Семейде перинаталды орталықтың жаңа корпусы ашылды

Семей қаласында перинаталды орталықтың жаңа корпусы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа ғимарат Жамақаев көшесі 100/а мекенжайындағы бұрынғы медициналық жедел жәрдем ауруханасының хирургия корпусында ашылды. Мұнда «Жұмыспен қамтудың жол картасы»бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізілген. Бұл мақсатқа мердігер «Байсын-А» ЖШС-ға 713 млн теңге бөлінген. Пациенттерді қабылдау ертеңнен басталады.

«Бұл - болашақ аналарды қабылдайтын мекеме. Мұнда 85 орын қарастырылған. Аса қауіпті жағдайдағы аналар бірінші корпуста болса,ал мында ешқандай потологиясы жоқтар қабылданады. Осы жерде бұрын болмаған орталық зарарсыздандыру бөлімшесі және бак-зертхана ашылды. Облыстық бюджеттен қаржыландыру негізінде ғимарат ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жүкті әйелдің өзі үшін де, оның туыстары үшін де барлық қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Біз науқастарды қабылдап, жұмыс бастауға дайынбыз», - дейді перинаталды орталықтың бас дәрігері Архат Дайырбеков.

Семейдегі перинаталды орталық қала және жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына қызмет көрсетеді. Оның 3 корпусы бар. Біріншісі аса қауіпті топтағы пациенттерді қабылдайды. Ал үшінші корпустың ашылуы осы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1758 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Маргулан Сейсембаев про собственный бизнес, стратегию инвестирования и институте репутации

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить