ҚҚҚ: Сақтандыру өнімдеріне деген сұраныс өсіп келеді

37844

Қазақстанның сақтандыру секторындағы активтердің 90%-на нарық ішіндегі негізгі 16 ойыншының 8-і иелік етіп отыр, деп мәлімдейді ҚҚҚ

Фото: pixabay.com

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы жария еткен кезекті зерттеу қорытындысына сай, 2023 жылы отандық сақтандыру секторындағы негізгі көрсеткіштер жалпы нарық бойынша ұлғайып өскен. Бұған ел ішіндегі іскерлік белсенділік пен ипотека және автокредит нарықтарында жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру септік еткен.

Негізгі тенденциялар

2023 жылы жалпы сақтандыруға негізделген қазақстандық компаниялардың активтері 20,0%-ға: 1 376,4 млрд теңгеге дейін өскен (2022 жылы: +9,4%), бұл – сақтандыру нарығындағы активтердің 55,2%-ын құрайтын көрсеткіш.

Бағалы қағаздар түріндегі активтердің ұлғаю көрсеткіші 12,1%-ды, кері репо операциялары бойынша – 71,5%-ды, орналастырылған салымдар бойынша 29,5%-ды құраған.

Сектор міндеттемелері 25,9%-ға: 543,8 млрд теңгеге дейін өскен (2022 жылы: -4,0%), негізінен орын алған шығындар бойынша міндеттемелер көлемі (+31,6%) мен сақтандырудың қалған бөлігі бойынша міндеттемелердің артуы (+20,6%) есебінен және репо операциялары бойынша (+30,2%).

Сала құрылымында айтарлықтай өзгеріс жоқ – сектор ішіндегі активтердің 90%-на сақтандыру нарығындағы негізгі 16 ойыншының 8-і иелік етіп отыр (Херфиндаль-Хиршман индексі – 0,2).

 

2023 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде жалпы сақтандыруға негізделген компаниялардың өнімдеріне деген сұраныс өсе түскені байқалды: бұл тұрғыда былтыр жасалған келісімдер көрсеткіші 9,0%-ға артқан. Сыйлықақы көлемінің ұлғаюы 30,7%-ды құраған, оның ішінде автокөлікті сақтандыру бойынша сыйлықақы 2,1 есе, мүлікті сақтандыру бойынша – 26,6%-ға, кәсіби жауапкершілік бойынша – 3,0 есе өскен.

2023 жылы сақтандыру компанияларының жиынтық түрдегі сақтандыру төлемдері де ұлғая түскен: олардың көлемі 38,5%-ға, саны 21,4%-ға өскен.

Мұндай динамика мүлікті сақтандыру (+71,6%), көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі/көлік құралдарын сақтандыру (+29,3%) төлемдері, сондай-ақ денсаулыққа қатысты сақтандыру (+31,4%) бойынша төлемдер есебінен қамтамасыз етілген.

Сақтандыру төлемдері мен сыйлықақылардың біршама өсуі есебінен, олардың арақатынасы сақтандыру компаниялары үшін ептеп қана өзгеріп, 31,1%-ды құраған (2022 жылғы көрсеткіш 29,3% болатын).

2023 жылы сақтандыру компанияларының таза кірісі артып (+14,3%), сақтандыру қызметінен түсетін пайданың еселеп өсуіне қолдау көрсетті (+69,0%), бірақ бұл пайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша таза шығындардың өсуі (+48,8) негізінде ішінара тегістеліп, реттелді.

Сектордың табыстылығына бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістердің өсуі де ықпал етті, айта кету керек, бұл жағдай сақтандыру компанияларының еңбекақы төлеу шығындарын қысқартуы аясында (-47,1%) көрініс берді.

Меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (RoE) нарық бойынша 15,9%-ды құрады (2022 жылы: 12,6%), бұл негізінен Халық СК, Freedom Finance және Аmanat компанияларының көрсеткіштері негізінде қамтамасыз етілді.

Жалпылай алғанда, 2024 жылы сақтандыру секторы жаңа өнімдерді дамыту және саланы одан әрі цифрландыру есебінен өсіп, ұлғая береді деп күтілуде.

 

 

Қорытынды

2023 жылдың қорытындысы бойынша, сақтандыру нарығының құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалған жоқ: нарық ішіндегі шоғырлану көрсеткіші бұрынғысынша орташа қалыпты деңгейде қалып отыр, ал оның негізгі кірістілігін мүлікті сақтандыру, көлік құралдарын сақтандыру және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі секілді базалық өнімдер қамтамасыз етуде.

Сол сияқты, нарық ішіндегі негізгі құралдармен қатар, отандық сақтандыру өнімдеріне деген сұранысқа ипотекалық және жеңілдетілген автокредит бағдарламалары да қолдау көрсетуде. Мысалға, былтыр «Отбасы банкі» жалпы сомасы 1,1 трлн теңгені құраған 64,8 мың кредит берген, ал жеңілдетілген автокредит бағдарламасы аясында 2700 автокөлік сатып алуға жалпы сомасы 26 млрд теңгені құрайтын кредит берілген.

Инфляциялық процестердің тұрақты негізде баяулай түскенін ескерсек, 2023 жылғы сақтандыру төлемдерінің ұлғайып өсуі, негізінен сақтандыру төлемдері санының артуымен (+21,4%) байланысты болған, әсіресе, мүлікті сақтандыру және денсаулыққа қатысты сақтандыру сынды ұсыныстар аясында.

Айта кету керек, 2024 жылдан бастап елімізде сақтандырудың барлық міндетті санаттары бойынша сақтандыру талаптарын онлайн реттеумен қатар, көлік құралдарын міндетті сақтандыру аясындағы сақтандыру жағдайларын реттеудің жеңілдетілген тәртібі енгізілді (Еурохаттама). Өз кезегінде бұл сақтандыру төлемдерінің одан әрі өсіп, ұлғаюына септік етуі ықтимал: биылғы қаңтар айының өзінде ғана Еурохаттамаға сай 423 жағдай рәсімделіп, 41,6 млн теңге сомасына 223 сақтандыру төлемі жасалған.

Бұл тұрғыда сақтандыру нарығын одан әрі дамыту әлеуеті барынша сақталуда, әсіресе, ҚР ҚНРДА ұсынған бастамаларды ескерер болсақ. Мысалға, жойқын сипаттағы табиғи зілзалалар орын алар болса, апатты жағдайлардан сақтандыру моделі және соған сәйкес заңнамалық түзетулер әзірленетін болады.

Оның сыртында реттеуші орган қазақстандықтардың хабардарлығын арттырып, келісім жасасу барысында оларға мейлінше ыңғайлы болуы үшін сақтандыру қызметтерінің толық спектрі ескерілген электронды платформаларды (маркетплейстер) дамытуға кіріскелі отыр.

Осылайша, 2024 жылы Қазақстанның сақтандыру нарығында екі таңбалы өсуі көрсеткіші белсенді түрде жалғасуы әбден мүмкін, бұған ел ішінде біртіндеп тұрақтала түскен макроэкономикалық жағдайлар мен қолайлы реттеуші орта және сақтандыру саласындағы цифрландыруды жалғастыру септік етуі тиіс.

Возвращайтесь к нам через 3 недели, к публикации готовится материал «Mr. Serik Tolbasy Transfers Assets to REIT TSPG»

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

Мовчан: Казахстан не может жить идеально, когда в мире проблемы

Смотреть на Youtube

Бахт Ниязов: как живет венчурный инвестор в Казахстане?

Смотреть на Youtube

Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить