Бізге күнделікті мыңдаған адам келіп жатады. Оларға қызмет көрсету барысында елдегі экономикалық дағдарысты біз анық сезіндік. Карантин мейрамхана бизнесін әбден әлсіретіп тастады, бүгінде біз жойылуға шақ қалдық.
Негізі, қоғамдық тамақтану жүйесінде қазір 8 сегмент бар. Олар: мейрамханалар, асханалар, кафелер, клубтар, караоке, бар, банкет залдары, боулингтер. Пандемияға дейін бұл сегменттерде Қазақстан халқының 10%-ы жұмыс істеді. Оның сыртында, мейрамхана индустриясына тікелей қатысы бар ілеспе бизнестер де аз емес, мысалға, агросала, ивент агенттіктер, азық-түлік және құрал-жабдық жеткізушілер, тігін цехтары, құрылыс бригадалары, құрал-жабдыққа қызмет көрсетушілер, т.т.
Әрине, мейрамхана бизнесінің тиімділік көрсеткішін мұнай саласымен, жалпы, шикізат саласымен салыстыра алмаймыз: біздің саланың ел бюджетіне қосар үлесі олардан әлдеқайда аз. Олай болса, мемлекет үшін біз артықшылығы бар мүдделі сала емеспіз. Дегенмен, мейрамхана индустриясы ашып берген жұмыс орындарының саны орасан зор және де біздің қызметкерлердің басым бөлігі халықтың аз қамтылған санатына жатады: көбінде профильдік білімі, тұрақты баспанасы жоқ.
ҚР телемедицина мен жасанды интеллекттің дамуы қалай тежеліп келеді
Халықаралық агенттіктердің ақпараты бойынша, 2019 жылы денсаулық сақтаудағы... →
Индустрия 8 сегментке бөлінеді, бірақ бәрімізге тән ортақ қағида бар, ол – қоғамдық тамақтану миссиясын орындау. Сегменттердің әрқайсысы өз қызметін бизнестегі ұстанымына сай ұйымдастырады, ол, айталық, жұмыс режимінің басталуынан, өзінің мақсатты аудиториясын қалыптастыруға дейін әртүрлі. Бұл арада сегмент ұсынатын тағам ассортименті мен маркетинг саясаты да бір-бірінен өзгеше. Сондықтан да төтенше жағдай барысында қоғамдық тамақтану мекемелерінің тек 25%-ы ғана тағам жеткізу қызметін дұрыс-тап ұйымдастыра алды. Ал мұндай қызметі қалыптаспаған жобалар агрегатор қызметіне жүгініп, соңында өз шығындарын жаба алмады. Карантиннен кейінгі кезеңде сала ішіндегі мекемелердің 20%-ы қайтып ашылған жоқ. Шамамен 5%-ы қазір жаңа жоба ұсынып отыр, ал 15%-ы ребрендинг жасағанды дұрыс көрді.
Биылғы жылдың наурызына дейін жұмыс істеп келген мейрамхана бизнесіндегі мекемелердің бүгінде 40%-дайы банкрот деп жариялануда. Пандемия созылғалы жеті ай. Бизнесті сақтап қалу мақсатында біз барлық шығындарды оңтайландыруға көштік: мекеме ғимаратының иелерінен жалға беру құнын төмендетуді сұраудан бастап, қызметкерлер санын 50% қысқартуға дейін. Ал штатта қалғандар бір айғы жалақының жартысына жұмыс істеуге келісіп отыр. Пандемия аясында қоғамдық тамақтану саласында бұрын-соңды болмаған жаңа талпыныс көрініс берді: кешегі бәсекелестер бір-біріне қол ұшын беріп, жұмыла түсті. Карантин кезіндегі қиындықтарға қарамастан дәрігерлерге де бірлесіп қолдау көрсеттік.
Қазір мейрамханаларда қонақтарды отырғызу орны 30-дан аспауы тиіс, бірақ бұл арада аумақ көрсеткіші, алаң ерекшелігі мүлдем ескерілмеген. Ауқымды алаңы бар мейрамханалар өз шығындарын жаба алмай әлек. Ал ғимарат иелері жалға беру құқын толығымен талап етуде: мейрамхана өз жұмысын бастады, енді төлем мүмкіндігі бар деп есептейді олар.
Банк жүйесіндегі депозиттер 10 айда 3 трлн теңгеге өсіп
10 айдағы депозиттердің динамикасы туралы ҚҰБ ақша-кредит саясаты департаме... →
Сыртқы жарнама мен ішімдік лицензиясына салынатын салықтар мекеме жұмыс істесе де, істемесе де төленуі тиіс. Төлем жасалынбаса айыппұл салынып, есепшоттар тұтқындалады. Санитарлық талаптарға орай көптеген жаңа шығындар туындауда, ал жұмыс уақытын үш сағатқа қысқарту (бұрынғы 01:00-ден 22:00-дейін) барысында тауар айналымы 35%-ға дейін қысқарды. Мейрамхана бизнесі бойынша біз соңғы клиентке дейін қызмет көрсетуіміз керек. Артынша мекеме ішінің әр қуысын толық тазартып, жинау қажет. Бұл үшін кем дегенде 40–60 минут кетеді. Егер кешкі ондарда мейрамханада қызметкерлер жүрсе, бірден айыппұл салынады және де айыппұл сомасы ірі мейрамханаға да шағын кофейня үшін де бірдей.
Өкінішке қарай, алдағы уақытта біз табысқа үміт арта алмаймыз, ал наурызға дейінгі деңгейге жетуі үшін үш жылдай уақыт қажет. Егер мемлекет тарапынан түсіністік болмаса, отандық мейрамхана бизнесі құрдымға кетуі әбден мүмкін.