Саран қаласында көпбалалы ана «Бастау Бизнес» грантымен ателье ашты

Қарағанды облысында тұратын көпбалалы ана жұмысынан айрылып, өз ісін ашты. Саран қаласының 36 жастағы тұрғыны Оксана Рассказова «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, жарты миллион теңгеге грант алып, өз мақсатына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оксана — тігінші. Пандемияға дейін ол тігін өндірісінде жұмыс істеді, бірақ өткен жазда ол жұмысынан кетуге мәжбүр болды.

«Пандемия басталған кезде мен жұмыстан кетуге мәжбүр болдым, өйткені балаларым барған балабақшалар жабылды. Менде төрт балам бар. Дәл сол кезде танысымнан «Бастау Бизнес» жобасы туралы білдім. Жұмыспен қамту орталығына барып, онлайн оқуға жазылдым. Мен бұрыннан өз ісімді ашқым келді, бірақ несие алуға қорқатынмын. «Бастау бизнестің» арқасында қажетті білім алып, 555 мың теңгеге грант алып, арманымды жүзеге асыра алдым», – дейді Оксана.

Бұл ақшаға әйел стационарлық тігін және тігін машиналарын, бу генераторын, манекен, кесуге арналған үстел сатып алды, бөлмені жалға алып, ателье ашты. Қазір оның тұрақты клиенттері бар. Ательеде ол жалғыз жұмыс істейді, бірақ болашақта өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Әрине, табыс әлі де аз, бірақ мен ренжімеймін. Қазір мен өз есімімді танымал ету мақсатында жұмыс істеп жатырмын, клиенттер маған қайта оралуы үшін. Бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін, Мен ең болмағанда бір көмекшіні жұмысқа алмақшымын», – деп бөлісті бастауыш кәсіпкер.

Осы жылдың алты айында Қарағанды облысында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 1 299 адам өтті. Оның 397-сі шағын несие алса, 550-і қайтарымсыз грант иегері атанды.

«Жарты жыл ішінде жұмыспен қамту шараларымен 20 мыңнан астам адам қамтылды. Оның 17 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға қысқа мерзімді оқытуға облыстың 819 тұрғыны жіберілді», – деп хабарлады Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Биыл Қарағанды облысында жұмыспен қамту шараларымен 76 мыңға жуық тұрғынды қамту жоспарланған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1096 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3884
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2546
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3291
31 января родились
председатель правления ЭСК «KazakhExport»
президент клуба YPO Kazakhstan
посол Казахстана в Армении
посол Казахстана в Румынии
посол Казахстана в Беларуси
Forbes Video

Что будет с банком Bereke?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить