На правах рекламы

Қазақстанның сыртқы қарызы. Біз кімге қарызбыз?

12953

Қазақстан халқын толғандыратын басты мәселелердің бірі – осы «сыртқы қарыз» деген ұғым

Фото: © pixabay.com/Alllia

«Қазақстанның әр азаматы шетелге 8 мың доллар қарыз» деген жазбалар да әлеуметтік желіде өріп жүр. Мәселенің байыбына бара бермейтін қарапайым жұрт одан үлкен проблема жасауға, шу шығаруға ұмтылып тұрады. Әсілінде, олай емес.

Қазақстанда «сыртқы қарыз» және «мемлекеттік борыш» деген екі ұғым бар. Мемлекет осы қарыздың тек екінші түріне, яғни мемлекеттік борышқа жауап береді. Біздің нақты қарызымыз – сол. Сондықтан «әр азамат сыртқа бәленбай доллар қарыз» деген пікірлер шындыққа жанаспайды. Және соны тереңірек түсіндіріп көрсек дейміз.

Сыртқы қарыз

«Сыртқы қарыз» деген ұғымға елімізге кірген барлық инвестициялар, фирмааралық ақша қатынастары, біздегі шетелдік компаниялар бас кеңселерінің Қазақстандағы филиалдарына жіберген қаржысы, үкімет пен квазимемлекеттік компаниялар алған қарыз – бәрі кіреді. Ол: «біз – мемлекет пен халық қарыз дегенді білдіре ме?» Әлбетте, жоқ. Біз тек оның ішіндегі мемлекеттік қарыз дегенге жауап береміз. Ал қалғанына алаңдамай-ақ қойса болады.

Биылғы жылдың 1 шілдесіне қарағанда, біздің сыртқы қарызымыз 161,8 миллиард доллар болды. Оның 131,8 миллиарды жеке компаниялар мен фирмаларға, инвестицияларға тиісілі. Тек 30 миллиард доллардың ішінде сіз бен бізге қатысты қарыздар бар.

Осы 30 миллиард доллар мемлекеттің қатысы бар сыртқы қарыздарға жатады. Ол да ішінен бірнеше жікке бөлінеді. Оның ішінен Үкімет алған сыртқы қарыз – 14,7 млрд доллар, мемлекет бақылауындағы банктер мен қаржылық ұйымдардың сыртқы қарызы – 15,3 млрд доллар.

Бір қызығы, қарыз тек сыртқы қарыздан құралмайды. Үкімет алған ішкі қарыз да бар. Осы Үкімет алған ішкі, сыртқы қарыздар қосылып, ол Мемлекеттік борыш деп аталады.

Мемлекеттік борыш

Биылғы жылдың 1 шілдесінде мемлекеттік борыш көлемі 28,5 трлн теңге болды. Біздің ішкі жалпы өніміміз 118,3 триллион теңге деп есептесек, борыш ІЖӨ-нің 24,1 пайызын құрайды. Әлемдегі методика бойынша, бұл қауіпсіз деп есептеледі. Ал біздің Бюджеттік Кодекс бойынша мемлекеттік қарыз деңгейі ішкі жалпы өнімнің 30 пайызынан асып кетпеуі керек.

Осы 28,5 триллион теңгенің ішінен 7,5 триллион теңгесі ғана сыртқы қарыз. Ал қалғанының барлығы ішкі қарыз болып есептеледі. Ішкі қарыз біз үшін қауіпсіз. Себебі ол теңгемен берілген. Үкімет алған ішкі қарыз 17 триллион теңгеге жетті. Ішкі қарызды Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасына мемлекеттік құнды қағаздар, яғни Қаржымин облигацияларын орналастыру арқылы алады.

Мемлекеттік облигацияларды нарық ойыншылары, банктер, сақтандыру компаниялары алып отырады. Себебі, оның қайтуына 100% кепілдік берілген және кірістілігі өте жақсы. Облигациялар арқылы алған қарызды Үкімет бюджет дефицитін жабуға жұмсайды. Әрі, осы құрал арқылы мемлекеттік құнды қағаздар нарығының дамуына көмектеседі.

Қалған ішкі қарыздарды өз ноталарын аукционда сататын Ұлттық Банк пен облигацияларын нарыққа шығаратын жергілікті әкімдіктер алған.

Сыртқы қарыз туралы және біз бақылауымыз керек негізгі мәселе – мемлекеттік борыш екенін түсінген кезде, «біз шетелге басыбайлы қарызбыз» деген алып-қашпа әңгімелерге көп сене бермейтін боласыз.

Сосын, арагідік сыртқы қарыз статистикасын қарап отыруға болады. Ол ақпарат Ұлттық банктің сайтында үнемі жаңарып тұрады.

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Как сеть клиник «Diaverum Казахстан» за восемь лет выросла в шесть раз »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Как ведет свой бизнес Баян Алагузова?

Смотреть на Youtube

Алишер Еликбаев — о репутации, олигархах, доходах в кризис, провалах в бизнесе

Смотреть на Youtube

Глава банка ВТБ (Казахстан) — об уроках пандемии, развитии финтеха и конкуренции с необанками

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить