Шалғай ауылдарда 2 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді – Алматы облысы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында және Елорда күні мерекесіне орай Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарасу және Үңгіртас ауылдық округтерінде екі жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарасу ауылдық округінің Сарыбай би ауылындағы амбулатория округке қарасты 4 ауылдың 6000-нан астам тұрғынына сапалы медициналық қызмет көрсетеді.

«Бүгін біз ауданымыз үшін маңызды оқиғаның куәсі болдық. Жаңа ауруханада білікті медицина мамандары жұмыс істейтін болады. Енді бұл нысанда ауылдық округ тұрғындары әрдайым уақытылы және сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алады. Себебі, емхана заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған», - деді аудан әкімі Нұрлан Ертас.

Медициналық мекеме бір ауысымда 25 келушіге арналған. Сарыбай би ауылының дәрігерлік амбулаториясында 1 жоғары білімді дәрігер, 6 медбике, 1 акушер және 1 фельдшер жұмыс істейді. Ал бүгін лентасы қиылған Үңгіртас ауылдық амбулаториясында ересектер мен балаларға арналған қабылдау бөлмесі, тіс дәрігері, гинеколог, терапевт кабинеттері, зертхана, таңу, фельдшерлік, акушерлік пункттер және күндізгі стационар бар.

«Жаңа амбулатория заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Мекеме қазіргі уақыттың барлық талаптарына сәйкес.Ұжым 12 қызметкерден тұрады. Ауысымына 35 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. Жалпы ауылдық округте 4590 адам тұрады. Амбулатория дәрігерлері мен медбикелері ем іздеген адамдарға сапалы қызмет көрсететін болады», - деді амбулатория меңгерушісі Бағлан Тобажанова.

Жамбыл ауданында барлығы 54 денсаулық сақтау нысаны бар. Олардың көпшілігі жақын арада толықтай жөндеуден өткен болатын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1811 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3788
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2442
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3196
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Историк Радик Темиргалиев о том, когда казахи стали казахами

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить