Мемлекет NEET жастарына қолдауды күшейткісі-ақ келеді

17242

2023 жылдың наурызынан бастап еліміздегі жастардың саны айтарлықтай ұлғайып, былтырғы 3,8 млн адамнан 5,7 млн адамға дейін жетті. Бұл ел халқының үштен біріне жуық шама

Фото: © Depositphotos.com/amixstudio

Айта кетейік, еліміздегі қолданыстағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға енгізілген түзетулерден кейін, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда «жастар» деп 14–35 жас аралығындағы азаматтар танылады.

ҚР СЖРА Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, 2022 жылдың басында Қазақстандағы жастардың саны 3 833 435 адамды құраса (14–28 жас аралығындағы ), 2023 жылдың басында – 5 726 629 млн адамға (14–35 жас аралығы) жеткен. Қазір елімізде заңмен бекітілген «жастармен жұмыс жөніндегі маман» деген жауапты қызмет те бар. Бұл қызметке кіріскен маман – жастардың жеке адам ретінде және әлеуметтік тұрғыда дамуын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс.

2023 жылдың маусымында Energoprom.kz жария еткен мәліметке сүйенсек, Қазақстандағы жастар ең көп шоғырланған өңірлер деп: Алматы (722,2 мың адам немесе қала халқының 33,4%-ы), Астана қалаларын (468,4 мың адам немесе қала халқының 34,6%-ы) және Түркістан облысын (682,1 мың адам немесе облыс халқының 32,2%-ы) айтуға болады.

Energyprom.kz сайтынан

Әрине, ел ішіндегі жастардың қатары ұлғайды дегенде – отандық еңбек нарығына жаңа күш, жаңа леп серпін береді деп түйіндеуге де болар еді. Алайда, отандық сарапшылар бүгінде қазақстандық жастардың арасында күнделікті жұмыс әдеті мен өзін-өзі қамтымасыз ету дағдылары төмен не мүлдем жоқ азаматтардың бой түзеуіне алаңдаулы. Әңгіме – NEET санатындағы жастар мәселесі дегенге келіп тіреледі.

NEET – not in Education, Employment or Training, ағылшын тілінен аударғанда «білімі, жұмысы немесе кәсіптік даярлығы жоқ» деген мағынаны білдіреді. «2023 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы 15–34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6%-ды құрады. Жұмыс істемейтін және оқымайтын не кәсіптік білім алмайтын NEET жастарының үлесі 7,5% (401,6 мың адам)», - деп көрсетті биыл 11 тамызда жария еткен мәліметінде ҚР СЖРА ҰСБ.

Айман Жүсіпова, сарапшы
Айман Жүсіпова, сарапшы

Eurasian center for people management орталығының жоба жетекшісі Айман Жүсіпованың айтуынша, жастардың өзін-өзі шектеп, әлеуметтік ортадан ұзақ мерзімге қалыс қалуы – физикалық және психикалық проблемаларға жалғасуы мүмкін, сондықтан NEET санатындағы жастардың мәселесін бүкіл қоғам болып қадағалауды ескеру керек.

«Әрине, мемлекет NEET жастарына қатысты проблеманың маңыздылығын түсініп, оны төмендетуге бағытталған бірқатар шараларды қолға алуда. Бірақ олар қаншалықты тиімді? Кәсіпорындарда жастарды мемлекет қаржыландыратын жұмысқа орналастыруға қатысты бақылау жоқ. Осы механизмнің арқасында жастар кәсіби қызметте тәжірибе жинап, болашақта қолайлы жұмыс таба алады деп болжанған. Бірақ бұл процесті кім және қалай бақылап отыр? Яғни, жас мамандарға жалақыны субсидиялауға бөлінген қаражаттың қаншалықты ұтымды пайдаланылатындығы туралы түсінік жоқ», - дейді әлеуметтанушы.

Сарапшы маман мемлекеттік шаралардың әлі де болса түсініксіз тұстары аз емес деп отыр.

«2023 жылғы наурызда бюджеті 1 млрд АҚШ долларынан асатын 2023–2027 жылдарға арналған жастар саясатының тұжырымдамасы бекітілді. Бұл ретте тұжырымдаманың негізгі бағыттарының бірі NEET жастарының үлесін 6,7%-дан 3,5%-ға дейін қысқарту. Несие беру, жастарды (2,3 млн жастар) жұмысқа орналастыру және жоғары біліммен қамтамасыз ету (2,8 млн жастар) көзделген. Бірақ NEET жастарының қай санатына көмек беретіні және бұл шаралардың қалай жүзеге асатыны әлі де түсініксіз», - дейді Айман Жүсіпова.

Қарағанды облысының «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің мәлімдемесі бойынша, индустриалды орталық саналатын Қарағанды өңірінде үш мыңдай бос жұмыс орны бар. Алайда, облыстың еңбек нарығындағы бұл ұсыныстарға жастар жағы тіленіп келіп жатыр дей алмаймыз.

Біржан Әлімжанов, жастар саясаты жөніндегі басқарма жетекшісі
Біржан Әлімжанов, жастар саясаты жөніндегі басқарма жетекшісі

«Жастар тарапынан сұраныс аз. Өйткені, еңбекақысы төмен. Жастардың арасындағы білімсіздік экономикалық тұрғыда үлкен проблема. Оларды бұл проблемамен жеке өздерін қалдыруға болмайды. Жастар үшін білімнің қолжетімді болғаны дұрыс. Жоғары білім міндетті емес дейік, бірақ орта не техникалық білім қажетті: біліктілігі бар адамды жұмысқа орналастырып, лайықты еңбек жағдайын жасау мүмкіндігі де зор», - дейді Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Біржан Әлімжанов.

Жұмыссыз жастардың қатарында жеке өмірлік таңдауына байланысты жұмыс іздемейтін жастар да бар. Олар мемлекеттің көмегіне мұқтаж емес, жеткілікті байлыққа ие, хоббимен, өзін-өзі тәрбиелеумен, саяхаттаумен немесе жай ғана бос өмір салтын ұстанғанды жөн көреді.

Мұнымен Біржан Әлімжанов та келісіп отыр: «Жұмыс істеп, табыс тауып жүрсе де, оны ресми мәлімдемейтін адамдар бар. Мысалы, жеке кәсіппен айналысады, әртүрлі қызмет түрлерін көрсетеді, бірақ еш жерде тіркелмеген. Мемлекеттік органдар тұрғысынан қарағанда, олар ұзақ уақыт жұмыссыз жүрген, жұмыс табыс таппай жүрген адамдар, алайда, әлеуметтік тұрғыда олардың жағдайы өте жақсы. Бірақ ресми түрде NEET санатына жатқызуға болады».

Мемлекеттік іс-шарада жастардың қай санатына қандй қолдау көрсететілетіні анық көрсетілгені дұрыс, деп есептейді өз кезегінде әлеуметтанушы Айман Жүсіпова.

«Мысалға, анықтамада «жұмысқа орналасқысы келетін жұмыссыз жастар» ретінде бекітілуі керек. Бұл санат мемлекеттік қолдаудың назарында болғаны дұрыс. Жастардың қай санатымен жұмыс істеп, әр санат үшін қандай шараларды жеке-жеке қабылдау қажет – осыны нақты белгілеп көрсету керек. Жастарды статистика тұрғысынан да, мемлекеттік қолдау шараларымен қамту тұрғысынан да есепке алу керек», - дейді сарапшы.

Ел ішінде NEET санатындағы жастарға қатысты кең тараған мәселенің бірі – бұл топ, бұл санат «қоғам үшін қауіпті ме, олардың қылмыс жасау әлеуеті қандай?» деген тұрғыда өрбуде.

«NEET жастары мәдениетсіз, қылмысқа жақын» деп үзілді-кесілді айтуға келмейді. Себебі жұмыссыздықтың себеп факторлары әртүрлі. Десе де, ұзақ уақыт жұмыс істемей, бос жүрген адам теріс қылықтарға жақын болуы ықтимал. Күн көретін табысы болмаса, жағдайын жасау үшін ұрлыққа барып, әртүрлі заңсыз жолға түсіп кетуі де әбден мүмкін. NEET жастары осы топқа кіреді», - деп есептейді Біржан Әлімжанов.

Оның айтуынша, NEET санатындағылар, әдетте, нақты бір жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, біліктілігін арттырмайтын жастар. Әлеуметтіктұрғыда аз қамтамасыз етілген, мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін топтар арасынан жиі шығады.

Ал әлеуметтанушы Айман Жүсіпова болса, «Қаңтар» оқиғасын тілге тиек етіп, NEET санатындағы жастарды кез келген оғаш қылыққа «итермелей» берген дұрыс емес деп отыр.

«Көпшілік арасында қалыптасқан бір стереотип бар – «Қаңтардағы» тонауға алаңға келген жастар кінәлі деген. Бұл мүлдем дұрыс емес. Тіпті, сол тұста көшеге шыққандардың арасында жастардың саны көбірек көрінді дегеннің өзінде, дәл тонауға қатысқандардың арасында әртүрлі жастағы қала тұрғындары болды», - дейді сарапшы.

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Біржан Әлімжановтың айтуынша, бүгінде жұмыс істеймін, кәсіппен айналысамын деген жастарға мемлекет әртүрлі грант ұсынып отыр. Ең бастысы, жастардың өз ниеті, ықыласы болуы тиіс.

«Еліміздің кез келген өңіріндегі «Жұмыспен қамту орталықтары» бұл тұрғыда қызығушылық танытқан қыз-жігіттерге тиісті ақпарат ұсынып, бәрін түсіндіріп береді», - дейді жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы.

Фотосуреттер спикерлердің жеке архивінен өз рұқсатымен алынған

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Как сеть клиник «Diaverum Казахстан» за восемь лет выросла в шесть раз »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Андрей Мовчан: мигранты, курс рубля, инфляция

Смотреть на Youtube

ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ

Смотреть на Youtube

БИРЖА: КАК НЕ ПОТЕРЯТЬ ВСЁ

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить