Еңбек нарығы трансформациялануда

6206

Қазақстанда жұмысбасты халық шоғырланған салаларға сауда, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп, құрылыс және көлік тасымалы жатады. Бұл салалардағы мамандар жалпы жұмыс істейтін 8 миллион 700 мыңнан астам адамның 70%-ын құрайды. 2020 жылы әсіресе, сауда, қызмет көрсету, тасымал саласының қызметкерлерінің саны біршама кеміді. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде ғана. Яғни, жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген жұмыссыздар саны 448,8 мың. Бұл пандемияға дейінгі кезеңнен 0,1%-ға ғана артық. Шынтуайтында, жұмыссыздар саны бұдан көп екендігі анық. Сонымен қатар, пандемия кезінде біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмыстағы адамдар: даяшылар, жүк түсірушілер, тазалаушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары жұмыссыз қалғандығын да айта кеткен жөн.

Электронды еңбек биржасында түйіндеме мен бос жұмыс орындарының саны биыл өткен жылмен қарағанда екі есе артқан. Пандемия жағдайында жалпы жоғары білікті кәсіби мамандарға, электронды сату, бухгалтерлік қызметтер, ақпараттық технология, Интернет, байланыс, банк саласы мамандарына, жүргізуші, интернет-маркетологтар, әлеуметтік медиа маркетологтарға тапшылық бар. Ең көп бос жұмыс орындары медициналық сала қызметкерлері мен білім беру саласының еншісінде.

Еңбек нарығындағы осындай фонда жоғары білікті мамандардың басқа мемлекеттерге қоныс аудару тенденциясы байқалуда. Мәселен, 2020 жылы жалпы көшіп кетушілер мен келушілер саны карантинге байланысты алдыңғы жылмен салыстырғанда аз болғанымен, 15 599 адам қоныс аударып үлгерген. Оның ішінде техникалық білімі барлар – 4471, экономистер – 2332, педагогтар – 1454, медицина салаларының қызметкерлері – 759 адам. Жалпы салалар бойынша сальдо – минус 1119. Жалпы бұл тенденция 2014 жылдан бері тұрақты өсіп отыр.

Осы орайда Қазақстан үшін экономиканының нақты секторларында көбірек жаңа жұмыс орындарын ашып, білікті мамандарды жұмысқа тартып, біліктілігі төмендерді қайта оқыту маңызды бола бермек. Әсіресе, нақты бір өнім шығаруға бағытталған, өңдеуші өнеркәсіп саласында тұрақты жұмыс орындарын ашу, халықтың кірісінің көлемін арттыру – әсіресе жұмыссыздық жоғары аймақтар үшін аса өзекті.

Ал еңбек нарығы ары қарай мына бағыттар бойынша трансформацияланады:

  • икемді жұмыс кестесі сақталады, жұмыс барысындағы жиналыстар мен келіссөздерді онлайн өткізу жалғасып, үйден жұмыс жасаушылар үлесі артады. Әсіресе, үй жағдайында жұмыс істеушілер үлесі артып, кеңселерге деген сұраныс азаяды;
  • жаңа жағдайға бейімделмеген немесе тұрақты табысын сақтап қала алмаған шағын кәсіпкерлік өкілдері бірігуі немесе ары қарай жұмысын да тоқтатуы мүмкін;
  • тұтынушылардың талабы артып, қызмет көрсету саласында тұтынушы үшін бәсеке күшейе береді, осыған орай ұйымдар одан ары қарай да барынша тұтынушыларға бағытталған сервис ұйымдастыруға тырысады;
  • жұмыс берушілер ұқсас қызметтер көрсетуге бір ғана маманды жұмысқа алуға ұмтылады: еңбек нарығында «бес аспап», кез келген жағдайға, өзгеріске икемді, soft skills қабілеттерге ие мамандарға сұраныс артады;
  • әлеуметтік медиа мамандары, мәліметтер сарапшысы (дата-аналитик), IT-мамандарға және онлайн білім, бизнес-кеңестер беруге, тауар жеткізушілерге деген маман тапшылғы жалғаса береді. Осылайша пандемия жекеленген адамдардың мамандығын ауыстыруына, басқа салаға бейімделуіне ықпал етуде. Осы орайда оқу орындары білім сапасын күшейтіп, мамандық түрлерін қайта қарауы тиіс. Жоғары білім дипломдары емес, қысқа мерзімді курстар оқыған, нақты бір сала бойынша кәсіби дағдылары бар мамандарға сұраныс арта бермек. Қазір еңбек нарығында географиялық, ұлттық шектеулер жоқ. Бұл мүмкіндікті жұмыс берушілер мен іздеушілер де барынша қолдануда. Онлайн-қызметтердің өсуімен бұл тенденция ары қарай да күшейе береді. 

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Как сеть клиник «Diaverum Казахстан» за восемь лет выросла в шесть раз »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Раимбек Баталов: санкции, переезд российского бизнеса, помощь предпринимателям

Смотреть на Youtube

Как управлять 280 аптеками, развивать супермаркеты, строить новые рестораны и открывать гостиницы

Смотреть на Youtube

Антон Долин: отъезд из России, коллеги по «Вечернему Урганту», русское кино во время войны

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить