Еркін Тәтішев: Болашағымыз үшін соғыста жеңілдік пе?

20346

Қазақстанда соңғы жиырма жылда болмаған ауқымды саяси және экономикалық реформаларды бүгін жүзеге асыруымыз керек

Еркін Тәтішев
Еркін Тәтішев
ФОТО: © Анрей Лунин

Қазір біз тек қана қантөгіс соғыстың куәсі болып отырғанымыз жоқ. Идеология, технологиялар, ресурстар, өнімдер үшін жүретін күресті де соғыс деп айтамыз, адамзат дамуының барлық кезеңінде бұл процесс үздіксіз жүрді. Бұл әрдайым бір адамның бойындағы (қоғамның) таланттар мен дағдылардың екінші адамның (қоғамның) қабілеттеріне қарсы тұруы болып қала бермек. Генерал ма, сарбаз ба, кәсіпкер ме, шенеунік пе, ғалым немесе басқа мамандық иесі ме — еш айырмашылық жоқ. Адам мен қоғамның болашағы, түптеп келгенде, адамның зиятының сапасына, оның дағдылары, таланты, қабілеттері, мінезі мен білімді меңгеруге деген икеміне байланысты. Болашақтағы жеңістеріміз не жеңілістерімізді дәл қазір мектеп пен университет қабырғасында көре аламыз.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2022–23 оқу жылы еліміздегі мектептерге 3,6 млн. бала барды, бұл — рекорд. Олардың 400 мыңы — бірінші сынып оқушылары, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 20 мың балаға артық. Ержан Тәтішев қорына жыл сайын грантқа өтінімдер келіп түседі, біз үміткерлердің сапасы соңғы 15 жылда тұрақты түрде төмендеп бара жатқанын байқадық. Фактілерге сүйеніп, мұның себебін анықтап көрейік.

2018 жылы Қазақстан оқушылардың қабілетін бағалау бағдарламасына (PISA) қатысты. 15 жастағы мектеп оқушыларының математика, жаратылыстану ғылымдары және оқу бойынша үлгерімін анықтайтын осы халықаралық зерттеуді ЭЫДҰ өткізеді.

«Оқушылардың оқу үлгерімі» көрсеткіші бойынша біздің орташа балымыз PISA-ға қатысқан елдер мен экономикалардың арасындағы ең төменгі орындардың қатарында. (387 PISA балы, 68/76 орын).

«Оқушылардың ғылымдағы үлгерімі» көрсеткіші бойынша орташа балл да ең төменгілердің бірі (397 PISA балы, 68/77 орын).

«Teacher's practices» көрсеткішіне келсек, PISA-ға қатысқан басқа елдер мен экономикалармен салыстырғанда оқушыларымыз мұғалімдердің өзін ұстауын білім алудағы кедергі ретінде көбірек қарастырады екен.

Ересектердің біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (PIAAC) бойынша сауаттылық және санай білу деңгейіміздің көрсеткіштері де өте төмен. Қазақ-станнан кейін тек Перу, Эквадор мен Мексика ғана. Зерттеуге сәй-кес, елдегі 55–65 жас аралығындағы буын 25–34 жастағы буынға қарағанда қабілеті жағынан не бірдей, не олардан әлдеқайда жақсырақ. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдері арасында орташа алғанда 25–34 жастағылардың орташа балымен салыстырғанда бірнеше есе төмен. Былай қарасаң, қоғам өміріне атсалысып, экономиканы дамыту үшін жастардың когнитивтік әрі кәсіби дағдыларының деңгейі, керісінше, өте жақсы болу керек қой! Яғни, Қазақстан жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша тек артқа қарай жылжып отыр. Демек, біз бір емес, бірнеше буынды «жоғалтып» алдық.

Сабақтар, ережелер, қоңырау-лар сияқты ұғымдарды қолдана отырып, біз білім берудің 19–20 ғасырларға тән болған, қазір әбден тозығы жеткен индустриялық моделін пайдаланып келеміз. Ол фабрикаларға жұмысшыларды жаппай дайындауға бағытталған еді (Қазақстанда сонша фабрика бар ма, бола ма?). Балаларымызды өз бетінше ойлауға емес, кеңестік білім беру жүйесіндегідей көпшіліктің ырқына көнуді үйретеді. Пәндер де әлі күнге дейін оқшауланып оқытылады, нәтижесінде оқушылар білімдердің өзара байланысы қандай екенін түсінбейді. Барлығын тек жақсы баға алу және тест тапсыру маңызына әкеп тіреп қойған.

Қазіргі білім беру жүйесіне үңіліп қарасақ, оның біз өмір сүріп отырған заман талаптарынан алшақ екенін, сыни ойлау, креативтілік, командада жұмыс істей білу, жазба және ауызша коммуникацияның дағдылары, problem solving икемі сияқты ең маңызды soft skills қабілеттерін дамытпайтынын көреміз. Ең маңызды дағды — өмір бойы біліміңді өз бетіңше ұдайы жетілдіріп отыру.

Қазіргі мектептер оқушыларға өз бетінше ақиқатты іздеуге шабыттандырудың орнына қалай ойлау керек екенін үйретеді. Өкінішке қарай, бұл әдіспен «өскен» балалардың қолында мектеп бітіргенде өмір бойы өз бетінше оқу оқуға көмектесетіндей құралдар болмайды. Ақ пен қараны ажырата білу үшін олар зияткерлік әрі рухани тұрғыдан қаншалықты дайын болып шығып жатыр? Жалпақ тілмен айтсақ, балаларымыз оқу оқу өнерінен басқаның бәрін оқып жатыр.

Статистика бойынша елдегі педагогтардың төрттен бірінің ешқандай біліктілігі жоқ, сонда балаларымыздың болашағы не болады? Бұл ауылға да, қалаға да қатысты. Мұғалімдердің көбісі шенге бас ұру, непотизм, жемқорлық, біліксіздік, келісімпаздық сияқты ескі дерттерге шалдығып қана қоймай, өкінішке қарай, балаларға да жұқтырып жатыр.

Күрт өзгеріс ауыр тимес үшін біраз нәрсені кеше бастап кетуіміз керек еді. Балаларымның әкесі ретінде мен де Архимед сияқты тірек нүктесін тауып, білім беру әдістерін бір қимылмен өзгертіп, болашақ ұрпақты құтқарғым келеді. Бірақ мұның бәрін бір сәтте жасау мүмкін емес екенін түсінемін. 2030 жылға қарай ескі білім беру жүйесінің қателіктерін арқалаған 1 млн азамат елдің нарығына шығады.

Мен қазіргі жүйеге қарсы тұра алатын инновациялық білім беру үлгісін қалыптастырып жатырмын. Балаларды оқытуда Project Based Learning (PBL) әдісін енгіздік, осы арқылы оларды қазіргі және болашақ өмірге дайындаймыз. Мысалы, балалар жобалармен айналысып, қаланың, қоғамның және бизнестің нақты мәселелерін шешеді. Осылайша білімді тек теориядан ғана емес, тәжірибе арқылы да алады. Баланың жеке тұлғасын, оның дербес дамуын білім беру процесінің негізі деп аламыз. Педагогтарымыздың міндеті оларда әлеуметте өмір сүруге көмектесетін дағдыларды қалыптастыру, жылдам әрі агрессивті өзгеріп отыратын қоршаған ортаға бейімдеу. Ал ең бастысы — балаларды бақытты ету әрі дені сау болғанын қадағалау.

Оқу процесіне арналған жаңа әдістемелермен ұдайы жұмыс істеп отырамыз, ол үшін білім берудің жобалық әдісі қолданылады. Ал технологиялар дамып, өмірімізде ChatGPT сияқты новаторлық жүйелер пайда болған сайын, білім беру жүйесі XXI ғасырдың жаңа сынақтарына төзе ала ма деген сұрақ туындайды. Мектеп ашамыз деп жоспарлағанда, ең алдымен өмір бойы үздіксіз білім алуға дайын, біріге жұмыс істеп, кешенді міндеттерді шеше алатын ұрпақты тәрбиелегіміз келді. Ол үшін Қазақстанның жағдайын ескере отырып, финн және америкалық білім беру үлгісін біріктіріп, бірегей оқу бағдарламасын қолдандық.

Қазіргі әлемдегі білім беру жүйесі бейімделгіш немесе, Нассим Талеб жазғандай, «антиморт», яғни хаос, стресс пен тұрақсыздыққа қарамастан өз көрсеткіштерін жақсартып, дамып отыратын жағдайда болуы керек. Бұл үшін мектептер әрдайым тәжірибеге ашық және шынайылыққа жақын болуы қажет. Біз бәріміз ол мектепте оқимыз, әсіресе, мұғалімдер. Мына әлемнің сынақтарымен бетпе-бет келгенде ғана қалай әрекет етуді үйрете аламыз. Мұғалім — білімді таратушы ғана емес, білім беру тәжірибесінің дизайнері. Мектебімізде оқытушы сабақты жоспарлағанда не істейтінін емес, балалардың не істеп, қандай дағдыны меңгеріп шығатынын ойлайды. Яғни сабақ уақытының 80%-ында балалар белсенді жұмыс істейді.

Мұғалімдеріміз нақты ғылымдарды оқытудың жаңа интерактивті әдістерін бөлісу үшін басқа елдердің мамандарымен тәжірибе алмасады. Жаңа әлемнің қиындығы сонда, шаблондар мен дайын жауаптар жоқ, оның орнына мектеп бітірген соң оқушыда қалатын дағдылар бар, біздің міндетіміз — оларды ары қарай дамыту жолдарын ойлап табу. Мақсатымыз — осы әдістерді ел ішінде ілгерілету, себебі біз бір-бірімізге тәуелдіміз, бір үлкен экожүйеде өмір сүреміз. Сондықтан білім мен үздік тәжірибемізді мемлекеттік және жеке мектептермен бөлісуге дайынбыз. Білім беруде бәсекелестік жоқ, өйткені миссиямыз ортақ.

Асығу керек. Жапондардың «жылдам дегеніміз баяу, бірақ үзіліссіз» деген мақалы бар. Фактілерді мойындайықшы. Осындай біліммен балаларымыз болашаққа дайын бола ма? Жұмыссыздық, суцицид өршіп тұрған әлеуметтік тұрақсыздық жағдайында қазіргі буынды жоғалтып алған жоқпыз ба?

Әлеуметтік инновацияларды жүзеге асыру қиынырақ болған үшін де асығуымыз керек. Білім берудегі жүйелі трансформация қазақстандық қоғамның 10–20 жыл жұмыс істеуін талап етеді. Ең бастысы бастап кету және тоқтамау.

Возвращайтесь к нам через 3 недели, к публикации готовится материал «75 богатейших бизнесменов - 2024»

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Forbes Video

АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ

Смотреть на Youtube

Бексултан Казыбек: Aminokka в Disney, BIP House в США, сумасшедшая фанатка и встреча с министром

Смотреть на Youtube

Татьяна Пятина - специалист по BDSM в IT

Смотреть на Youtube

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить