Қарқаралы тауларында жаттығу кезінде құтқарушылар саңырауқұлақ терушіні құтқарды

«Қазспас - 2016» семинар жиыны қарсаңында Қарағанды облысының Қарқаралы шатқалында Астана қаласы Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылар мен кинологтар командасы Қарағанды облысы ТЖ департаменті Жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесімен бірлескен жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығу өткізу барысында бір күн бұрын кешке саңырауқұлақ теруге кеткен егде жастағы әйелдің жоғалуы туралы дабыл қоңырауы түсті. Кинологтар командасы жедел оқиға орынына аттанды.

Саяхатшылық аялдамасына келген бойда, әйел адамның аялдамадан 28-ші шілдеде кешкілік кетіп, оралмағандығы туралы анықталды. Демалыста онымен бірге болған туған-туыстары әжейді өз күштерімен таппақ ниетте қараңғы түскенше шатырлы лагерь аялдамасы айналасындағы орманды және саңырауқұлақ жинауы мүмкін жерлерді аралаған. Туыстарын таба алмаған олар таңертең жергілікті полиция бөліміне хабар берген.

Барлығы Қарқаралы ауданының ТЖ бөлімі, Қарқаралы АІІБ, ОӨАЖҚЖ, Қарағанды қ. ЖҚЖ қызметкерлерінен 25 адам, соның ішінде 5 кинологиялық тобы іздестіруге жұмылдырылды.

ТЖ орынына келіп, толық ақпарат алсымен, кинологиялық топ жұмысқа кіріседі. Орман алқаптары мен тау шатқалдары аймақтарға бөлініп, автономдік режимдегі  кинологиялық есеппен жүзеге асырылды. Қарқаралы тауларындағы көп кездесе бермейтін бедерлер, жапырақты орманға айналған шыңда өсіп кеткен қарағайлары, итмұрын бұталары бар көптеген жіңішке және терең сай–салалар жұмыстың алға жылжуын қиындата түсті. Бұлақтар мен кіші өзендер тас арасы арқылы жол жасап ағып, кіші шатқалдар мен шұқырлар ирелең тор жасайды.

30 шілде күні 17 сағат 30 минутта осындай шатқалдардың бірінен құтқарушылар мейіріммен атап кеткен  «Катя әжей» де табылды.

Қарағанды қаласы Жедел-құтқару жасағының кинологы Ошақбаева Ольга қызметтік ит Никамен бірге терең шатқал түбімен келе жатты, бір кезде ит кенеттен жартасқа өрмелеу мүмкіндігі болмай ұлып, басын көкке көтеріп, одан соң үріп жүгіре бастады.

Тәжірибелі кинолог бірден адам табу мүмкіндігі барын сезеді, бірақ шыңда тұрған Катя әжей екенін тексеру өте қиын болды, себебі 80 жастағы апаның жартасқа өздігіген шығуы мүмкін болмайтындай еді. Бірақ жарты сағаттан соң, шыңға шыққан Ольга қорқыныштан жартасқа жабысып, құлама жардың жас қарағайын ұстап алған егде әйелді тауып алды. Содан кейін белгілі болғандай, әйел адам орманда болжамды жоғалтып, қараңғы түсуі жақындап қалғанын біліп, болжам жасау үшін шатқал шырмауынан жоғары көтерілуге тырысып, өте дұрыс қадамға барған. Алыстан Катя әжей электр тасымалдау сымын көріп қалып, жүруге оңай қою орманы жоқ құздың жоғары бойымен жылжыған. Бірақ күші қалмай, құздың көлденең ойығына құлаған. Сол жерде өзінің орамалымен жарылған басын таңып, түнеген.

Жер мен көктің арасындағы осы ойықта кинолог Ольга Ошақбаева оны тауып алған. Қуанышы қойынына сыймаған әйел адам итті құшақтап жылай берді. Бірақ зейнеткердің үйіне жетуі әлі алыс еді. Зардап шегуші құлағаннан кейін және таста өткізген суық түннен кейін жүруге шамасы келмеді.

ОӨАЖҚЖ құтқарушылары өздірінің кәсіпқойлықтары мен алған білімдерін көрсететін сәт те осы уақытта келіп жетті.  Қарағанды кинологының рация арқылы зардап шегушінің орны жайлы берген ақпаратынан кейін олар көшіругі кірісті. Тез арада оқиға орнына келіп жетті, жоғары өрмелеп шығып, әйел адамды зембілге жақызып алғашқы медициналық көмек көрсетті, оқиға орнынан 4 шақырымдағы жедел жәрдемге жеткізді.

Келесі күні кинологтар мен құтқарушылар Қарқаралы тау алқабында жаттығуларын жалғастырды.

Бұл шақырту ҚР ІІМ ТЖ комитеті құтқарушылары мен кинологтарының өз бөлімшелері арасында ғана емес бірлесе әрекет етудегі үздік реттелген және кәсіби іс-әрекеттерін көрсетті.

 

Қарағанды облысы ТЖД жедел – құтқару жасағы

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1730 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Как в Темиртау пустили Миттала, а не Абилова

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить