aminokka в Disney, BIP House в США, сумасшедшая фанатка и встреча с министром

Смотреть на Youtube

Ержан Есимханов — о январских событиях, коррупции и неравенстве

Смотреть на Youtube

Газиз Абишев: бунт Пригожина, будущее России и Казахстана

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить