Мықты болудан басқа жол жоқ

Автор: Арманжан Байтасов
бизнесмен, издатель Forbes Kazakhstan

Енді біз қоғам ретінде Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай дамығанына зейін қоюымыз керек

Бүгінде біз Жаңа Қазақ-станды құрып жатырмыз. Саяси өзгерістер жалғасын тауып жатыр, бірақ басты саяси реформалар парламент мәжілісі және мәслихаттардың депутаттарын сайлаумен өз мәресіне жетті. Жаңа Үкіметтің құрамы бекітілді. Енді біз қоғам ретінде Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сай дамығанына зейін қоюымыз керек.

Адам бірінші кезекте күнделікті тұрмыс-­тіршілігін ойлайды. Қоғам да экономика саласындағы өзгерістерді талап етеді. Менің ойымша, Қазақстанға бұдан бөлек екі салаға ерекше мән беру керек. Ең алдымен, бұл — еліміздің қорғаныс қабілеті. Сыртқы тәуекелдерге байланысты еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жіті бақылауды талап ететін ең басты превентивтік шараға айналды. Жылдам өзгеріп жатқан мына жаңа әлемде мықты әрі өз аумақтық тұтастығың мен егемендігіңді қорғауға дайын болуың керек. Қазақстанға ары қарай дамып, жетілу үшін бейбітшілік қажет. Сондықтан әрбір қазақстандық өзін қауіпсіздікте сезіне алуы үшін жаңа әскери доктрина туралы көбірек айтуымыз керек.

Екінші маңызды пункт — білім беру. Жаһанда адами капитал ең құнды ресурсқа айналды. Білімді адамды априори дәулетті адам деп есептей беруге болады. Baitassov Live YouTube-арнамда ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбекпен сұхбаттасқанда еліміздің білім беру саласын экономикалық тұрғыдан пайда әкелетіндей ете алатын тарихи мүмкіндіктің туып тұрғанына көзім жетті. Қазақстанды сапалы жоғары білім алуға болатын, профессорлар мен басқа оқытушы кадрлар магниттей тартылатын орталыққа айналдыруға болады.

Тарихтан білетініміздей, қазақ даласында әрдайым ағартушылық рухы үстемдік еткен. Біз үнемі балаларымызға сапалы білім беруге ұмтылдық. Сондықтан да Қазақ-стан адами капиталдың дамуы жағынан индексі өте жоғары елдердің қатарына кіреді. Мемлекетіміз қазірдің өзінде көптеген шараларды қолға алып, университеттердің дамуына түрткі болатын бағдарламаларды іске қосып жатыр. Егер инвестициялық саясатты дұрыс жүргізіп, бизнес үшін ыңғайлы жағдай жасасақ, білім беру мекемелері тұтас аймақтар үшін экономикалық өсімнің драйверіне әрі нағыз тартылыс орталықтарына айналады.

Азия елдеріндегі халық санының өсуі, әскери қақтығыстар, ғаламшарымыздың әртүрлі аймақтарындағы тұрақсыздық — мұның бәрі жоғарғы оқу орындарымыз үшін өзін халықаралық аренада танытуға жол ашатын тарихи мүмкіндік факторлары. Бұл жерде ел ішіндегі халық санының өсуін де атап өтуге болады. Қазақстанда жыл сайын 500 мың бала дүниеге келеді. Олар болашақта мектеп, колледждер мен университеттерге барады. Мемлекетіміз әрбір азаматтың білім алуына кепілдік береді, демек бұл саланы қаржыландыру көлемі де өсе бермек. Егер Қазақстандағы білімнің сапасы мен еліміздің көпшілік ЖОО-ларының дипломдары бүкіл әлемде мойындалатын болса, ол сарқылмайтын табыс көзіне де айналады. Шикізат экономикасынан бас тартып, жер қойнауынан пайдалы қазбалар қазып күн көруді доғаратын кез де келіп жетті. Шикізат сарқылады, ал білім болса — мәңгілік. Қазақстандық білімнің деңгейі жоғарылаған сайын, шетелдік студенттер де бізге көбірек келе бастайды, демек елімізге тұрақты валюта да көбірек ағыла түспек.

Кейбіреулер білім беру саласындағы көптеген реформалар жылдам нәтиже бермейді деп есептейді. Бұл жерде уәж айту қиын. Тек уақыт көрсетеді. Бір нәрсеге көзім анық жетеді: Қазақстан ішкі шаруаларын асықпай реттей беру үшін бізге бейбітшілік пен тыныштық керек. Біз — жас мемлекетпіз, қателікке бой алдырып, сүрінсек те, өз жолымызды өзіміз жүріп өтуіміз қажет. Маңызды саналатын саяси, экономикалық реформалардан бөлек, жоғарыда айтқан қорғаныс және білім беру саласына назар аударсақ игі. Көптеген мәселені реттеуде дипломатияның өзі қауқарсыз болатын жағдайға жеттік дегеннің өзін санамен қабылдау оңайға соқпайды. Сондықтан бұл жаһанда аман қалу үшін республикамыз физикалық һәм зияткерлік тұрғыдан мықты болуға тиіс.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
31018 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
22 декабря родились
генеральный секретарь Казахстанской федерации футбола
министр внутренних дел РК
Forbes Video

Лилия Рах: Из деревни - к звёздам мировой индустрии моды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить