Сақтандыру нарығы елдегі қаржылық сауаттылықтың артуына үміт етуде

32338

2023 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда жан басына шаққандағы сақтандыру сыйлықақысы 68,5 АҚШ долларын құраған

ФОТО: © pixabay.com

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы 2023 жылдың бірінші жарты жылдығындағы Қазақстанның жалпы сақтандыру нарығындағы жағдайға қатысты өз шолуын жария етті.

Нарықтағы негізгі көрсеткіштер

Сарапшы қауым алға тартқан деректерге сүйенсек, биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша, еліміздің жалпы сақтандыру нарығындағы негізгі көрсеткіштер біршама жоғары болғанын байқай аламыз. Бұған, сірә, ішкі және сыртқы макроэкономикалық жағдайлардың тұрақтала бастағаны әсер етсе керек.

ҚҚҚ сарапшыларының дерегінше, 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында отандық жалпы сақтандыру нарығындағы компаниялардың активтері 15,9%-ға, яғни 1 329,1 млрд теңгеге дейін өскен. Бұл сақтандыру нарығының 56,4%-ын құрайтын көрсеткіш. Айта кетейік, 2022 жылдың алғашқы алты айында бұл нарықтағы өсім көрсеткіші +8,3% деңгейінде болатын.

Биыл өсу көрсеткіші, негізінен, бағалы қағаздар түріндегі активтер (+5,7%) мен банк салымдарының (+64,1%) ұлғаюына қатысты және сақтандыру активі (+71,9%) бойынша күтілетін ақша ағындарын бағалауға байланысты мүмкін болды, деп түсіндіреді өз шолуында ҚҚҚ сарапшылары.

Сондай-ақ, олар, сектор бойынша міндеттемелер 21,1%-ға, яғни 522,9 млрд теңгеге дейін өсті, деп отыр (2022 жылдың алғашқы алты айында: +20,8%), бұл, негізінен, РЕПО операцияларының көлемі (+65,3%) мен сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша міндеттемелердің өсуі (+17,4%) және қайта сақтандырушы компаниялармен есеп айырысу ауқымының ұлғаюы (4есе өскен) есебінен орын алған.

«Сала ішіндегі шоғырлану көрсеткіші бірқалыпты (Херфиндаль-Хиршман индексі – 0,2): сектор активтерінің 90%-ы  жалпы сақтандыру нарығындағы 16 ойыншының сегізіне тиесілі», - деп көрсетеді ҚҚҚ сарапшылары өз шолуында.

Олардың айтуынша, салыстырмалы түрде алғанда, қаржы конгломераттарына (S&P) кіретін сақтандыру компаниялары мейлінше аз шығын шығара отырып, барынша белсенді сату арналарына иелік етуде: 2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдайға сай, отандық жалпы сақтандыру нарығының 63%-ын Евразия СК, Халық СК, Freedom Finance Insurance және Jusan Garant компанияларының активтері құраған.

Сектордағы сақтандыру сыйлықақыларының құрамында (2023 жылдың алғашқы алты айындағы көрсеткіш: + 31,5%) бұрынғысынша мүлікті және автокөлікті сақтандыру мен автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (АҚЖ) басым шыққан (65%). ҚҚҚ сарапшыларының дерегінше, биылғы жарты жылдықта бұлардың ауқымы, сәйкесінше, 25,6%, 2,4 есе және 13,3% шамасында өскен.

Бұл арада барлық төлемдердің 72%-ы мүлікті сақтандыру бойынша төлемдерге тура келгенін айта кету керек (2023 жылдың алғашқы алты айында бұл тұрғыдағы төлемдер үлесі 3,8 есе өскен).

Сарапшы қауымның айтуынша, сақтандыру төлемдерінің едәуір өсуінен (+49,5%) отандық жалпы сақтандыру нарығындағы төлемдер мен сыйлықақылардың арақатынасы біршама нашарлап кетіп, 24,3%-ды құраған (2022 жылдың алғашқы алты айындағы көрсеткіш 21,3% болатын).

«Сектор шығындарының өсуі (50,8%) сақтандыру келісімдері бойынша сақтандыру төлемдерінің шығындары (+27,7%) мен қайта сақтандыруға қабылданған келісімдердің шығындарын (2,6 есе) қамтамасыз етті», - деп көрсетеді өз шолуында ҚҚҚ сарапшылары.

Әкімшілік шығындар қысқарып (– 35,7%), сақтандыру қызметінен түскен табыстардың едәуір өсуі (+70,5%) және сыйақы алумен байланысты табыстардың ұлғаюы (+32,5%) отандық жалпы сақтандыру нарығындағы компаниялардың таза пайдасының артуына ықпал еткен: өсім көрсеткіші 22,8% немесе 63,9 млрд теңгеге дейін.

RoAE, яғни орташа өлшенген меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті нарық бойынша 16,6%-ды құраған (2022 жылдың алғашқы алты айында 10,1% болатын). Сарапшы қауым өз шолуында, 2023 жылдың қорытындысына қатысты S&P болжамы 12 –14% шамасында деп көрсетеді.

ҚҚҚ түйіні

Айтқандай, отандық жалпы сақтандыру нарығындағы 2023 жылдың алғашқы алты айындағы жағдайға қатысты шолу қорытындысында ҚҚҚ сарапшылары төмендегідей түйін пікірлерін ұсынады.

Қазақстанда жалпы сақтандыру нарығы белсенді түрде дамып жатқанымен, сұранысқа барынша ие деп, бұрынғысынша, базалық сақтандыру өнімдерін айтуға болады, яғни мүлік пен автокөлікті сақтандыру тұрғысындағы (оның ішінде автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі де бар).

Бұл өнімдерге деген сұраныстың сақталуына автокредиттеу және ипотека сынды жеңілдетілген бағдарламалардың жүзеге асырылуы да қолдау көрсетуде. Сондай-ақ, бұл шаралар сақтандыру сыйлықақыларының ауқымына қатысты ішкі және сыртқы факторлардың әсерін де төмендетіп отырса керек.

Ал сектор ішіндегі сақтандыру төлемдерінің өсуіне мүлікті сақтандыру бойынша төлемдер сомасының артуы (4,1 есе) септік етуде, өз кезегінде, бұл – жекелеген ірі сақтандыру жағдайларына да, жылжымайтын мүлік пен құрылыс материалдарының қымбаттауына да қатысты болуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, таяу келешекте инфляция қысымы төмендей түссе – жалпы сақтандыру нарығындағы компаниялардың залал коэффициенті де жақсаруы тиіс (төлемдердің сыйлықақыларға қатынасы).

2023 жылдың бірінші жарты жылдығында сақтандыру қызметінен түскен табыстардың өсуімен қатар, бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыстар да біршама арта түскен. Бұған ішкі және сыртқы пайыздық мөлшерлемелердің өсуі ықпал етті, деп түсіндірген сарапшы қауым, өз кезегінде, бұл – валютаны қайта бағалаудан түсетін кірістің төмендеуін ішінара өтеп берді дегенді айтады.

Сол сияқты, сарапшылардың пікірінше, онлайн сақтандырудың дамуымен отандық жалпы сақтандыру нарығындағы компаниялардың жалпы және әкімшілік шығындары әрі қарай қысқара бермек.

Айтпақшы, S&P болжамынша, орта мерзімді перспективада сақтандыру команиялары көрсеткіштерінің өсуіне ел ішіндегі қаржылық сауаттылық деңгейінің артуы қолдау көрсете алады. 2023 жылы Қазақстанда жалпы сақтандыру секторында елеулі өсім көрсеткіші орын алады, деп отыр агенттік мамандары (номиналдық тұрғыда 20%-ға, нақты мағынада – 6–8%-ға өсуі ықтимал).

Әйтсе де, ҚҚҚ сарапшыларының айтуынша, Қазақстанның  жалпы сақтандыру нарығындағы компаниялардың макроэкономикалық көрсеткіштері агенттік салыстырған елдердегі көрсеткіштерден әлдеқайда төмен. Атап айтар болсақ, мысалға, 2023 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда жан басына шаққандағы сақтандыру сыйлықақысы 68,5 АҚШ долларын құраған, ал Польша, Колумбия, Чехия сынды бірқатар елдерде бұл көрсеткіш 200 АҚШ долларына тең.

Возвращайтесь к нам через 3 недели, к публикации готовится материал «Mr. Serik Tolbasy Transfers Assets to REIT TSPG»

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Смотреть на Youtube

Декларирование: ответы на вопросы

Смотреть на Youtube

Китайские машины, утильсбор, льготные автокредиты

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить