Редактордың сөзі

5544

ФОТО: © Данияр Асылбек

Пандемия кезінде ең көп зардап шеккен салалардың бірі – білім беру саласы.

Forbes Kazakhstan шығарушысы Арманжан Байтасовпен ақылдаса отырып, журналдың осы санын білім беру мәселесіне арнаймыз деп шештік. Бұл бекер таңдау емес. Білім беру саласы бұрынғыдай болмайтыны анық. Вирус жаңа шешімдерді іздеуге итермелеп жатыр.

Сарапшлылардың айтуы бойынша, қашықтан оқу форматы оқушылардың білімді толық меңгере алмай, әлеуметтену үдерісінен шеттетіліп қалуына әкеп соқты. Мектеп дегеніміз – балалар тек біліп алып қана қоймай, олардың әлеуметтік дағдылары қалыптасатын, қарым-қатынас құруды үйренетін орта. Құрдастары мен мұғалімдерімен жүзбе-жүз араласу мүмкіндігінен айырылу балалардың когнитивті қабілеттеріне де әсерін тигізді.

Пандемияның білім беру саласына тигізген зардабынан оңалу үшін он шақты жылдай уақыт керегі де айтылуда. Қашықтан оқу моделі білім берудің негізгі моделі бола алмасы анық.

Мұны біз елімізде пандемия кезінде жаңадан ашылған жекеменшік мектептердің үлгісінен байқай аламыз. Сондай оқу ошақтарының бірі – Қазақстанның ең беделді кәсіпкерлерінің бірі Берік Қаниев пен Айдын Рақымбаевтың бастамасымен биыл астанамызда бой көтерген Quantum STEM School.

Біз Берік Қаниевпен не үшін инновациялық мектеп ашып, білімге инвестиция салып жатқаны туралы әңгімелестік. Сонымен қатар, сұхбат барысында Республикалық физика-математика мектептерінің қызметі, оның өткені мен бүгінін талқыладық.

Бұдан бөлек тағы бір мектеп – BINOM SCHOOL да биыл іске қосылды. Бұл қандай мектеп, сапалы һәм қолжетімді білім бере ала ма деген сұрақтардың жауабын іздеп, басшылығынан сұхбат алып, оқырманға ұсынып отырмыз.

Бұл нөмірді дайындау барысында Алматы облысында орналасқан Лепсі ауылына барып, ол жердегі мектеп-интернаттың тәжірибесімен таныстық. Бұл оқу орны спортқа басымдық береді және кәсіпкер Бауыржан Оспановтың қолдауын көріп отыр. Мұндағы оқушылар халықаралық жарыстарда топ жарып, жоғары оқу орындарына түсуде де жоғары көрсеткіштер көрсетіп жатыр. Арнайы дайындаған материалымызда бұл мектептің тәжірибесін басқа ауылдарға да көшіруге бола ма деген сұрақтың жауабын іздедік.

Жоғары оқу орындары да трендтерден қалыс қалмауда. Мәселен, жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан Farabi Business School ашылды. Университеттің ректоры Жансейіт Түймебаев журналымызға берген сұхбатында бизнес-мектептің қандай мақсатпен ашылғанын, кімдер сабақ беретінін және ғасырға жуық тарихы бар білім ордасының қалай жаңарып жатқаны туралы әңгімелеп берді.

Білім беруді цифрландыру күндізгі оқу түрін қашықтан оқытуға алмастыра алмайды, бұл тек білім беруді қосымша мүмкіндіктері болып қала бермек. Десе де, әсіресе пандемия кезеңінде білім беруді цифрландыру өзекті тақырыпқа айналды. Bugin.Holding директоры Айбек Қуатбай карантин кезінде қалай мектеп бағдарламасын шұғыл цифрландырып, қанша табыс тапқанын бөлісті.

Цифрландыру саласына бағыт алған тағы бір кәсіпкер – Марғұлан Сейсембай. Біз онымен былтыр да сұхбат құрғанбыз, бірақ бір жыл бұрын қозғаған тақырыбымыз – кәсіпкердің қоғамдық белсенділігі болса, осы жолы тұлғалық даму, бизнес, жоспарлау және басқа да көптеген тақырыптар бойынша білім беретін Margulan.info платформасының жұмысы мен мақсатын көтердік.

Сонымен қатар, осы жолы бірқатар сарапшы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, колумнист ретінде пікірлерін ортаға салды. Оларға алғысымызды айтқымыз келеді.

Айтқандай, былтыр ғана жарық көре бастаған Forbes Kazakhstan журналының қазақ тіліндегі нұсқасы биыл баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы Urker ұлттық сыйлығын «Үздік жыл журналы» номинациясында жеңіп алғанын да атап өткім келеді.

Балаларымыз аман һәм білімді болсын!

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Pana: осознанное онлайн-бронирование »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Зачем нужны микрофинансовые организации и что стоит знать перед получением займов

Смотреть на Youtube

Түркияның IT-нарығын бағындырған қазақ кәсіпкері

Смотреть на Youtube

Юрий Негодюк - о кофе, налогах и тромбоне

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить