Ұлытаудағы дала өрті: 3 ауылда Төтенше жағдай жарияланды

Ұлытау ауданының үш ауылдық округінде – Жангелді, Ақтасты, Амангелді – дала табиғи өрттерінен Төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар Жырау, Шет, Нұра аудандары мен Қаражал қаласының аумағында 17 дала өрті тіркелді.

17 дала өртінің 10-ы сөндірілді (оның үшеуі Ұлытау ауданының аумағында, екеуі Бұқар Жырау ауданының аумағында, біреуі Шет ауданында, екеуі Нұра ауданында, біреуі Осакаров ауданында және біреуі Қарқаралы ауданының аумағында).

Жеке құрамды табиғи өрт ошақтарын сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ «МИ-8» тікұшағы жіберілді. Сондай-ақ өрт сөндіру жұмыстарын күшейту үшін Қарағандыдан 40 адам және үш бірлік техника (екі вахтовка және командалық-штабтық машина) шықты. Жаңаарқа кентінен 10 тонналық автоцистерна жіберілді.

«4 шілдеде Ұлытау ауданы Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде 1998 жылы туған ер адамның өртенген денесі табылды. Көз жұмған адам ерікті өрт құрамы қатарында болмаған және дала өрттерін сөндіруге тартылмаған. Оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде», - деді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1992 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Начинали с базара: как Александр Дериглазов с братом построили империю «Меломан»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить