Қор нарығында біртіндеп теңгелік активтерге деген сұраныс байқалуда

30230

«Жоғары базалық мөлшерлеме және инфляцияның баяулауы теңгелік активтерге сұранысты ынталандырады» деп мәлімдейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ)

ФОТО: © Depositphotos.com/MaxZolotukhin

ҚҚҚ талдау орталығы 2023 жылдың І тоқсанындағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына шолуын ұсынады.

Кезеңнің негізгі тенденциялары

2023 жылдың І тоқсанында KASE индексі 3,1%-ға, ал AIXQI 1,0%-ға өсті.

Тәуекел көрсеткішінің біртіндеп қалыпқа келуі 2022 жылы индекстердің екі таңбалы төмендеуінен кейін мөлшерлемелердің жаһандық өсу циклінің аяқталуын, компаниялардың тартымды қаржылық нәтижелерін, алдағы дивидендтік төлемдерді және тартымды сатып алу бағаларын күту арқылы болуы мүмкін (KASE индексі 12%-ға төмендеді, AIXQI 15% жоғалтты).

Бірінші тоқсанда инвесторлар арасында ең үлкен сұранысқа үш ірі банктің: Халық банкінің (+8,2%), Kaspi (+4,5%) және ЦКБ (+6,3%) акциялары ие болды. Аталған акцияларға сұраныс оң қаржылық нәтижелермен ынталандырылуы мүмкін. Қаржы институттарының жалпы кірісі 2022 жылы 64%-ға өсті.

Бұл ретте KASE және AIXQI индекстерінің құрылымына енгізілген ҚМГ акциялары  екінші деңгейдегі нарықтағы өтімділігін едәуір арттырды. Мәселен, мұнай өндіруші компания акцияларына KASE*-дегі индекстік акциялармен жасалатын мәмілелердің барлық көлемінің 81%-ы сай келеді (барлығы 55,8 млрд теңге, оның ішінде 45,4 млрд теңге – ҚМГ акциялары).

Қор нарығына деген бөлшек инвесторлардың қызығушылығы жоғары деңгейде сақталды: ағымдағы жылдың үш айында елдегі бөлшек сауда базасы 242 мыңға өсті (өсімнің 53%-ы ОД-ға және 47%-ы AIX CSD-ге тиесілі), 1,3 миллионға дейін. Еске сала кетсек, 2022 жылдың І тоқсанындағы көрсеткіш 103 мыңды құрады.

Екінші деңгейдегі нарықтағы акциялар саудасының жалпы айналымындағы бөлшек сауда үлесі 43,7%-дан 45,8%-ға дейін өсті.

Tәуекелсіз қисық көрсеткіші инверттелген, яғни төңкерілген пішінді сақтап қалды, бірақ бұл қисықтың қысқа бөлігі (2 жылға дейін) базалық мөлшерлеме деңгейіне қарай 45–55 базалық  пунктке өсті, ал оның ұзын учаскедегі көлбеуі (10–20 жыл) 50–100 базалық пунктке өсті, яғни жүйе бойынша жоғары мөлшерлемелердің ұзақ кезеңдік күтулерін көрсетсе керек.

Соған қарамастан, корпоративтік облигацияларды орналастыру көлемі 33 есеге – 378 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанындағы төмен база (11,3 млрд теңге) аясында және Қазақстанның орнықтылық қорының (ҚОҚ) жоғары белсенділігі (жалпы көлемнің үштен бірі) мен микроқаржы ұйымдарының және банктердің жекелеген өкілдерінің жоғары белсенділігі аясында орын алды.

Сонымен қатар, KASE BMY корпоративтік облигациялары нарығының кіріс индикаторы бірінші тоқсанда 108 базалық пунктке өсті (13,73%-ға дейін), бұл, негізінен, ҚОҚ облигацияларының 9 шығарылымының индексін өкілдік тізіміне енгізуге орай мүмкін болды.

Резидент еместердің ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарына салған инвестициясының көлемі 21%-ға, яғни 461 млрд теңгеге дейін өсті, бұл соңғы 9 айдағы максималды деңгей. Сәуір айының бірінші аптасында резидент еместердің ҚР Ұлттық банкінің ноталарына салған салымдарының көлемі 109,4 теңгеден 136,4 млрд теңгеге (+27 млрд теңге) дейін өсті. Осылайша, елдегі жылдық инфляцияның күрт баяулауынан және жоғары базалық мөлшерлеменің сақталуынан кейін теңгелік активтерге сыртқы сұраныстың біртіндеп қалпына келуі байқалуда.

Резюме

Өткен жылы айтарлықтай төмендегеннен кейін еліміздің қор нарығы мөлшерлемелердің жаһандық циклінің аяқталуы мен компаниялардың қаржылық оң нәтижелерін және алдағы дивидендтік төлемдерді күте отырып, біртіндеп қалыпқа келе бастады.

Айта кетейік, индекске кіретін 9 компанияның 7-і елеулі сома төлей алады (Kcell-дің Директорлар кеңесі оларды төлемеуге кеңес берді, ал ЦКБ көптеген жылдар бойы қарапайым акциялар бойынша төлем жасамай келді). Сонымен қатар, АҚШ-тағы инфляцияның тұрақты түрде төмендеуі – тәуекел көрсеткіштері мен теңгелік активтерге деген жаһандық сұранысты одан әрі жақсарту ықтималдығын арттырады.

Сәйкесінше, қор алаңдарының перспективалары жыл басындағыға қарағанда біршама жақсы көрінеді, ал инфляцияның одан әрі төмендеуі мен ақша-несие шарттарының өзгеруі және әлемдік экономикадағы рецессияны болдырмау мүмкіндігі – қалыпқа келтіру динамикасын жеделдетуі мүмкін.

Оның сыртында, нарықтың жекелеген сегменттерінде жоғары шоғырлану байқалады: акциялардың екінші деңгейдегі нарығындағы сауда-саттық көлемінде, корп.облигацияларды орналастыруда, қор нарығын капиталдандырудың салалық құрылымында деген сияқты. Бұл ел экономикасының әлі де болса жеткіліксіз деңгейде диверсификацияланғанын және оны шұғыл трансформациялап, диверсификациялау қажет екендігін көрсетеді, оның ішінде квазимемлекеттік сектордағы компанияларды бәсекелестік ортаға шығаруды жалғастыра отырып та (ағымдағы жылға бірде-бір IPO жоспарланбаған).

Ескеретін жайт, 2020 жылдың басынан бері байқалған нарықтағы бөлшек ойыншылар санының жоғары өсуі баяулауы да ықтимал. Бұған «жоғары база» әсері мен өсу драйверлерінің сарқылуы, сондай-ақ ішкі проинфляциялық тәуекелдердің өсуіне орай жүйеде потенциалды түрде сақталған жоғары ставкалар да әсер етуі мүмкін (инфляциялық күтулерде бюджеттік ынталандыру, ЖЖМ бағасының және коммуналдық қызметтер бойынша тарифтердің өсуі есепке алынбаған).

Сонымен қатар, азаматтардың нақты табыстары айтарлықтай жақсармайынша, қазақстандықтардың қор нарығына қатысу көрсеткіші әлі де төмен болып қала береді.

Возвращайтесь к нам через 4 недели, к публикации готовится материал «Как сеть клиник «Diaverum Казахстан» за восемь лет выросла в шесть раз »

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Dream Team House переезжает в Казахстан?

Смотреть на Youtube

Бейбит Алибеков: как совмещать luxury-жизнь и активную гражданскую позицию?

Смотреть на Youtube

Ержан Есимханов — о январских событиях, коррупции и неравенстве

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить