Мықты болу

1942

Топ-50 пікірінше, Қазақстан үшін Ресей стратегиялық одақтас болатын әрі инвестиция салатын перспективалық елдердің ішінде аутсайдерлердің қатарында

ФОТО: © Depositphotos.com/OndrejProsicky

Осы жылы дәстүрлі бей-есімді сауалнамамызда тізім қатысушыларынан тікелей инвестиция үшін қай елдер ең қолайлы, ал орта мерзімді перспективада экономиканың қай секторлары ең табысты болатынын анықтап көрдік. Криптонарыққа инвестиция салды ма, оның қалпына келетініне сене ме — осыны да сұрап білдік. Инфляция, Ресей мен Украина арасындағы соғыстан туындап отырған тұрлаусыздық, логистиканың қымбаттауы, қайталама санкциялар салыну қаупі, популизм, үкіметтің құзырсыздығы немесе әлсіздігі, жаһандық экономиканың тоқырауы, тағы басқасы — осылардың ішінен өз бизнестері үшін қайсылары көбірек қауіп-­қатер төндіреді деп санайды? Сондай-ақ топ‑50 қатысушыларынан кімдерді Қазақстанның стратегиялық одақтастары санайтынын да сұрадық (Қытай, Түркия, Ресей, ұжымдық Батыс, ОА мемлекеттері, басқалары).

Жауап бергендердің көпшілігі өз бизнесі үшін Қазақстан мен АҚШ-ты ең тартымды елдер ретінде атады (33%-дан). Ерекше қызықтырып отырғандар қатарында — Өзбекстан, Оңтүстік-­Шығыс Азия елдері, Үндістан (19%-дан), Түркия, БАӘ, Вьетнам және Украина (14%-дан). Индонезия, Қытай, Қырғызстан, ОАР, Канада, Германия, Бразилия, Мексика, Австралия да қызықтыратын елдер қатарында. Кейбіреулері тұтас аймақтарды — Африка, Еуропа, Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, ТМД-ны атады. Ойын толық ашып жеткізгендер де болды. «Соңғы он жыл бойы Азиядағы дамушы елдердің өсу қарқыны дамыған нарықтардың өсу қарқынынан көп есе алда болды. Ол жақта ары қарай өсу үшін үлкен потенциал сақталуда. Меніңше, ұзақ мерзімді инвестиция үшін ол өте маңызды фактор. Тек теориялық тұрғыда Вьетнам, Үндістан, Индонезия нарықтарындағы мүмкіндіктерді қарастырар едім. Алайда тәжірибелік жағынан қарасақ, бизнесмен өзі жақсы түсінетін әрі жобаларын бақылау үшін физикалық тұрғыдан өзі бара алатын нарықтарға қаражат құюы керек. Бұл жағынан Азия нарықтары мен үшін тым алыс, сондықтан бұрынғы КСРО мен Таяу Шығыс нарықтарына қараймын» деді рейтинг қатысушысының бірі.

Екі респондент геосаяси тұрақсыздыққа байланысты шетелдік инвестиция үшін нақты елдерді көріп тұрғанымыз жоқ деді. «Әзірге қоя тұрамын. Қайда көз салсаң да тыныш емес» деді олардың бірі.

Сұралғандардың жартысына жуығы (48%) бизнестің мейлінше перспективалық бағыты ретінде ІТ-секторды атады, кейбірі оның ішінде киберқауіпсіздік саласы мен жасанды интеллектіні ерекше тартымды көреді. Екінші орында (29%) — пайдалы қазба өндірісі, оның ішінде сирек жер және түсті металдар бар, үшінші орында (24%) — денсаулық сақтау. Олардан бөлек агросектор, FMCG, білім беру, металлургия, химия өнеркәсібі, қаржы, жаңғырмалы энергия және электрмобильге басымдық беретін автоөнеркәсіп салалары да аталды.

Криптонарыққа сұралғандардың үштен бірінен азы инвестиция салған (24%). Бірақ ол портфельдеріндегі үлестің аз бөлігі ғана екенін атап өтеді. Мұны біреулер тәжірибе алу үшін, екіншілері нарықтан қалмау үшін жасайды. Цифрлық валютаның ары қарай да дамитынына шүбә келтірмейтіндердің өзі бұған портфелінен 5%-дан аспайтын көлемде ғана салып отыр. Көпшілігі криптовлютаның тәуекелдері тым көп деп отыр, ол мүлде қамтамасыз етілмеген актив әрі оны түрлі елдерде реттейтін нақты ережелердің, ортақ көзқарастың болмауынан болашақта белгісіздігі жоғары деп есептейді. Кейбіреулер ұстанымдарына байланысты ұрынбайтынын алға тартты: «Ішімде «керегі не?» деген сұрақ бар. Онымен тек ақша үшін ғана айналысам ба? Қызық емес. Оның үстіне, майнинг — энергияны көп шығындайтын процесс»; «Криптонарық — қызық инвестициялық нысан, бірақ қазіргі кездегі технологияларды оңтайландыру үшін жекелеген өнімдер түрінде ғана. Криптовалютаға инвестиция салу нарықтық құбылмалылық жағынан да, реттеушілік тәуекел тұрғысынан да күмәнді сала болып көрінеді». Кейбірі өзін бұл салада біліксізбін деп есептегендіктен де криптоға инвестиция салмайды, бірақ трендтерді бақылап отыр: «Мен майнинг, сауда, есеп инфрақұрылымы деген салалардағы өсу мен құлдырауды қызығушылықпен бақылаймын. Криптовалютамен есептесу бизнес үшін қалыпты бола қоймағаны анық, олай болу үшін де көп нәрсе өзгеру керек деп ойлаймын».

Респонденттердің басым көпшілігі (67%) өз бизнестерінің дамуы үшін ең үлкен қауіп-­қатерлерді үкіметтің әлсіздігімен, құзырсыздығымен, әрекетін болжауға келмейтіндігімен байланыстырады. Бұл қауіп-қатер тіпті инфляция (57%) және Украинадағы соғыспен байланысты белгісіздіктен де (52%) асып түсті. «Үкімет қабылдайтын шешімдер мезеттік нәтижеге жету қажеттілігінен ғана туындайтыны сирек емес, оның ұзақ мерзімді перспективада экономикаға қаншалықты әсер ететіні бағаланбайды» деді респонденттердің бірі. Тағы бір кәсіпкер бизнестің дамуын тежеп тұрған басты мәселе — қымбат несие екеніне сенімді.

Топ‑50 қатысушыларының көпшілігі Қазақстанның стратегиялық серіктесі ретінде ұжымдық Батысты атады (43%). Екінші орында — Түркия (33%), үшінші орында — Қытай (29%), ОА елдері сәл ғана артта қалып келеді — (24%). Ресей ең соңғы орында — 10%. «Қытай мен ОА елдері — сауда-­эко-номикалық байланысы жағынан, Түркия әскери ынтымақтастық, ал ұжымдық Батыс инвестиция және технология трансфері тұрғысынан» деп түсіндіреді өз таңдауын жауап бергендердің бірі.

Бір қызығы, біздің одақтастарымыз жоқ және барлық серіктес одақтасымыз болады дегендердің саны тең түсті (19%). «Жағымсыз жаңалық — одақтасымыз жоқ, жақсысы — дұшпанымыз да жоқ» дейді бір респондент. «Қазақстан өзіне стратегиялық одақтастар ретінде қолдау іздемеуі керек. Біз мүддемізді ғана ойлайтын дербес әрі өзімізді өзіміз қамтамасыз ете алатын мемлекет құрып, мықты болуымыз керек, сонда көршілеріміз бізбен стратегиялық одақтас болуға өздері қызығады» деп сенім білдірді екіншісі. Бәрін одақтас ретінде қарайтындар өз ойын Қазақстанның географиялық және саяси жағдайымен түсіндіреді. «Бақытқа орай, Қазақстан соңғы отыз жылда ақылға қонымды саясат жүргізді. Біз басқаларына қарағанда Ресейден кейін Батыстан көбірек тікелей инвестиция тарта алдық, есесіне Ресей және Қытаймен қарым-­қатынасымызды сақтап жақсарттық. ОА-дағы көршілерімізбен ұрысқан жоқпыз. Қазір осы саясатты жалғастырудан басқа артық нәрсені ойлап табудың өзі қиын. Өкінішке қарай, әлемде қақтығыс жүріп жатыр, мұндай кезде бейтарап болу барған сайын қиындай түсуде, — деп ойын білдірді топ‑50 қатысушысы. — Ресей мен Батыс арасындағы қақтығыстың бізге қатысы жоқ, қай тарапты қолдап аралассақ та, бізге тек қиындық әкеледі. Басты стратегиялық одақтасымыз — тәуелсіздік алғалы бері бізбен келе жатқан ақыл-парасат бола берсін деп тілеймін. Біз ұрпақ алдында тәуелсіздігіміз бен бейтараптығымызды сақтап қалуға міндеттіміз». «Қазақстан теңізге шыға алмайтын, бірақ көрші елдермен ең ұзын шекарасы бар транзиттік ел ретінде көпвекторлы, әбден ақылға салынған саясатты ұстанғаны дұрыс. Біз қақтығыстар мен блоктардан тыс болуымыз керек, осы транзиттікті бизнес және мәдени тұрғыдан жүзеге асыруға жақсы мүмкіндігіміз бар» деп келісті екіншісі.

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Как сеть клиник «Diaverum Казахстан» за восемь лет выросла в шесть раз »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

КОСНЁТСЯ ВСЕХ! КАК СДАТЬ ДЕКЛАРАЦИЮ В КАЗАХСТАНЕ

Смотреть на Youtube

Алишер Еликбаев — о репутации, олигархах, доходах в кризис, провалах в бизнесе

Смотреть на Youtube

Нуртас Адамбай: ислам - решение всех проблем?

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить