Алматыда жас жігіт бейтаныс адамдарға пышақпен шабуылдады, бір адам мерт болды

Алматыда 20 жастағы жігіт өтіп бара жатқан екі адамға себепсіз шабуыл жасаған. Салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы тергеу барысында жедел топ қызметкерлері қылмыстың куәгерін тапты. Ол - қайтыс болған адамның досы. Ер адамның айтуынша, оларға далада қолында екі пышағы бар белгісіз біреу шабуыл жасаған. Сарапшылар көз жұмған адамның денесінде 10-ға жуық пышақ жарақаты барын анықтады. Куәгердің де денесінде өміріне қауіп төндірмейтін бірнеше жарақат болған», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер күдіктіні «ізін суытпай» ұстады.

Ол - 20 жастағы жергілікті тұрғын, тәжірибелі токсикоман болып шықты.

Күдіктінің айтуынша, есірткіден кейін қатты галлюцинация пайда болған. Сөйтіп, алдынан шыққан екі адамға пышақ сұққан.

Ұсталған жас жігіттің бұрын кісі тонау мен ұрлық үшін сотталғаны белгілі болды.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тіркелді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1831 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4046
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
Forbes Video

Почему Байтасов хочет стать акимом Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить