Жаппай хантинг басталды

7650

Өтіп бара жатқан 2020 жылдың отандық нарыққа тән басты көрсеткіші – жаһандық пандемиядан ауыр соққы алған Қазақстан бизнесі біртіндеп қалыпқа келе бастады. Әрине, бұл процесс әлі де болса ұзаққа созылады, пандемияға дейінгі динамикаға жету үшін, кем дегенде 12–18 ай керек. Шағын және орта бизнес коронакүйзеліс қыспағынан 2021 жылдың екінші жарты жылдығында шыға алады деп үміттенуге болады, өкінішке қарай, біразы едәуір шығынға бататыны анық.

Шағын және орта бизнес құрылымында, әдетте, орта бизнес көбірек және ең алдымен зардап шегеді. Қазірден-ақ байқауға болады: жеке және шағын бизнес өкілдері (үйдің қасындағы дүкендер мен дүңгіршіктер, техникалық қызмет станциялары, дөңгелек жөндеу, т.б.) штатты режимде жұмыс істеп жатыр. Жеке кәсіпкер ретінде олар бірқатар салық түрінен босатылған. Резервтік қор жинақтап үлгерген, айналым мүмкіндігі мол ірі бизнес те бүгінде қайтадан серпін ала бастады. Ал орта бизнестің тәуекелдері әлі де айтарлықтай көп – оларда, біріншіден, ұжым іші өсе түскен, екіншіден, шығындары елеулі, үшіншіден, касса алшақтығы, салық тауқыметі, өнім және жабдық жеткізудегі кедергілер сынды өзге де бірқатар қиындықтар жетіп асады. Сол себепті де орта бизнес өкілдері арасында банкротқа ұшырап жатқандар аз емес.

Ұлттық банк орта және шағын бизнесті жеңілдетілген жолмен кредиттеу бағдарламасы бойынша алдымен 600 млрд теңге, артынша кредит мөлшерлемесін субсидиялауға 200 млрд теңге бөлді. Жалпылай алғанда, бұл – Ресейдің кәсіпкерлік салаға бөлген қолдауынан (90 млрд рубль) 1,3 есе артық қаражат. Әрине, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстары дұрыс әрі дер кезінде болғанын айта кету керек. Алайда бұл талапты орындау барысы, әдеттегідей, кеңінен ақсап жатыр. Нәтижесінде біз қазір коммерциялық банктерде шоғырланған орта және шағын бизнесті қолдау қаржысының тиімді әсерін байқай алмай отырмыз.

Біріншіден, жеңілдетілген кредиттеу шарасы екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуда, ал олар орта және шағын бизнес жұмысында айтарлықтай тиімді емес. Өкінішке қарай, отандық банктер қазір өздері де дамып жатқан жоқ, өзгелерге де даму мүмкіндігін беруді қойған. Мысалы, орта және шағын бизнес өкілдеріне айналым капиталын толықтыруға жоғарыда айтылған бағдарлама бойынша банктерден кредит алуға жылдық мөлшерлеме 8%-ды құрайды, ал кредитті қайтару мерзімі бар болғаны 12 ай. Бүгінде бірде-бір бизнестің 12 айдың ішінде ақша қайтарып беретіндей қауқары жоқ: кәсіпкерлердің басым бөлігінде маржа үлесі 5–7%-дан әрі аспайды.

Пандемия салдарында қазір көптеген кәсіпкерлер банкротқа ұшырауда. Бүгінде елімізде қанша кәсіпорын жабылып, қанша бизнес құрдымға кеткенін ешкім де тура көрсетіп, айта алмайды. Қазіргі таңда отандық нарық ішінде кеңінен көрініс берген жаңа тренд – еңбек нарығында жұмыс іздеген кешегі кәсіпкерлер мен басқарушы менеджерлер қатары көбейе түсті. Компания басшысы ретінде мұндай үміткерлермен сұхбат жүргізу мен үшін шынында да қызықты. Олар әдетте өз ұстаным-көзқарасы бар, жігерлі де белсенді іскер азаматтар. Сондықтан да қазіргі кезеңді жаңа шешімдер мен жаңа мамандар таңдауда ыңғайлы сәт деп қабылдаған дұрыс.

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Pana: осознанное онлайн-бронирование »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Маргулан Сейсембаев про собственный бизнес, стратегию инвестирования и институте репутации

Смотреть на Youtube

Что будет с экономикой Казахстана в 2021 году? Мнение экспертов

Смотреть на Youtube

Газиз Абишев: бунт Пригожина, будущее России и Казахстана

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить