Маңғыстаудағы мейрамханада 300 адамға арнап той жасаған кәсіпкер жазаланды

Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданында орналасқан мейрамханада 300 адамға арналған той тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Той ұйымдастырушылары мониторинг тобының мүшелеріне «келісуді» ұсынған. Мұнайлы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, өңірдегі мейрамханалардың 85% осы ауданда орналасқан. Бүгінде салтанатты мерекелер өткізуге арналған 46 мейрамхана бар. Мәселен кеше мониторингтік топ мүшелері «Baiterek» мейрамханасында той тойлап жатқан қонақтарды үйлеріне қайтарды. 300 адамға арналған үйлену тойы екен.

«Мониторинг тобының жұмысы барысында өзін құзыретті органдардың қызметкері ретінде таныстырған белгілі бір азамат жағдайды шешіп, топ мүшелерімен «келіскісі» келді. Мұны істеу мүмкін болмады. Мейрамхана иесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Материал Мұнайлы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жіберілді», - деді баспасөз қызметі.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
995 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
21 мая родились
Ерболат Досаев
аким Алматы
Forbes Video

Пойдёт ли Мухтар Джакишев в политику?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить