Ақтауда астана күніне орай жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Ақтау қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және астана күніне орай жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7,9 және 12 қабаттан тұратын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген. Салтанатты шараға қатысқан Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай баспаналы болған тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады.

«Мемлекет қолдауының нәтижесінде баспаналы болып, қоныс тойын тойлайтындар саны артып келеді. Өткен аптада Ақтауда 216 отбасы жаңа үйге кіріп, қуанышқа кенелген еді. Міне бүгін Астана күні қарсаңында тағы бір топ тұрғынға пәтер кілтін табыстадық. Мерекемен тұспа-тұс келген қоныс тойларыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігіміз арта берсін»,-деді қала әкімі.

33 шағынауданда орналасқан 670 пәтерден тұратын «Аққу-3» тұрғын үй кешенінің алғашқы бөлігі өткен айда қолданысқа берілген еді. Бұл жолы 227 пәтері табысталды. Үш бөліктен тұратын тұрғын үй кешенінің қалған бөлігін аяқтау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

«Аққу-3» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерге ие болғандар – түрлі санат бойынша Ақтау қаласы әкімдігінде кезекте тұрып, «Отбасы» банкі арқылы байқаудан іріктелгендер. Салтанатты шараға жиналғандар жас отбасы Мейрам Сапарбаевтың жаңа шаңыраңында болып, пәтер ішін аралап көрді.

«Мемлекеттің қол жетімді бағдарламасы арқасында, бүгін біздің отбасымыз үшін қуанышты күн. 5 жылдан астам уақыт жаңа пәтерді күттік. Бүгін мемлекеттік бағдарлама арқылы 3 бөлмелі пәтерге ие болдық. Мемлекеттің жас отбасылар мен өзге де санаттағы азаматтар қолдауы үшін рахмет», - дейді тұрғын.

Қала басшысы Н.Қилыбайдың айтуынша, елімізде қолжетімді баспана мәселесін шешуге айрықша көңіл бөлінуде. Биыл облыс орталығында 86 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл үйлерді Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген бағдарламаларға сәйкес «Отбасы» банкі арқылы алуға мүмкіндік беріледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2214 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Главы крупнейших частных школ Казахстана о том, растет ли качество среднего образования в стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить