Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президентінен хат келіп түсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Джозеф Байденнен хат келіп түсті. Қазақстан Президентінің атына келген хатта Джозеф Байден Семей ядролық полигонының жабылғанына отыз жыл толуына орай құттықтауын жеткізген, деп хабарлайды Ақорда.

«29 тамыз күні Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай Америка Құрама Штаттарының атынан Қазақстан Республикасының халқына ең ізгі құттықтауымды білдіргім келеді. Америка Құрама Штаттары бұрынғы сынақ полигоны аймағын қалпына келтіру мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Сіздің Үкіметіңізбен арадағы жалғасып жатқан ынтымақтастықты қоса алғанда, Қазақстанмен берік серіктестігін нығайта бермек. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап Семей аймағында әріптестік қарым-қатынаста жұмыстар атқарып келеді», – деп жазды АҚШ Президенті.

Джозеф Байден қауіп-қатерлерді бірлесіп төмендетуге бағытталған Нанн-Лугар бағдарламасы аясында кеңестік ядролық сынақ инфрақұрылымынан қалған мұраны жою жолында Қазақстан мен АҚШ-тың бірігіп жұмыс атқарғанын еске алып, екі елдің достығын атап өтті.

«Америка Құрама Штаттары Сіздің еліңізді дос деп мақтана айтады және мен серіктестігіміздің әлеуетін толық әрі жемісті іске асыру үшін Сізбен жұмыс істеуге дайынмын», – делінген Джозеф Байденнің хатында.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
702 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3883
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2545
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3290
31 января родились
председатель правления ЭСК «KazakhExport»
президент клуба YPO Kazakhstan
посол Казахстана в Армении
посол Казахстана в Румынии
посол Казахстана в Беларуси
Forbes Video

Президент авиакомпании Питер Фостер — о доходах в кризис, новых рейсах и развитии FlyArystan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить