Басқа да елдердегідей, Қазақстанда сапалы менеджерлер тапшылығы бар. Бұл мәселе әртүрлі қызмет салаларына қатысты, бірақ орта топтағы басқару саласы үшін аса өзекті мәселе. Менеджерлер ұйымдық иерархияның «алтын ортасында» болғанмен, олардың рөлі экономиканың әртүрлі алаңдарындағы ұйымдар мен компаниялардың сәтті жұмыс істеуі үшін аса маңызды.
Қазақстандағы менеджерлердің түрлері қандай? Қызмет аясына байланысты менеджерлерді бірнеше санатқа бөлуге болады. Мәселен, ақпараттық технологиялар саласында product owner, product manager, project manager, scrum master және тағы басқа рөлдер бар. Әр рөлдің өзіндік міндеттері мен құзыреттіліктері болады. Дегенмен барлық қызмет салаларының ішінен біліктілікті арттыруды қажет ететін «жергілікті атқарушы органдары» болып табылатын мемлекеттік мекемелердегі менеджерлердің рөлін айрықша атап өткен жөн – бұл жергілікті деңгейде мемлекеттік ресурстарды басқару жүйесіндегі маңызды буын. Жергілікті атқарушы органдардағы менеджерлер аймақтық деңгейде мемлекет пен халық және бизнестің өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Бұл салада жылына бір рет біліктілікті арттыру бойынша курстардан өту жеткіліксіз.
Мемлекет пен бизнес арасында теңдей серіктестік болуы мүмкін бе?
Кәсіпкерлік ел дамуының негізгі серпіні деген пікір қоғам санасында барған ... →
Неліктен орта топтағы менеджерлер маңызды? Ақырғы қолданушылар мен бизнеске қажетті бастапқы деректерді айқындай білетін менеджерлердің рөлі айрықша. Олардың құзыреттілігі мен кәсібилігі деректер мен жинақталған тәжірибемен байланысты барлық шешімдердің даму бағытына ықпал етеді. Менеджерлердің, соның ішінде ЖАО-дағы менеджерлердің маңызды функцияларына: әлеуметтік және экономикалық дамуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру; клиенттердің қажеттіліктері және мәселелер туралы деректерді жинау мен талдау; өз деңгейінде шешімдердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау; менеджментке қатысты мәселелер болып жатады.
Менеджер рөлінің маңыздылығына қарамастан, осы салаға қатысты бірқатар мәселелер бар: даярлау мен оқытудың жетіспеушілігі – осы саладағы менеджерлерге өз міндеттемелерін тиімді орындау үшін қажетті білім мен дағдылардың жетіспеушілігі жиі орын алады. Менеджерлерді даярлауға бағытталған курстар мен білім беру бағдарламалары әлі де жақсартуды талап етеді. Курстардан өту жиілігі аз. Стандарттар мен методологияның жоқтығы: тапсырмаларды орындау мен ақпарат алмасуда біріңғай тәсілдемені қамтамасыз ету үшін осы саладағы менеджерлер үшін стандарттар мен методологияны әзірлеу қажет. Ынталандыру жүйесі: ЖАО-дағы, сондай-ақ, басқа да салалардағы менеджерлерде ынталандыру бағдарламаларына қол жеткізе бермейді – бұл олардың нәтижеліліктерін және жұмысқа берілгендіктерін төмендетуі мүмкін. Ресурстарды басқарудағы қиындықтар: бюджетті және басқа да ресурстарды басқару, әсіресе шектеулі бюджет қаражаттарын басқару қиын болуы мүмкін.
Ұлтаралық тілге сеніп, халықаралық тілден қалыс қалмаңыз
Әлем елдеріндегі ағылшын тілін меңгеру деңгейін сарапқа салған халықаралық ... →
Жоғарыда атап өткен мәселелерді шешу үшін келесі қадамдарды жүзеге асыру керек: кадрларды даярлау – менеджерлерді жұмыс ерекшелігіне бағыттап даярлау және білім беру жүйесін дамыту.
Ашықтық пен айқындық: қызметкерлердің пікірлері мен ұсыныстары назарға алынатынын сезіну үшін басшылықпен одан да ашық және айқын әрекеттістіктің орнатылуын қамтамасыз ету.
Ынталандыру жүйесі: дарынды мамандарды тарту мен ұстап қалу үшін ынталандыру жүйесін әзірлеу. Заңнамаларды жетілдіру: жергілікті атқарушы органдарының жұмысы одан әрі тиімді болуы үшін олардың жұмысын реттейтін заңнамаларды жетілдіру мүмкіндігін қарастыру.
Қорытындылай келе, менеджерлер мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда маңызды рөл атқарады. Нәтижелі және әдептілікке негізделген басқаруды қамтамасыз ету үшін осы саладағы кадрларды даярлау және дамыту керек.
Менеджерлерді даярлау мен дамытуға инвестиция жұмсау қабылданатын шешімдердің сапасын жақсартуға және қоғам мен бизнес арасындағы одан әрі тиімді әрекеттестікті қамтамасыз етуге, әрі елдің тұрақты дамуына септігін тигізеді.